Мол ылғалды әрі жылы субтропиктердің қызыл және басқа топырақтары. ТМД-ның оңтүстік субтропикалык кейбір аудандарында Грузияның батыс жағы мен Қара теніз жағалауларында ерекше топырақтар ұшырасады. Оның себебі бұл аймақтын табиғи жағдайының өзгеше-лігінен. Мұнда жылу мен ылғал мол. Түсетін ылғал мөлшері жылына 1500—3000 мм-ге дейін барады. Ауаның жылдық орташа температурасы 12—16° болса, қыстын ең суык айы каңтарда да 3°. Осындай колайлы жағдай биологиялық тіршіліктің жыл бойына үзіліссіз дамуын қамтамасыз етеді. Ағаш пен шөп түрлері де мол әрі олар баска аймакка қарағанда мұнда жылдам өседі. Өсімдік қалдыктары микроорганизмдердің көптігінен тез ыдырайды. Ауа райы жылы болғандықтан, өсімдіктер, тірі жәндіктер микроорганизмдер жыл бойы өмір сүруін тоқ-татпайды. Тіпті өсімдіктер кыста да гул ашады.
Күннің жылылығы жауын-шашынның мол түсуінен тау жыныстары мейлінше үгіліп, суға катты шайылған. Мұндағы тастар да «шіріп» кеткен секілді. Тіпті катты лауалы тау жыныстарын кейде пышакпен кесуге болады. Жыныстардың күрамында фосфор, күкірт, кремний кышкылдары, кальций, магний, калий, натрий толык шайылып кеткен, топырақ қабатында марганец, темір, алюминий тотыктары мол. Міне, осылар топырақтарға ашык қызғылт түс беріп тұрады. Бұл топырақтарды қызыл топырақтар немесе латериттер деп атайды. Өсімдік калдықтары тез шірігендіктен пайда болған қарашірік, топырақ құрамындағы темірмен қосылып, берік қосылыс құрайды да жауынға шайылмай, топырақта үсталынып қалады, сондықтан да қарашірік мөлшері бұ топырақ-тарда едәуір, оның құнарлылығы да жаксы.
Бұл аймақ ТМД еліміздегі негізгі субтропикалық дақылдар шай, лимон, апельсин, мандарин өсірілетін бірден-бір аудан болып отыр.
Бақылау сұрақтары:
Латериттер дегеніміз не?
Ылғал субтропик ормандарды аймақтардың климаты қанадй?
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.
2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.
3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.
4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.
5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,
6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.
7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957
8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
№24 Тақырып: Өзен жайылмаларының топырақтары.
Дәріс мазмұны: Өзен жайылмалары. Топырақ түзілу жағдайы. Су режимі. Жайылма топырақтарының классификациясы. Жайылмалардың топырақ жамылғысы.
Мақсаты: Өзен жайылмалары топырақтарына, олардың түзілу жағдайларына, классификациясына тоқталу.
Өзен аңғарының тасыған сумен әлсін-әлсін құйылып тұратын бөлігін жайылма деп атайды.
Өзен жайылмасында топырақ пайда болудың жайылма емес территориядан ерекшелігі су жайылу және аллювиадды үрдістердің жүруі. Су жайылу үрдісі деп өзен аңғарының кей жерлерін тасыған су басуды айтады. Жағадан тасып шықкан су топырақ пайда болуыға үлкен әсерін тигізеді. Бұл су, топырактың жер асты және атмосфералық ылғлдануының қосымша көзі. Тасып жайылған су ыза су деңгейінің көтерілуіне климаттың жұмсаруына әсерін тигізеді, сонымен катар топырақтағы микробиологиялық үрдістердің белсеңділігіне және бағытына, өсімдіктер өніміне, тұз құбылымына әсерін тигізеді. .
Аллювиадцы үрдіс деп тасқын сулардың майда бөлшектерді тасымалдап әкелуін, жайылманы шайуын және оның бетіндегі шөгінділерді тасымалдап жинақгауын айтады. (аллювий кабаттарын жинау).
Аллювидің механикалық және химиялық құрамы, оның су жинақгалатын территорияның топырағы мен жыныстарының құрамына, климатының ерекшелігіне, ормаңдылығына байланысты болады. Мәселен, су айырымша кұмды топырақтар мен жыныстардан тұрса жайылымда негізінен құмды жиылымдар жиналады; карбонатты жыныстарда пайда болған құмбалшықты топырақтар болса, карбонатка бай құмбалшықты немесе балшықты шөгінділер жиналады. Егер өзен аңғары ормансыз болса, кар тез еріп, су тасқыны катты болғандықган өзен жайыльшында қүмды және кесек тоңды аллюви жиналады. Ал аңғар ну орманды болса, су тасуы баяу және узақ уақытка созылады, сондықган бұл жағдайда тозаңды және майда бөлшекті аллювий жиналады.
Жайылма территориясы өзен арнасынан алыстығы бойынша үш бөлікке бөлінеді: арна жаны,орталық және террас жаны.
Аллювидің механикалық құрамы жайылмаға келген судың жылдамдығына байланысты. Ағыс жылдамдығы жоғары болса, шөгінділетін бөлшектердің размері кесек болады, ал жылдамдық азайса майда бөлшектер шөгінділене бастайды. Тасып жайылған судың жылдамдығы өзен арнасынан жайылымның алыс жағына қарай азая береді. Сондықган өзен арнасына жақын жерлерде көбінде құмды бөлшектер жинақгалады.
Жайылманың орталық және террас бойы болігінде өзен арнасы жанымен салыстырғанда су жылдамдығы азайғандыктан және тұру мерзімі үзақ болғандыктан негізінен тоңды және майда аллювий жинақталады. Жыл мезгілінің ерекшелігіне байланысты жайылмаға шыккан судың жылдамдығы әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан жайылманың әр жеріндс су жайылып түру мерзімі, жылдамдығы су тасқынына байланысты.Осыған сай аллювиалды шөгіндшерге қатпарлық тән, яғни гранулометриялық құрамы бір калыпты болмайды.
Жайылманың топырақ жамылғысы
Жайылмаға жыл сайын аллювиадды шөгінді түрінде көп мөлшерде қоректік элементгер жинақталады. Құрамында органикалық заттары бар кұмбалшықгы және балшықты жиналымдар кұнарлы шөгіңді болып саналады. Жайылманың негізгі табиғи өсімдіктері шалғынды шөптер болғандықган, топырақ пайда болудың басты үрдісі шымдану.
Шымдану үрдісінің деңгейі аллювиалды шөгінділердің сипатына, гранулометршшық құрамына және қорекгік элементтерге байлығына тікелей байланысты болады.
Сонымен қатар шымдану үрдісінің дамуына жайылманың әр бөлігінде су құбылымының ерекшелігі, топырақ пайда болудың зоналдық жағдайлары және баска да процестердің даму денгейі (тұздану, глейлену т.б.) өз әсерлерін тигізеді.
Жайылмадағы жоғарыдағы топырақ құралу ерекшеліктеріне байланысты аллювиалды топырақтардың келесідей үш тобын бөледі: шымды, шалғынды және батпақты,
Аллювиадды шымды топырақтар жайылма бедерінің жоғарғы элементгерінде ыза су терең орналаскан жағдайда, гранулометриялық кұрамы жеңіл, қатпарлы аллювиде калыптасады. Сондықган бұл топырақгардың кескіні аз жетілген,гумусқа және азотка кедей болады.
Қоректік элементтердің мөлшері аллювиадды шөгінділердің минералогиялық құрамына байланысты әртүрлі деңгейде ауытқуы мүмкін.
Аллювиалды шалғынды топырақтар ыза су деңгейі жақын (1-2 м) жағдайда калыптасады. Көбінде кұмбалшықгы және балшықты аллювиде жайылманың орта бөлігінде, және өзен арнасы бойындағы ойпаң жерлерде орналасады.
Шалғынды топырақтардың кескіні келесідей генетикалық кабаттардан тұады: Ащ- шым қабат, өсімдік тамырына өте бай; А -қара-сұр немесс сұр түсті, дәнді түйіртпекті гумусты кабат; В, -көбіне глейлі (В1д) белгісі бар алмаспалы гумусты қабат; В2 д — глейлі алмаспалы, біртіндеп аллювиалды шөгіндіге (Сд) өтетін қабат.
Шалғынды топырақгар гумуска бай, қалыңдылығы жақсы жетілген, сіңіру сиымдылығы жоғары, қоректік элементгеге бай болады.
Аллювиалды батпакты топырақгар ұзақ уақыт басып жатқан тасыған су немесе атмосфералық жер асты суынан артық ылғалды болған жағдайда пайда болады. Бүл топырақга органикалық затгардың шымтезек түрінде жинақталуы тон.
Органикалық затгардың жиналуы және олардың шірінділену деңгейіне байланысты аллювиалды батпақты топырактар шалғынды-батпақгы, тұнба-шірінді-глейлі- және тұнба шымтезекті деп бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
Өзен жайылмаларындағы топырақ түзілу жағдайықандай?
Өзен жайылмаларындағы су режимі қандай?
Жайылма топырақтарының классификациясы?
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.
2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.
3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.
4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.
5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,
6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.
7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957
8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
№25 Тақырып: Құмдар және құмды топырақтар
Дәріс мазмұны: Құмды топырақтардың шығу тегі мен қасиеттері. Таралуы. Минерологиялық және химиялық құрамы. Құмды топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану.
Мақсаты: Құмды топырақтардың шығу тегіне, қасиеттеріне, минерологиялық және химиялық құрамына тоқталып өту.
Бақылау сұрақтары:
Құмды топырақтардың шығу тегі қандай?
Құмды топырақтардың минерологиялық және химиялық құрамы қандай?
№26 Тақырып: Таулы аудандардың топырақтары.
Дәріс мазмұны: Таулы аудан топырақтарының аумағы. Таулы-тундралы, таулы-шалғын, таулы-шалғынды-далалы,таулы-тайга, сұр таулы-орман, таулы қара топырақтар.
Мақсаты: Таулы аудан топырақтарына, таулы-тундралы, таулы-шалғын, таулы-шалғынды-далалы,таулы-тайга, сұр таулы-орман, таулы қара топырақтарға кеңінен тоқталу.
ТМД елдерінде таулы топырақгар 62,7 млн.га немесе жалпы территорияның 29,5% алып жатыр.
Таулы ауданның топырактарының таралу заңдылыктары В.В.Докучаев ашқан тіктік таралу заңдылығына бағынады. Тіктік зоналдық деп топырактың жердің биіктігіне байланысты алмасуын айтады.
Таулы топырақтардың жіктелуі және диагностикасы
Таулы топырақгар келесідей типтерге бөлінеді: таулы тундралы; таулы шалғынды; таулы шалғынды- далалы; таулы күлгінді және таулы тоңды-тайгалы; таулы тоңды -тайгалы карбонатты; таулы шымды-карбонатты; таулы орманды қоңыр; таулы сор топырақтар; таулы қоңыр; таулы кара топырақгар; таулы кара-қоңыр; таулы боз топырактар; биік таулы шөл топырақтар. ;
Таулы топырақтардың көп типтерінің генетикалық белгілері жазықгық топырақ типтерімен өте ұқсас болады. Бірақ көбіне олар калындылығы аз және қиыршықты құрамы мен бөлектенеді. Ал таулы-шалғынды топырақ типі жазық жерлерде мүлде кездеспейді.
Таулы тундралы топырақтар. Таулардың ең биік мәңгілік кар жататын шекарасының төменгі жағында қалыптасады. Химиялық және биологиялық үгілу үрдісі әлсіз, ал физикалық үгілу белсенді жүреді. Өсімдіктер өсуге жағдай қолайсыз, нүкті-қыналы қауымдастық және ұсақ бұталар өседі. Өсімдік калдықтары микробиоллогиялық үрдістің әлсіздігінен нашар ыдырайды. Сондықтан таулы тундралы топырақтардың беткі кабатында көп мөлшерде жартылай шірінділенген органикалық заттар шым тезек түрінде кездеседі, реакция ортасы қышқыл сіңіру сиымдылығы төмен болады. Таулы тундралы топырақгардың кескіні қиыршықты және тасты болады.
Таулы шалғынды және шалғынды далалы топырақтар. Бұл топырақтар дербес ерекше жоғары таулы топырақгар типі. Олар жауын-шашын мөлшері көп жағдайда альпілі және субальпілі шалғынды шөптердің астында әр түрлі аналық тау жыныстарында пайда болады. Карбонаты жыныстарда калың және гумусты топырактар қалыптасады.
Таулы шалғынды топырақтар жақсы жетілген шым тезектенген шымды (Ао), оның астында қалыңдылығы 20-40 см қоңыр түсті гумусты қабаттан (А,) тұрады. Гумусты кабат аздап шым тезектенген, майда-дәнді немесе тоңды-кесекгі түйіртпекті көп жағдайда темірдің тотығы кездескеңдіктен, татты-тусті болып келеді. Таулы шалғынды және шалғынды-далалы топырақгардың кескіні киыршыкты жөне карбонатған шашылған болады. Бұл топырақтар да гумустың мөлшері 12-20%, құрамында фульво қышқыл гумин қышқылынан басым. Азот 0,3-1% арасында. Фосфор мен калийдің жылжымалы мөлшерлері аз, сіңген негіздер құрамында кальций магниймен катар сутегі катионы кездеседі. Сондықтан топырақгың сіңіру кешені негіздермен канықпаған және реакция ортасы әлсіз қышқылды. Таулы шалғынды және таулы-далалы топырақгар гумусты қабатгың қалындылығы шымтезектену деңгейі, сілтісізденгенгені және қиыршықгылығы бойынша бөлінеді.
Таулы шымды субарктикалық топырақтар. Бұл топырақтар шөптесін өсімдігі бар сирек ормандар астында қалыптасады. Гумус 10% және одан да жоғары мөлшерде кездеседі, реакция ортасы өте қышқьш және негіздермен канықпаған. Күлгінденудің сыртқы белгілері көп жағдайда байқалмайды.
Таулы күлгін және тоң-тайгалы трпырақгар. Солтүстік белдеудегі таулы жүйелерде кең тараған топырақгар. Олар қылкан жапырақгы ормандар астында теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте кдлыптасады. Топырақ пайда болған г жыныстардың ішінде кдлындығы әр түрлі массивті-кристалды жыныстардың угілу продуктілері кездеседІ.
Таулы күлгін топырақгардың кескіні айкьіндалған АО, А,; А2, В (В, В2) және С кабаттарынан тұрады. А0 -калыңцығы 5-10 см, шымтезектенген жартылай шіріген мүкті, орман төсенішІ. А-қалындығы 3-5 см тұрпайы гумусты қабат. А2- акшыл түсті , калыңдығы 5-15 см күлгінденгсн қабат. В-қоңыр, тығыз, калыңдығы 20-25 см иллювиальді қабат. Таулы-күлгін топырақтың кескіні 40-50 см қалыңдықтан артпайды.
Таулы-күлгін топырақгар негіздермен канықпаған, реакция ортасы кышқыл, аллюминий мен темірдің жылжымалы формаларына бай болады.
А қабатында гумус мөлшері 5-10% жетеді.
Таулы тонды тайгалы топырақтар тайгалы ормаңдар астында массивті кристалды жыныстардың үгілу продуктілерінде, айқын континентальді климат жағдайында, көп жылдық тоң қабат жақын орналасқан жерлерде пайда болады. Бұл топырақ типінің ерекшелігі күлгіндену белгілерінің аздап байқалцы немесе мүлде кездеспеуі, сіңіру кешенінің негіздерімен канықпауы, реакция ортасының қышқыл, темір жылжымалы формасының кескінінің беткі кабатыңда көп мөлшерде жинақталуы, гумустың аз мөлшері және оның құрамында фульво қышқылының басым болуы. Глейлі-тонды-тайгалық топырақгарға тән қасиет олардың беткі кабатының глейленуі.
Таулы шымды-карбонатгы және тоңды-тайгалы карбонатты топырақтар
ЬІлғал климат жағдайында карбонатгы топырақ құраушы жыныстарда пайда болады. Бұл топырақтардың гумусты қабатына кара түс және кесекті дәңді түйірпектер тән. Таулы шымды карбонатты топырақтар көбінде аз жетілген және қиыршық тасты болып келеді. Гумус мөлшері 4-6%, азот 0,2-0,3% жылжымалы фосфор өте аз болады. Сіңіру сиымдылығы 40-60 мг/экв. 100 г топыракта. Сіңген катиондар құрмында кальций мен магний басым. Сіңіру кешені негіздермен каныққан, реакция ортасы жоғарғы кабаттарда әлсіз сілтілі төмен қарай сілтілігі жоғарлайды. Шымды-карбонатты топырақтар таулы шымды карбонатты типтік, таулы шымды карбонатты сілтісізденген жөне шымды-карбонатты әлсіз күлгінденген деп бөлінеді.
Таулы-орманды қоңыр топырақтар. Бұл топырақгар жылы ылғал климат жағдайында жалпақ жапырақты ормандардың және сирек жағдайда қылқан ормандары астында карбонатсыз немес әлсіз карбонатты жыныстарда пайда болады. Типтік таулы-орманды қоңыр топырақгар көбінде күлгінденбеген болып қалыптасады, бірақ кей жағдайда күлгінденғен орманды қоңыр топырақтар да кездесуі мүмкін.
Орманды қоңыр топырақгардың кескіні келесідей генетикалық кабаттардан тұрады: А0, А1, В (В, В2), С. Таулы-орманды күлгінденген қоңыр топырақтар, күлгінденбегсн топырақпен
топыракта күлгінденген А2 кабаты кездеседі, және В қабаты да ерекше бөлектеніп калыптасады. Таулы-орманды қоңыр топырақгардың бүкіл кескіні қоңыр түске боялған, гумустың мөлшсріне байланысты, күлгіндену деңгейіне сай және аналық жыныска сөйкес кескінің түсі кара -қоңыр түстен ашық-қоңыр түске дейін ауыткуы мүмкін.
Гумусты кабатшң калындығы 10-20 см, түйіртпектілігі кесекті-дәнді немесе дәнді-жаңғакгы. В1 қабаты қоңыр түсті, кесекті-жаңғақты, түйіртпекті, тығызданған, тасты-қиыршықгы кірінділері көп. Топырақ пайда болған жыныс (С) тұрпайы сынықгы жыныстар мен майда бөлшектердің қосындысынан тұрады.
А қабаттағы гумустың мөлшері 5-6 % кей жағдайда одан да жоғары болуы мүмкін. Гумустың кұрамында гумин қышқылы басым. Сіңіру сиымдылығы 30-40 мг-экв. 100 г топырақка, негіздермен канықкандығы жоғары, реакция ортасы әлсіз қышқыл. Күлгінденген орманды қоңыр топырактардың реакциясы қышқыл және сіңіру кешені негіздермен канықпаған.
Таулы ормаңды қоңыр топырактар араларында таулы орманды күлгінденбеген (типтік) қоңыр топырақ, таулы орманды байқалмайтын, немесе әлсіз күлгінденген қоңыр топырақ, таульі орманды күлгінденген қоңыр топырақ және таулы орманды калдыкты-күлгінденген қоңыр топырақ деп бөлінеді.
Таулы орманды сұр топырақгар. Бұл топырақтар жалпақ жапырақты және шөптесін өсімдіктері бар ормандар астыңда қышқыл және негізгі тау жыныстарының үгілу продуктілершде пайда болады. Орманды сұр топырақтың кескінінде келесідей кабатгар бөлінеді: А-0, А1; А2, А3; В және С. А кабатында гумустың мөлшері 2-4%. Сіңіру сиымдылығы 25-30 мг-экв. 100 г топырақкз. Беткі кдбаттардың реакция ортасы өлсіз қышқыл, ал төменгі кабаттарда бейтарапка жакун (рН 6,5-7,0).
Таулы қара топырақгар. Түрлі шалғынды шөпті далаларда лесс тәрізді элювиальды-делювиалды, делювиадды-пролювиалды шөгінділерде және басқа да әр түрлі үгілу продуктілерінде пайда болады. Кескін бойында келесідей генетикалық кабатгар кездеседі. А0, А1, В(В12,В2) ВК, С. Гумусты (А) қабатгың түсі қара-сұр немесе қара, дәнді немесе кесекгі-дәнді түйіртпекті. Гумусты қабатгың (6) калындығы 30-80 см.
Жазық территорияның кара топырақтары мен салыстырғанда кескін бойында қиыршық тастар, тау жыныстарының сынықгары кездеседі. Сіңіру сиымдылығы 30-50 мг-экв. 100 г топыраққа, негіздермен қаныққан, беткі қабаттарының реакция ортасы бейтарап, төменгі қабаттарда-сілтілі. Таулы қара топырақгар типтік, күлгінденген, сілтісізденген, оңтүстік деп белінеді.
Таулы қара-қоңыр топырақтар. Жусанды-бетегелі өсімдіктердің астында, өте құрғақ климат жағдайында, карбонатты жыныстарда пайда болады. Таулы кара-коңыр топырақтардың кескінінің құрылымы және кдсиеттері жазықга пайда болған кдра-коңыр топырақгарга өте ұқсас, тек қана кебірлік белгілері кездеспейді.
Таулы қызыл- коңыр топырақгар. Бұл топырактар сирек агашты ормандар және шөбі калың өскен бұталардың астында жылы және қүрғақ субтропикалық климат жағдайында калыптасады. Қызыл қоңыр топырақгардың кескіні келесідей генетикалық кабатгардың алмасуынан тұрады. А0, А1; В (В В2), Вк, С.
А0- қабаты- орман төсеніші (киіз), А1 қызыл-қоңыр түсті гумусты кабат, өсімдік тамырлары көп, кесектеу-дәңді, кесекті түйірпекті, калындылығы 15 см. В, кабаты- қызыл-қоңыр тусті, тығыздалған, кесекті-жаңғақты, калыңдығы 10-12 см, В2 кабаты акшылдау түсті, тығыз, кесекті, карбонаттар псевдомицелия түрінде кездеседі. НСІ ерітіңцісінен 45-50 см терендікте кайнайды. Вк кабат сарғыштау-акшыл, топырақ фаунасының жолдары көп, карбонатгардың көп жиналуы 60-100 см аралығында. С кабаты-топырақ құраушы жыныс. Қызыл-қоңыр топырақгарда гумус мөлшері беткі кабаты 4-6%, төмен карай біртіндеп азая береді. Азот 0,20-0,30%, негіздермен қанығу деңгейі өте жоғары, жоғарғы кабаттың реакция ортасы бейтарапты және әлсіз сілтілі, төменгі қабаттарда сілтілігі жоғарылайды. Таулы қызыл-қоңыр топырақгар таулы қызыл-қоңыр типтік, таулы қызыл-қоңыр сілтісізденген (НСІ ерітіндісінен 1 м тереңціктен төмен кайнайды) және таулы қызыл-қоңыр карбонатты деп бөлінеді.
Биік таулы шөлді топырақгар. Орталық Тянь-Шань және Памир таулардың биік таулы-шөлді топырақтарының арасында такыр тәрізді кебірленген және тұзданған топырақтар (кебір және сор топырақтар) кездеседі. Бұл топырақтар құрғақ және суық биік таулар жағдайында пайда болады.
Бақылау сұрақтары:
Таулы аудан топырақтарының аумағы қандай?
Таулы аудан топырақтарының минерологиялық және химиялық құрамы қандай?
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.
2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.
3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.
4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.
5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,
6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.
7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957
8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
№27 Тақырып: Қазақстанның негізгі топырақтары және оларды пайдалану жолдары.
Дәріс мазмұны: Қазақстан жеріндегі орманды-далалы, қара топырақты, қызғылт-қара қоңыр топырақты зоналар топырақтары.
Мақсаты: Студенттерді Қазақстан жеріндегі орманды-далалы, қара топырақты, қызғылт-қара қоңыр топырақты зоналар топырақтарымен таныстыру.
Республикамыздың қиыр терістігіндегі біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың мөлшері жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді., сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған. Негізінен, шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырақ және сілтісізденген қара топырақтар кездеседі. Зонаша негізінен Батыс сібір ойпатында орналасқан. Қазақстан территориясында бұл зонаша 0,4 млн гектарға жуық жерді алып жатыр.
Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона басталады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екіге бөлінеді: а) ылғалдылығы жеткілікті дала; б) Ылғалы жеткіліксіз дала. Солтүстік Қазақстан облысы түгелдей, Көкшетау, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола, Торғай, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде айлары құрғақ болады. Оның топырақтары Батыс Сібір провинциясында кездесетін кәдімгі қара топырақ (ылғалы жеткілікті далада) және оңтүстіктің қара топырағы (ылғалы жеткіліксіз далада).
Бақылау сұрақтары:
Орманда –далалы зонашаның көлемі қандай?
Қара топырақты зонаға қай облыс территориялары кіреді?
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.
2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.
3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.
4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.
5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,
6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.
7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957
8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
№28 Тақырып: Қазақстанның негізгі топырақтары және оларды пайдалану жолдары.
Дәріс мазмұны: Қазақстан жеріндегі шөлді зона, таулы алқаптар, орташа таулы шалғынды-орманды зона, биік таулы-шалғынды зоналар топырақтары.
Мақсаты: Студенттерді Қазақстан жеріндегі шөлді зона, таулы алқаптар, орташа таулы шалғынды-орманды зона, биік таулы-шалғынды зоналар топырақтарымен таныстырып өту.
Жартылай шөлді зонаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр-құба топырақтар. Сонымен қатара екі зонашада да тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланған жерлер көптеп кездеседі.
Таулы алқаптардың етегінде ені әр жерде әр түрлі болып, батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді далалы зона жатыр. Жазықтағы шөлді дала зонасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориядағы шөлді далалы зонаға қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады.
Тау етегі шөлді далалы зонасынан биігірек алқапта аласа таулы-дала зонасы басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі ешбір аймағында кездеспейді.
Бақылау сұрақтары:
Шөлді зона қай жерлерді алып жатыр?
Тау етегіндегі шөлді дала зонасындағы ылғал мөлшері қандай?
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.
2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.
3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.
4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.
5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,
6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.
7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957
8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
№29 Тақырып: Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары.
Дәріс мазмұны: Топырақ эрозиясы. Су және жел эрозиялары. Эрозия себептері және пайда болу жолдары.
Мақсаты: Топырақ эрозиясына, су және жел эрозияларына, жалпы эрозия себептері және пайда болу жолдарына тоқталу.
Эрозия (латынша — егозіа — бұзылу) деп, топырақтың су не жел әсерінен бұзылуын айтады. Топырақ сумен шайылса да су эрозиясы, ал желмен ұшырылса, онда-жел эрозиясы месе дефляция дамиды. Топырақты тиімді пайдалану және эрозиядан сақтау-егіншіліктін басты міндетті.
Су зрозиясы көлденең немесе беткі және тік болып екі түрге бөлінеді. Сондай-ақ ағын сулар жерлеріне қарай еріген, жаңбыр немесе суару аркылы келетін болған эрозия турлерін бөледі.
Беткі эрозия топырактың үстіңгі қабатының жаңбыр немесе еріген қар суларымен шайылуына байланысты. Ондай. топырақтың беткі қабаты біраз бөлігінен айырылады, ал шайылған топырақ массасы жінішке су ағымымен ылдыйға қарай тасымалданады. Етістік бетініде орылған иірім су ағымының арналары жылсайын топырақты жыртқанда тегістеліп отырады, Сөйтіп, беткі эрозияға шалдықхан топырақтың үстіңті қабаты бірте-бірте жұқарып, шылған кескінді түріне көшеді.
Беткі эрозия механизмі жаңбыр суы тарамдарын бұзу жаңбыр мен кар суларының беткі ағамдық күйіне байланысты. Жаңбыр су тамшылары топырақ бетін тұрақты ылғал етіп тұратындыктан, оның агрегаттары бұзылады да, түйіртпектер ыдырап, майда түйірлер мөлшері артады. Олар топпырақ сандауларына лай түрінде бітеліп оның су өткізу қабілетін төмендетеді. Сондықтан жанбыр сулары топыраққа, сіңбей кұрлық бетімен ағып кетеді
Ылдиға бағытталған су ағымының кинетикалык куаты судың массасы мен шапшаңдығына тепе-тең. Аталған куаттын біраз бөлігі топырақты шаюға, агрегаттарды бөлшектеуге және тасымалдауға жұмсалады.
Тік эрозия деп, ылдиға қарай пәрменді акқан судың топыракты орлап шаюын айтады. Тік эрозияның бірінші сатысында су шайған кішігірім (терендігі 20-35 см) су іздері мен шұңқырлар (0,3-1,5м) пайда болады. Олар тұракты дамыса, жыралар пайда болады. Жыралар аумағы кұрлықта өскен жағдайда, топырақ жамылғысы түгелімен ауыл шаруашылығына жарамсыз болып қалады. Тік эрозияның даму сатысын жыралардың белгілі территорияда тараған аумағына немесе олардың шаршы шақырым алаптағы жалпы ұзындығына карай анықтайды. Соңғы көрсеткішке карай, тік эрозия мына даму сатыларына бөлінеді: әлсіз - 0,2, орташа - 0,25-0,50, жоғары -0,50-0,75 және өте жоғары эрозии - 0,75 км/км2.
Таулы облыстарда аталған су эрозиясы турлеріні баска, ыстық жазда күшті лайлы су тасқыны сел жүріп түрады. Сол өте каркынды және жылдам қозғалатындыктан, жолындағы топырақ пен тау жыныстарын бұзып ағызып кетеді. Сондықтан, селдер өте қауіпті табиғи құбылыс болғандыктан, үлкен апатка әкеп соғады.
Даму жылдамдығына байланысты эрозия калыпты (геологиялық) және үдемелі турлерге бөлінеді. Қалыпты эрозия деп, табиғи өсімдік жамылғысы бар топырақ бетінен ұсақ түйірлерлін баяу шаайылып тұруын айтады. Шайылған заттар топырақ құралу процесімен толықтырылып тұратындықтан, Бұл эрозия түрінің зияндылығы шамалы. Үдемәлі эрозия өсімдік жамылғысы жоқ топырақ бетінде немесе оны адам дұрыс пайдаланбаған жағдайда дамиды.
Заславский (1983) үдемелі эрозия қарқынын былай топтаған: Беткі эрозия: Шаң, шайылу - топырактың жылдык шайылу мөлшері 0,5 т/ға-дан кем\ сек шайылу - 0,5-1, орташа шайылу - 1 0-1,5, күшті шайылу - 5-10 т/ға тең, ал өте күшті шайылу - 10 т/ға-дан артық. Тік эрозия: Сел қарқынды -жыраның жыл бойы өсу мөлшері -0,5, орташа карқынды- 0,5-1, жоғары қаркынды - 1-2, өте жоғары қарқынды - 2-5 м-ге тен, ал аса жоғары карқынды эрозия - 5 м-ден артық.
Эрозия көп елдерде кеңінен өріс алған (АКШ, Қытай, Үндістан, Италия және т.б.). ТМД-да су эрозиясына сүр ормандық, далалық қара және таулык облыстар топырақтары шалдыккан. Днепірдің, Еділдің, Донның, Днеспрдің оң жағалауларында, Орталық орыс, Волын-Подольск, Дон. Еділ маңы, Ставрополь қыраттарында кең тараған.
Жел эрозиясы - дефляция көбінесе құүрғак аймақтарда
(Солтүстік Қазақстанда, Башқұртстанда. Ставрополь өлкесінде. оңтүстік-шығыс Украйнада, Батыс және Шығыс Сібірде), әсіресе шөл және шөлейт аймақтарда өршіген.
ТМД-да су және жел эрозиясына ұшыраған ауыл шаруашылык алабы 110 млн ға-дан асады, оның ішінде 64 млн гектар етістік топырақтар шалдыкқан (Никонон, 1987).
Эрозия салдарынан топырақ, құнарлығы төмен деп (беткі эрозия), тіпті оның. Қарашірінділік кескіні мүлдем жоғалып кетеді. Топырақ құнарлығының төмендеуіне үстіңті қабатқа байланысты. Құнарлық қабаттың эрозиясының ұлғалуы немесе жыртылған кезде оның құнарсыз төменгі қабатпен араласып кетуі себеп. Содан барып,топырақтың химиялық құрамы өзгеріп, қасиеттері мен құбылымына қолайсыз жағдайлар туады Топырақтың гумус мөлшерінің азаюмен оның сапасының төмендеуі, реттік заттар тапшылануы, физикалық және биологиялык қасиеттерінің нашарлауы, куыстылығы төмендеп, тығыздығаның; содан барып олардың, су өткізтіштігінің төмендеуі), құрлык бетіндегі (жаңбыр және еріген қар) сулары топыраққа сіңбей ағап кетеді де, ең соңында топырақтағы су қоры азаяды.
Жоғары қабатган гумустің шайылуы топырақтың биологиялық белсенділігін (кішіжандылар мен фауна, ферменттер әрекетін) төмендетеді.
Топырақтың қоректік элементтері азаюы, су және биологиялык, құбылымы нашарлауынан, оның құнарлығы төмендеп, ауылшаруашылық дакылдар өнімділігі азаяды. Өнім мөлшері топырақтың эрозиялану дәрежесіне байланысты.
Эрозияның үдемөлі дамуы өзендердің кайырлауын, жолдардың бұзылуын жылдамдатады, эрозия азықты, етістіктер мен шабындықтарды және мекенжайларды басып калады.
Сондыкган эрозиямеи күресу тек ауылшаруашылығынын ғана емес, жалпы халықтық проблема.
Топырактың эрозияға шалдығу жағдайлары- эрозия әсіресе табиғат жағдайлары бейім аудандарда және адамдар топырақты дұрыс пайдаланбауынан дамиды. Сондықтан, эрозияның даму жағдайлары әлеуметті-экономикалык және табиғи болып екіге бөлінеді.
Эрозия алаңның өсімдік пен топырақ жамылғысына теріс әсер етуінен басталады. Сондықган егістік пен жайылымдар топырықтары эрозияға қарсы шаралар колдану керек. Топыракты дүрыс пайдаланбаған жағдайда эрозия дамуына климат, жер бедері, геологиялық құрылым, топырақ ерекшеліктері және өсімдік жамылғысы әсер етеді.
Климат элементгерінен жауын-шашын мөлшері мсн қүбылысының маңызы зор. Әсіресе, қауіпті нөсер { карқындылығы 0,5-Імм/мин-тен жоғары) және ұзақ жауын. Топырақтың шайуылына әсер ететін жағдайларға қар суының қоры, оның еру мсрзімі мен қарқындылығы жатады. Қар суы ең алдымен беткейлерге орналаскан егістіктердін беткі жібіген қабатын шаяды.
Топырақ дефляциясы (ұшырылуы) дамуына тигізетін климат әсерін бағалағанда жауын-шашын түсімі, жылу мен жел құбылымы ескеріледі, Дефляция негізінен қүрғақ және континенталды (үскірік) климатта жүреді. Дымқыл жағдайда түйірлер байланысты (жылдамдасуы) өскендіктен топырақ эрозияға карсы тұра алады және оның үстіндегі өсімдік жамылғысы эрозияға калқан болады.
Су эрозиясы құрлық бетінде су ағыны әсерінен және бедір жағдайларына (беткейлердің қалындығына, еңістігіне, мүсініне және экспозициясына) байланысты өтеді. Топырақтың шайылуы беткей ылдыйлығының 1,5-2° —нан басталады, ал 3° —тан жоғары ылдыйларда ол айқын жүре бастайды. Беткей қалындығы өскен сайын, одан ағатын сулар мөлшері көбейіп, топырақтың шайылу қаупі арта түседі. Сондықтан беткейлер еңістігі мен ұзындығына қарай эрозия дамуын болжауға болады. Сонымен бірге, жауын-шашын құбылымын, өсімдік пен топырак жамылғысын ескеру керек.
Беткейлер мүсініне қарай түзу, ойысты дөңесті және баспалдакты болып келеді.Түзу және дөңес беткейлерде топырақ шайылуы төменгі етегінде орын алған ойысты беткейлер топырағының шайылуы көбінесе жоғары тіктеу
бөлігінде жүредіде, төменгі бөлігінде шайылып келген материалдар шоғырланады. Баспалдакты беткейлерде (террасалық участкелер) су ағыны бөсең болғандыктан, эрозия сәл жүреді. Оңтүстік беткей топырағы, солтүстіктегіге қарағанда, шайылуға бейім.
Таулы және тау етегіндегі бедер жағдайында, қар ерігеннен және нөсерлі жаңбырдан соң күшті су ағындары нйда болады да, соның әсерінен катты тау жыныстары кұрлық бетіне жақын орналасқан жұқа топырақ кескінінің эрозияға шалдығуы өте қауіпті.
Дефляция қаупі көбінесе жазық территориялар мен кен тау аралық және төбеаралық жазықтарда туады.
Территорияның геологиялық құрылымы, яғни оны
кұратын тау жыныстарының су ағынынан шайылуы және
ұшырылуы қабілеті эрозия процесі дамуындағы басты себеп,
Мысалы лесті құмбалшыктар сумен жеңіл шайылыптырылады да, жараларға айналады. Керісінше мореналык (мұзарттык) құмбалшыктар шайылуға төзімді.
Флювиогляциалды (мұзсуынан) және ежелгі аллювийлі шгөгінділер, су өткізгіштік қаблеті жоғары болғандыктан, су эрозиясына берік болады, бірақ дефляцияға осал келеді.
Катты тау жыныстары (гранит, әктас және т.б,) үстінде қалыптасқан, кескінінің калыңдығы 30-50 см-ден аспайтын, борпылдақ топырақтарда эрозия қаупі өте үлкен. Бұл топырақтар су немесе желмен тез бұзылып, кескінін түгел жоғалтады.
Топырақтың су немесе жел эрозиясына түрақтылығы оның су өткізтігіне, ал соңғы қабілет болса,топырақтын механикалық қүрамына, түйіртпектілігіне, гумус жиегінің калыңдығына, тығыздығына және жоғары кабаттар дымқылдығына байланысты, Суды жеңіл сіңіретін топырақтар (түйіртпекті, механикалық құрамы жеңіл, қүрылысы осал) шайылуға берік тұрады. Түйіртпекті топырақ эрозияға берік, ал түйіртпектілігі төмен, қалың кабатты тъныз топырақтар осал келеді.
Су эрозиясына ең тұрақты-қара топырақтар, ал түрақсыздарына шымды күлгін және сұр орман топырақтарда жатады.
Дефляциялы механикалык қүрамы жеңіл және ауыр, бірақ түйіртпексіз, қүрғақ топырактар жеңіл ұшырайды. Топырақгы эрозиядан корғауда өсімдік жамылғысының маңызы үлкен. Оның түтастығы өскен сайын, эрозия бәсеңдейді.
Өсімдік тамырлары, әсіресе астық тұқымдастар, топырақ түйірлерін бір-бірімен мықтап жұғыстырып, оларды бүзылудан (үшырылу-шайылу) сактап кдлып, шаандануына кдрсы түрады.
Қүрлық үстіндегі өсімдік сабақтары, жаңбыр тамшыларының үру күшін бірінші өзіне қабылдайтындықтан, топырақ түйіртиектерін бұзылудан сақтап калады. Түтас өсімдік жамылғысы су ағыны жылдамдығын азайтып, толырақтын шаюылуын кемітеді және судың топыраққа толык сіңуіне себептеседі, Шымды қабат жәнс өсімдік төсенішінің жақсы су өткізгіштік қабілеті болғандықган суды жылдам сіңіріп, өзіне жақсы үстай алады. Өсімдік жамылғысы бар құрлықтың кары қалың болады да, топырактың тондану тереңдігі азаяды. Ондай топырақ бетіндегі қар көктемде тез еріп, ылғал оның кескіні мен төмен, түгел сіңіп кетеді,
Дефлядия деп, шаң (кара) дауылын және жертілікті топырақтын желмен ұшырылуын айтады. Шаң дауылдары кен территорияларды камтып, оқтын-оқтын соғып тұрады, екпіні топырақтың үстіңгі қабатын бұзып, онын ірлерін ауа ағынымен әр мөлшерлі алыстыққа тасымалдайды. Ірі топырак. түйірлері кыска қашыктықка жылжып,бұта тасасына немесе ойпаңға жиналады. Ал ең үсақ түйірлері көп шақырымдық қашықтыкка әкетіледі.
Жергілікті дефляция - беткі эрозия (көтеріңкі) және баяу )қасын немесе сыдырма түрінде "жүреді", Көтеріңкі эрозияда топырак түйірлері ауа құйынымен жоғары көтерілсе, олар топырақ, бетімен секіре козғалады, бірақ оларға өсімдік кедергі келтіреді,
Топырақ түйірлері домалап қозғалғанда бір-бірімен кақтығысып бөлшектенеді де, ұсақ фракциялар мөлшерін арттырады. Сонғылар секіре козғалғанда, ірі түйіртпектерді одан әрі бұзады, сонын нәтижесінде секіре және қалқи қозғалатын бөлшектер саны көбейеді: олар ауа ағынының тынық бөлігінен (кұрлықтан 0,2-0,4 м биіктікте) уақ (<0,1 мм) түйірлерді іліктіріп әкетеді. Сондыктан, желдің қарқыны өскен сайын бұзу күші ұлғаяды
Өсімдік жамылғысыз жағдайда дефляцияның дамуы топырақтың механикалық құрамы мен түйіртпектілітіне байланысты. А. Зайцеваның мәлімдемесінше Солтүстік Қазақстанда дефляция қаупті желдін жылдамдығы, жеңіл механикалық құрамды топырақтарда 6 м/сек тең болса, ауыр топырақтарда 10 м/сек және одан да асып кетеді.
Топырақ кұрамында балшыкты бөлшектер мөлшері азайған сайын, оның дефляцияға түрактылығы кеми береді, Сондықтан, дефлицияға ең жиі ұшырайтын құмды, кұмайтты және жеңіл кұмбалшыкты топырақтар болып саналады. Ауыр топырақтың дефляцияға тұрактылығының негізгі көрсеткіші -оның түйіртпектілігі. Егер топырақ массасын 1 мм-ден ірі түйіртпектер кұрса, онда ол дефляцияға шалдықпайды деуге болады. Сондай-ақ көктемде топырак беті ашық. ауылшаруашылық дақылдар өнісі әлі көтерілмеген топырақтарда дефляция жеңіл басталады. Ал күздік егісінің кейбір учаскелерінде үрілуден өсімдік тамырлары ашылып калса, екінші жерінде өсімдік сабақтары топырақ тозаңымсн көміліп жатады. Жазда дефляция көбінесе таза сүріде (өсімдіксіз танап) және егістік айдауларында жүруі мүмкін.
Толырак ізденістерінде, ірі,орта масштабты топырақ қарталарын жасауда, эрозия даму дәрежесіне сәйкес, арнаулы топырақ эрозиясы картограммаларын дайындайды. Дала жағдайыида топырақтың эрозияға шалдығуын байқағанда және оның түрі мен дәрежесін картаға түсіргенде, мыналарды ескеру керек - су немесе желмен топырақ қабаттарының бұзылу мөлшері, жырту қабатын құратын жиек және оның құнарлылығы. В. Докучаев атындағы Топырақ институтының ұсынысы ("КСРО топырақтарын жіктеу және диагностикалау",І77) бойынша су эрозиясына шалдыққан топырақтар сәл, орташа және аса шайылған болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
Топырақ эрозиясы дегеніміз не?
Топырақ эрозиясының түрлері қандай?
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.
2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.
3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.
4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.
5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,
6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.
7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957
8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
№30 Тақырып: Топырақ бонитировкасы және жерді сапалық бағалау.
Дәріс мазмұны: Бонитировка туралы түсінік. Топырақ бонитировкасы әдістері және жерді сапалық бағалау.
Мақсаты: Топырақ бонитировкасына, әдістеріне кеңінен тоқталып өту.
Топырақ бонитеровкасы латын сөзінен аударғанда bonitas- бағалау, жақсы- деген мағына білдіреді. Оның қызметі ауыл шаруашылық жерлерінің зерттеу негіздеріне, табиғи өнімділігі мен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігіне сүйене отырып топырақты сапалық бағалау. Ол топырақтар сапасын ауыл жөне орман шаруашылығында салыстырмалы бағалау. Ол санды көрсеткіштермен белгіленді және топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген. Топырақ бонитетін анықтайтын жұмыстар Ресейде ерте кезде түзілген. Бұл жайындағы мөліметтер ХҮ-ХҮП ғ. ғ. қолжазба кітаптарда келтірілген: егістік, шабындық, орман, батпақтар, т. б. коныстар аталған. Егістік топырақтарға сипаттама. берілген, сапасына карай олар жақсы, орташа, нашар және жарамсыз категорияларға бөлінген. Екінші кезеңдегі жер сапасын есептеу жүмыстарын 1833-1867 ж ж. мемлекеттік мүлік Министрлігінің комиссиясы, кадастрлық жұмыстар мен байланысты жүргізген. Комиссия мүшелері топырақтар сапасы жайында мәліметтер жинап, әр топырақтан алынатын орташа өнімді анықтаған. Осы жұмыстар нөтижесінде, топырақ сапасын өнім арқылы анықгайтын, бонитеттеу шкаласы (кестесі) құрылған. Кадастрлық комиссия жұмыстарын В. Доқучаев жоғары бағалаған, себебі оның есептерінде Ресей топырақтарының сапасы жайында көптеген қажетті материал келтірілген.
1861 жылғы реформадан кейін жердің сапалылығын айыратын жұмыстар жергілікті әкімшіліктерге беріліп, Ресей топырағын бонитеттеуде үшінші кезең басталды. Жергілікті әр өкімшілікте жерді бағалау жұмыстары әр әдіспен (сату мен жалдау бағалары, жер иесінің таза пайдасы т.б. тұрғыдан) жүргізіледі. Төмен қала губерниясы топырағын зерттеу материалдарына сүйене отырып, В. Докучаевпен Н.Сибирцевтің катысуымен, алғаш рет топырақғы ғылыми бонитеттеу әдісін ұсынды, ол орыстың табиғи-тарихи бонитеттеу немесё топырақгы Нижегород типті бағалау әдісі деп аталады.
Жердің негізгі сапасын бағалайтын ең басты факторға В. Докучаев "Топырақтардың табиғи-құкықтық қабілетін", яғни олар құнарлығының кепілі-табиғи сапаларын жатқызған.
Топырақтарды бонитеттеуде В. Докучаев пікірінше топырақ құнарлығын анықтайтын көптеген қасиеттерді есепке алу керек, олар: геологиялық (қарашірінді қабатының қалындығы, ондағы гумус мөлшері, аналық жыныс және жайласу жағдайлары, т. с); химиялық қасиеттер; оларды анықтау үшін әр топыраққа толық химиялық талдау жүргізілген: топырақты фторлы сутек қышқылы мен ыдыратып, минералдық қүрамындағы негізгі қоректік элементтерді (10 және 1 процентті тұз қышқылы сүзіндісіндегі) анықтау; топырақтың сіңіру кабілеті физикалық қасиеттері. Көрсетілген қасиеттердің әр тобыңда ең жақсы топырақ 100 балл алған, сонымен салыстыра қалған топырақгар баллдардың анықтаған. Жоғарыдағы 4 көрсеткіштердің орташа баллдары топырақгың соңғы бонитеттік бағасын құрған. Топырақгардың осындай бағалау деректерін өнім мен салыстырғанда жақсы ұйқастығы көрінген.
Төмен қала губерниясы топырағының толық бонитеттеу кестесін И. Сибирцев құрастырған. Сонымен В. Докучаев пен Н. Сибирцев топырақты бонитеттеу теориясы мен практикасын дамытуға көп еңбек сіңірген.
Осы ғалымдар пікірінше топырақ-табиғи-тарихи дене, сондықган оны еңбек объектісі (орны) және ауылшаруашьшық өндірісінің құралы сапасында білу үшін пайдалануға болады деген.
Топырақты бонитеттеудегі казір колданылатын әдістер В. Докучаев- припциптеріне негізделген. Олар топырақ қасиеттері мен агроклиматтық жағдайлардың санды көрсеткіштерін байланыстырып біртұтас пайдалануға негізделгсн. Сондықтан бұл көрсеткіштер ауылшаруашылық дақылдарының орташа көпжылдық өнімі мен тығыз корреляциялық байланыста болғаны керек, әсіресе қарқынды (интенсивті) егіншілікте.
Топырақ көрсеткіштеріне оның тығыздылығы және карашірінді жиегінің қалындығы, гумустілігі, қышқылдылығы, механикалық құрамы, негіздер сіңіру сиымдылығы жатады.
Агроклиматтық көрсеткіштер ішінде өнім мен тығыз байланыстыларға 10°С-тан жоғары температура қосындысы, ылғалдану коэффициенті (Высоцкий мсн Ивановша), климат континенталдығы (ызғарлығы) жатады, Бірнеше топырақ қасиеттері мен агроклиматтық деректерін пайдаланудың себебі біріншілер мен көпжылдық өнім арасындағы тығыз коррелятивтік байланыс тек белгілі экология-тектік топырак, қатарында (аймактық сап, батпақтану қатарлары, сортандану, т.б.) ғана байқалады, ал аймақтық басқа топырақтар үшін оны табуға болмайды. Мысалы, кара және күңгірт карақоңыр топырақтарда өнім мен гумус мөлшсрі немесе оның қоры (т/ға) арасында жақсы сәйкестік бар, бірақта, бұл көрсеткіш солар арасындагы кебір топыраққа жарамсыз. Кебір сапасын кебірлі қабат терендігі мсн кескінінің физика-химиялык қасиеттерін ескере бағалайды. Солттүстік Кавказда гумустік жиек қалындығы жөне қарашірінді қоры меы өнім сөйкес келсе, Еділ бойында олар нашар корреляцияда екен.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі топырақтардың мына физика-химиялық қасиеттері жөне морфологиялык. (сыртқы) белгілерімен корреляциялық байланыста екені байқалды: ылғал мен қамтамасызданған егістік сұр ормандық топырақта жыртылатын қабаттағы гумус мөлшері, механикалық қүрамдағы физикалык балшық пен тозашды бөлшектер мөлшсрі, тұз сүзіндісінің рН көрсеткіші, гидролитикалық қышқылдылық, сіңірілген негіздер косындысы және негіздермен канығу дәрежесі.
Ылғал мен жеткіліксіз қамтамасыз етілген орманды-дала, дала, қүрғақ дала жөне шөл-дала аймақтарындағы егіншілікте пайдаланатын топырақтарды: жыртылатын қабаттағы гумус мөлшері, гумус жиегінің қалыңдығы және ондағы (0-20, 0-50,
0-100см) қарашірінді қоры (т/ға), физикалық балшық пен тозаңды бөлшектер тобының мөлшері және сіңіру сыйымдылығы. Сұр ормандық және күлгінденген қара
топырақтарда дақылдар өнімі гидролитикалық қышқылдылық және негіздермен қанығу дәрежесімен, ал кебірленген топырақтарда - сіңірілген натриймен,сортаңданған топырақтар-
да –жеңіл еритін тұздар мөлшері мен корреляциялық, байланыста болғаны байкалады. Ал топырақтың құнарлығын анықгайтын біраз маңызды касиеттерін, айталық шабындылықты, саздылықты, сумен шайылу, желмен ұшырылу дөрежелерін, санды есептеу мүмкін емес. Сондыктан олар санды-сапалы әдіспен сол, орташа, күшті атау жүйесі мен анықталады. Топырақгы бонитеттеуде аталған касиеттердің өнімге әсерін (баллын) сәйкесті шығарылған түзету коэфиценттср көмегімен есептейді.
Агроклиматтық көрсеткіштерді агроклиматтық картадан немесе деректік кітаптан (справочник) алуға болады. Табиғи шөптер өнімі (шабыңдык, жайылым) тиісті топырақ түріне сәйкес анықталады, ал бағалау баллдары - әлі шешілмеген мәселе. Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі жайлы негізгі мөліметтерге жеке шаруашылықтар өнімі, тәжірибелік стансалар мен сорт учаскелсрінің деректері, немесе егіс танаптарында тікелей ессптелген сандар жатады. Осы мөліметтер әр 5, 7, 10 жылдарда анықталып жиналады.
Шаруашылықта егіс бір топырақты жерде орналасуы сирек, көбінесе жақын (70 процент) немесе бірнеше түршелерде орналасуы мүмкін. Сондықтан бірінші жағдайда өнім жыйынтығы бір топырақ түршесіне сәйкес келсе, екінші жағдайда алабы артық топырақтағы өнімге сәйкес келеді; ал бір біріне ұқсамайтын түрлі топырақтық жағдайда өнім мөлшерін арнаулы есеп жүйесімсн шығарады. Сонымен әр топырақ түрлеріне сәйкес көпжылдык, өнім деректері жыйылады. Олар қарқынды егіншілік деңгейіне және әр топырақ түріне сәйкес топталады. Әр деңгей келесі агротехникалык және агроэкономикалық орташа көрсеткіштермен сипатталады: нақтылы деңгейдегі шаруашылықга 1 га еңістікке келетін ауылшаруашылық машиналар (жүк машиналарын қосса), сәл алапқа берілетін тыңайтқыштар, тиімді заттарға шаққандағы 1 га егіс бағасы және орташа жүмысшы күшімен камтамасыздану. Барлық топырақ касиеттері мен ауылшаруашылық дақылдар өнімінің деректері математикалык өңдеуге салынады. Алдағыда бонитеттеу шкаласын құрауға керек материалдар 3 әдіспен жөнделеді:
бонитеттеуге екі қатарлы шкалалар құрады, оның біреуі өніммен корреляциядағы (сөйкес) топырақ қасиеттері, ал екіншісі тікелей өнімге негізделген. Біріншісін негізгі, ал екіншісін бақылау үшін қабылдайды (Гаврилюк, Фатьянов, Тюменцев);
2) бір шкаланы топырақ қасиеттері мен өнімді қоса құрады, бірақ орташа бонитетті топырақтан алынған өнім аркылы, бірақта осы топтағы топырақгар бонитетін ескере, анықгайды (Шувалов);
3) топырақтар бонитеттерін өнім аркылы есептейді де, топырақ қасиеттерін шкаланы тексеруге, топырақтар жіктеуі мен топтауын анықтауға, пайдаланады (Кузмичев). Осы көрсетілген 3 әдіс бонитеттік шкала құруға колданылады, бірақта жинақты болғандықтан екіншісі дұрыс келеді. Есеп жұмыстары ЭЕМ-де регрессия теңдеместігін пайдаланып шығарылады. ТМД-да негізінен 100 баллды бағалау шкаласы қолданылады. Оны екі — "жабық" және "ашық" кайталамада құрады. Ашық шкалада ең көп тараған топыраққа 100 немесе 50 балл береді, қалған топырақтар сапасына қарай аталған баллдардан жоғары бағаланады немесе жабық шкалада ең жақсы топыраққа 100, жамандарына төмен балл береді. Бонитеттік шкалалар немесе бағалау кестелерін Мемлекеттік жерге орналастыру - жобалау мен сондай ғылыми-зерттеу нституттары және жоғарғы оқу орындарының топырақтану кафедралары жасаған; Ең тараған бонитеттік шкала әдістерін Н. Благовидов, А. Фатъянов пен Ф.Гаврилюк түзген. Өнделген шкалалар Башқұртстан, Балтық маңы елдері, Украина, Беларусь, және Орта Азия республикалар мен ҚР-на арнап қүрылған. Соңғы жылдары топырақтарды бонитеттеу жұмыстары Украина, Беларусь, Молдавия, Эстонияда, Латвия, Литвада аяқталған болса, Ресей Федерациясы, Қазақстаи және Орталық Азия республикаларында әлі жүргізілуде. Кәзіргі кезде көптеген бонитеттерді есептеу технологиясы дамып, қайта өңделген санды-сапалы материалдар, топырақтар қасиеттері мен шаруашылықтық өнімге орай толықтырылып, бонитеттері математикалық әдіспен шығарылуда.
2. ҚР жер категориялары және оларды бағалау.
ҚР жер категориялары өздерінің қолдану мақсаты бойынша 7 категорияға бөлінеді және олардың алып жатқан мөлшері 272 млн га.
Жер (грек сөзінде-.gё) а/ш кең мағынада қолданылатын ұғымда , оның топырақ жамылғысы мен ландшафт элементтері белгілі территориясынан тұрады.
Топырақ (латын сөзінен аударғанда humus)- жердің литосфера қабатының бос борпылдақ беткі қабаты., ол қабат өзгеріске ұшыраған және биологиялық, химиялық және физикалық процестер және адамдардың шаруашылық әрекеті әсерінен үздіксіз өзгеріске ұшырап отырады, сол себепті тау жыныстарынан айырмашылығы құнарлы сапалығымен ерекшеленеді.
Құнарлық – дегеніміз өсімдіктерден өнім алып, оның тіршілігін қалыпты сақтауы үшін топырақтан қоректі элементтер мен су, оның тамыр жүйелерін қажетті мөлшерде ауамен, жылумен қолайлы физика-химиялық және биологиялық ортамен қамтамасыз етуін айтады.
Сол себепті топырақты құнарлығы тиімділігі бонитеровканың ғылыми негізінде ,ал экономикалық құнарлығы- жерді сапалы бағалау негізінде анықталады.
ҚР жер территориясы 272 млн.га және 10 табиғи аймақтан тұрады:
орманды дала
дала
құрғақ дала
жартылай шөлді
шөл
таулы шөлейтті дала
субтропикалық шөлді
субтропикалық-таулы шөлейтті
орта азиялық таулы
10. оңтүстік сібір таулы.
ҚР жер қоры 7 категориядан тұрады:
а/ш –қ жерлері
елді мекен жерлері
өндірістік, көлікті, байланыстық, қорғаныс
ерекше қорғалатын табиғи жерлері
орман қоры жерлеріі
су қоры жерлері
7. қордағы жерлер жерлері
Топырақты бонитеттеу көптеген ғылымдардың тәжірибесіне және мәліметтеріне сүйенеді және сол ғылымдардың ішінде биология, химия, физика, топырақтану, экономика және т.б. бұл аталған ғылымдар дифференциялы жүріп – агрофизика, агрохимия, агротопырақтану, агрометерология, өсімдік физиологиясы, өсімдік шаруашылығы, микробиология, мелиорация, агромелиорацияның және т.б. негізгі бөлігі болды. Бұл аталған ғылымдар кешені тиімді болады егер оларды ғылыми дәлелденген егіншілік жүйесінде дұрыс пайдалана біліп а/ш-қ дақылдарынан мол өнім алып топырақ құнарлығын сақтай білгенде.
Ауыл шаруашылық жерлерін мемлекеттік бақылау үшін әрбір жердің мемлекеттік немесе жеке меншік иелеріне жеке құжаты немесе паспорты құрылады. Паспорт немесе жеке құжат сол жерлердің топырақ, мелиоративті, геоботаникалық зерттеулерінен және бонитеровкалық бағалауынан кейін беріледі.
Топырақ құнарлығын балмен анықтап жүргізеді және оның қасиетін жақсы немесе шамалы екендігін бағдарлайды,құнарлығын бағалауды Н.Л.Благовидова ұсынды.
Бонитет класы
|
Бонитет баллы
|
Топырақ сапасына мінездеме
|
X
|
91-100
|
Аса жақсы
|
IX
|
81-90
|
Өте жақсы
|
VIII
|
71-80
|
Жақсы
|
VII
|
61-70
|
Ортадан жоғары
|
VI
|
51-60
|
Сапасы орташа
|
V
|
41-50
|
Сапасы орташалау
|
IV
|
31-40
|
Сапасы ортадан төмен
|
III
|
21-30
|
Нашар
|
II
|
11-20
|
Өте нашар
|
I
|
1-10
|
Егіншілікке жарамсыз
|
Бақылау сұрақтары:
Топырақ бонитировкасы дегеніміз не?
Қандай бонитет кластары бар?
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.
2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.
3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.
4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.
5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,
6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.
7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957
8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
8. Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.
1 апта
Лабораториялық жұмыс№1:
Тақырыбы: Топырақтың морфологиялық белгілері.
Мақсаты: Топырақтың түсін, қалындығын, құрылымын, бөлшектік құрамын, тұтқырлығын, жаңа заттарды, кірме заттарды, қайнауын, ауысуын, ылғалдылығын және т.б. анықтау.
Негізгі сұрақтар:
Топырақ кесіндісін талдау және суретін салу:
а) топырақ кабаттарына бөлу
б) HCl-дан қайнау тереңдігі
в) әр генетикалық горизонтта: қалыңдығын, түсін, құрылымын, механикалық құрамын, тұтқырлығын, түзілімдер, бөгде заттарды анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар:
А) Топырақтың морфологиялық белгілерін зерттеу кезінде оның құрамын, топырақтың қабаттарын баяндап жазады. Топырақ негізінен үш генетикалық тектік қабаттардан тұрады. Олар: қарашірікті қабат (А), өтпелі қабат (В) және аналық жыныс қабаты (С).
Б) Топырақ құрамында марганец немесе кальций карбонаттары болған жағдайда топыраққа 5-10 процент тұз қышқылын тамызғанда топырақтан СО2 газы бөлінуі нәтижесінде топырақ «қайнайды». Жалпы қатты, орташа, әлсіз «қайнау» деп ажыратылады. Қайнау деңгейі карбонаттар мөлшеріне байланысты.
В) Топырақтың генетикалық қабаттарының қалыңдығы бірнеше сантиметрден бір метрге және одан да көпке жетуі мүмкін. Топырақ қабаттарының қалыңдығын бейнелеу үшін әр қабат пен қабатшалардың үстіңгі және астыңғы тегін анықтайды.
Топырақтың тектік генетикалық қабаттарының түсі топырақтардың түзілу ерекшеліктерін, химиялық құрамына, гумус мөлшеріне, темір, марганец, алюминий, кальций карбонаты т.б. қосылыстарға байланысты.
Топырақ кесектерінің түріне қарай топырақтың негізгі үш түрлі құрылымын ажыратады. Олар: шықпақ, призма және қыш (плита) тәріздес құрылымдық бөлшектер.
Топырақтың механикалық құрамын «ылғалдау» әдісімен анықтау (топырақты ширату әдісі). Топырақты ылғалдап, қамырша илегеннен соң, оны қалыңдығы үш миллиметр болатындай етіп ширатады да, қолма қол диаметрі үш сантиметр болатындай етіп саусаққа иіліп сақина жасайды. Осы ширатылған сақинаның түрі топырақтың механикалық құрамының көрсеткіші болады.
Саз - ширатылған топырақтан жарылмайтын бүтін сақина жасалады.
Ауыр саздау – топырақ жақсы щиратылады, бірақ сақинаға иген кезде жарылады.
Орташа саздау – топырақ жеңіл ширатылады, бірақ сақинаға иген кезде бөлшектеніп кетеді.
Жеңіл саздау – ширатылған топырақ сақиналап иген кезде сынып кетеді.
Құмдақ топырақ – толық ширату, есу кезінде бөлшектеніп кетеді.
Құм топырақ – топырақ ширатылмайды.
Топырақтың тығыздығы мен кеуектілігіне байланысты бір қасиеті оның тұтқырлығы, былайша айтқанда топырақ бөлшектерінің айыру кезіндегі соқамен қарсылықты жоюға қажетті күш. Тұтқырлықтың мынадай түрлері бар:
Тығыз топырақ – күрек (пышақ) әрең батады, қолмен әрең сынады.
Тығыздау топырақ – күрек (пышақ) оңай батады, қолмен тез сынады.
Бос топырақ – күрек (пышақ) жеңіл батады, құрамды бөлшектеріне оңай бөлінеді.
Үгілгіш топырақ – бөлшектері байланыспаған, құм немесе құмдауыт, гумусы аз топырақ.
Топырақ құрамындағы түзілімдер химиялық көмірқышқылды әктің, темір мен марганецтің т.б. тұздардың қосылыстары және биологиялық құрттардың нәжістері, өсімдіктердің тамырларының «табы» т.т. болып бөлінеді. Бөгде заттарға топырақтардың жетілуіне қатысы жоқ заттар жатады: тау жыныстарының кесегі, тас, кірпіш, көмір, шыны, сүйек, ағаш, археологиялық қалдықтар т.б.
Сипаттамалар нәтижесін жұмыс дәптеріне төмендегі үлгі бойынша толтырыңыздар:
Топырақ қабаттары
|
Суреті
|
Қабаттардың тереңдігі мен қалыңдығы
|
Түсі
|
Құрылымы
|
Механикалық құрамы
|
Ылғалдығы
|
Тұтқырлығы
|
Жаңа заттар
|
Кірме заттар
|
Қайнауы
|
Ауысуы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әдебиеттер:
1. Асанов Ж. А. Ауыл шаруашылық негіздері Алматы, 1987 5-15 беттер
2. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы Республикалық баспа кабинеті, Алматы, 1994 4-10 беттер
3. Ващенко И.М. Практикум по основам сельского хозяйства Москва «Просвещение» 1982, 5-14 беттер
4. Александрова Л. Н. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Ленинград Изд. «Колос» 1967 173-192 беттер
5. Александрова Л.Н., Найденова О.А. Лабораторно-практические занятия по почвоведению Изд. «Колос» 1967 173-189 беттер
6. Добровольский В.В. Руководство к лабораторным работам по курсу «Основы почвоведения и география почв» Учпедгиз Москва 1962 85-99 беттер
2 апта
Достарыңызбен бөлісу: |