атриовентрикулярлық блокада І дәрежесі
+атриовентрикулярлық блокада ІІ дәрежесі Мобитц І
толық көлденең блокада
синоаурикулярлық блокада
33. ЭКГде: дұрыс жүрекшелер ырғағы ЖСЖ-80 рет минутына. Қарыншалар ырғағы жүрекшелерге байланыссыз, жиырылу саны 40 рет минутына. Бұл қандай ырғақ бұзылысы?
жүрекшелер тыпыры
Гисс шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы
+толық атрио-вентрикулярлық блокада
жүрекшелер жыбыры
Гисс шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы
34. Науқаста кордарон қабылдағаннан кейін ЭКГде өзгермеген қарыншалық комплекспен PQ интервалының ұзаруы пайда болды. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы дамыған?
А) Гисс шоғыры сол аяқшасының блокадасы
+В) атриовентрикулярлық блокада I дәрежесі
С) жүрекшеаралық блокада
Д) Гисс шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы
Е) атриовентрикулярлық блокада II дәрежесі
35. Стандарттық тіркемелер деп аталады
V1, V2, V3
+I, II, III
aVR, aVL, aVF
Нэбу бойынша тіркеме
V4, V5, V6
36. II стандарттық тіркемеде ЭКГде потенциалдар айырмашылығы тіркеледі:
сол қол – оң аяқ
+оң қол – сол аяқ
сол қол – сол аяқ
оң қол – оң аяқ
жүрек ұшы – сол қол
37. Сол қол және сол аяқ потенциалдар айырмашылығы тіркеледі:
I тіркеме
II тіркеме
+III тіркеме
aVL
aVF
38. Қалыпты жағдайда өтпелі зона ЭКГ-ның қай әкетуінде орналасады?
V1-2
+V3-4
aVR
V5-V6
aVL
39. Импульстердің физиологиялық кідіруі болады:
+атриовентрикулярлы түйінде
Гис шоғырында
Жүрекшеаралық жолдарды
Жүрекшелерде
Пуркинье талшықтарында
40. Митральді стенозға тән:
II және III әкетулерінде Р тісшесінің кеңейуі
+I және II әкетулерінде Р тісшесінің кеңейуі
Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасы
Стандарттыө әкетулерде биік Р тісшелері
Макруз индексі < 1,0
41. ЭКГ- да Р-pulmonale білдіреді:
+оң жүрекшеге күш түсу
сол жүрекшеге күш түсу
екі жүрекшеге де күш түсу
оң жүрекшенің инфаркты
жүректің сол жақ бөліктеріне күш түсу
42. Жедел өкпе текті жүректің ЭКГ- белгілеріне жатады:
+I әкетуде терең S тісшесі және III стандарттық әкетуде Q тісшесі
I әкетуде Q тісшесі
V1-V2 әкетулерде биік Т тісшесі
aVL әкетуінде Q тісшесі
I, II әкетулерде кеңейген Р тісшелері
43. Сол қарыншаға күш түсу белгілерін көрсетіңіз:
+жүректің электрлік өсінің солға ығысуы және RV5- V6 > RV4
Өтпелі зонаның солға ығысуы
V5-V6 әкетулерде S > 17 мм
RV1 > 10 мм
aVF әкетуінде биік R тісшесі
44. Оң қарыншаға күш түсу белгісіне жатады:
aVL әкетуінде биік R тісшесі
V5-V6 әкетулерінде биік R тісшесі
V1-V2 әкетулерінде терең S тісшесі
RV5 -V6 > RV4
+жүректің электрлік өсінің оңға ығысуы және терең S тісшесі V5-V6 әкетулерінде
45. Жедел перикардиттің ерте ЭКГ- белгілері болып табылады:
+ST сегментінің доға тәрізді жоғарылауы, бірақ қарама қарсы әкетуде реципроктық өзгерістері жоқ
ST сегментінің доға тәрізді жоғарылауы
ST сегментінің депрессиясы
Биік, үшкір Т тісшесі
Т тісшесінің негативизациясы
46. Стенокардиядағы ангинозды ауыру ұстамасына тән ЭКГ белгілер:
Т тісшесінің инверсиясы
+ST сегментінің изолиниядан ³ 1 мм төмендеуі
ST сегментінің изолиниядан ³ 1 мм жоғарылауы
R тісшесі амплитудасының төмендеуі
QT интервалының ұзаруы
47. ЭКГ-да зақымдану аймағының пайда болғанын білдіреді:
Т тісшесінің өзгеруі
+ST сегментінің өзгеруі
QRS комплексінің өзгеруі
R тісшесінің өзгеруі
Q тісшесінің кеңейуі
48. Миокард некрозын білдіреді:
+Q ³ 0,04 с, ал тереңдігі ³ 40% R
Q = 25% R
Оң Т тісшесі
V5- V6 әкетулерде S тісшесінің пайда болуы
ST сегментінің төмендеуі
49. Ірі ошақты миокард инфарктының жедел кезеңінің белгісі болады:
+патологиялық Q тісшесінің пайда болуы және ST-T комплексінің монофазды қисыққа трансформациялануы
Қарыншалық комплекстің кеңейуі
ST сегментінің депрессиясы
Қарама-қарсы қабырғада ST сегментінің конкордантты өзгерістері
Теріс Т тісшесі
50. Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының жедел сатыдағы миокард инфарктының ЭКГ- белгілеріне жатады:
III, aVF, V1 әкетулерде ST сегментінің жоғарылауы; I, II, aVL әкетулерде ST сегментінің депрессия; II, III, aVF әкетулерде патологиялық Q тісшесі
I, II, aVL әкетулерде ST сегментінің жоғарылауы; III, aVF, V5, V6 әкетулерде теріс Т тісшесі
+I, aVL, V3, V4 әкетулерде патологиялық Q тісшесі және ST сегментінің жоғарылауы
Барлық кеуделік әкетулерде ST сегментінің депрессиясы
Барлық кеуделік әкетулерде Т тісшенің негативизациясы
51. Артқы қабырғаның ірі ошақты миокард инфрктының жедел сатысындағы ЭКГ белгілеріне тән:
+II, III, aVF әкетулерде ST сегментінің жоғарылауы; I, aVL, V2- V4 әкетулерде ST сегментінің депрессиясы; III, aVF әкетулерде патологиялық Q тісшесі
II, III әкетулерде ST сегментінің депрессиясы; I, II, aVL әкетулерде теріс Т тісшесі; III, aVF әкетулерде патологиялық Q тісшесі
II, III, aVF әкетулерде ST сегментінің депрессиясы; I, II, aVL әкетулерде ST сегментінің жоғарылауы; III, aVF әкетулерде теріс Т тісшесі
I, aVR, кеуделік әкетулерде ST сегментінің жоғарылауы
V1-3 әкетулерде патологиялық Q тісшесі
52. Миокард инфарктының тыртық сатысына тән:
+ST сегменті изолинияда
патологиялық Q тісшесінің жоғалуы
оң (әрқашан) Т тісшесі
Q тісшесінің 0,02 с тарылуы
ST сегментінің изолиниядан жоғарылауы
53. Тыртық аймағында қайталанған миокард инфарктын көрсетеді:
+тыртық аймағында ST сегментінің жоғарылауы және Q тісшесінің тереңдеуі
Қарама-қарсы қабырға әкетулерінде ST сегментінің төмендеуі
Теріс Т тісшесінің тереңдеуі
Тыртық өзгерістерінің жоғалуы
Тыртық аймағындағы Q тісшесінің тарылуы
54. Пароксизмальді суправентрикулярлы тахикардияның ЭКГ белгілері:
+QRS пішіні өзгеріссіз, Р тісшесі жоқ, ЖСЖ минутына 160 рет
QRS пішіні деформацияланған, Р тісшесі жоқ, ЖСЖ минутына 160 рет
QRS пішіні деформацияланған, Р тісшесі жоқ, ЖСЖ минутына 120-160 рет
Р тісшесі екі фазалы және R-R аралықтары әр түрлі
QRS пішіні өзгермеген, ЖСЖ минутына 100-120 рет
55. Жүрекше ішілік блокадада байқалады:
QT интервалының ұзаруы
+Р тісшесінің кеңейуі және деформациясы
Р тісшесі мен QRS комплексі арасындағы байланыстың жоғалуы
Биік Р тісшелері
QRS комплексінен кейін Р тісшесінің пайда болуы
56. WPW синдромына тән:
Р тісшесінің кеңейуі
+R тісшесінде дельта-волна және РQ интервалының қысқаруы
РQ интервалының ұзаруы
QT интервалының қысқаруы
Екі фазалы Р тісшесі
57. Жүрекше тыпырлауында жүрекшелер жиырылу жиілігі болады:
120-180 рет минутына
+200-350 рет минутына
360-400 рет минутына
450-500 рет минутына
600-700 рет минутына
58. Толық емес синоурикулярлы блокадада байқалады:
QRST комплексінің түсіп қалуы
+кейбір PQRST комплекстерінің түсіп қалуы
PQ интервалының ұзаруы
QT интервалының ұзаруы
QRS комплексінің кеңейуі
59. I дәрежелі атриовентрикулярлы блокадада байқалады:
Р тісшесінің кеңейуі және деформациялануы
+PQ интервалының ұзаруы
Кейбір QRST комплекстерінің түсіп қалуы
QT интервалы үнемі 0.40 с-тан жоғары
Екі фазалы Р тісшесі
60. Толық атриовентрикулярлы блокадада ырғақ жүргізушісі болуымүмкін:
Синусты түйін
+атриовентрикулярлы түйін, Гис шоғыры, Гис шоғырының бұталары
Синусты түйін, Гис шоғыры
Синусты түйін, Гис шоғырының тармақтары
Синусты түйін, Пуркинье талшықтары
61. Идиовентрикулярлы ырғықтың белгілері:
+ЖСЖ минутына 40 рет, QRS комплексінің кеңейуі және деформациялануы
қысқа QRS
R тісшесінің төмендеге бөлігінде дельта-толқыны
QRS комлексінен кейін оң Р тісшесі
Әр QRS комлексінен кейін оң Р тісшесі
62. Пуркинье талшықтарында түзілетін импульс жиілігі:
60-80 рет минутына
40-60 рет минутына
+20-40 рет минутына
80-100 рет минутына
300-400 рет минутына
63. Толық атриовентрикулярлы блокадада байқалады:
Кейбір QRST комплекстерінің түсіп қалуы
PQ интервалының ұзаруы
+Р тісшесі мен QRST комплекстерінің арасында байланыстың болмауы
QT интервалының ұзаруы
PQ интервалының қысқаруы
64. Идиовентрикулярлы ырғаққа тән:
+QRS ³ 0,12 с
Р-Р аралықтары бірдей
атриовентрикулярлық диссоциация
Р-Р аралықтары ір түрлі
QRS = 0, 08 с
65. Сол қарыншалық идиовентрикулярлық ырғақтың белгісі:
Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасына ұқсайды
+Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасына ұқсайды
QRS = 0, 08 с
V1- V2 әкетулерінде айқын S тісшесі
Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына ұқсайды
66. Фредерик синдромының сипаты:
+жыпылықтаушы аритмия мен толық атриовентрикулярлы блокада
Гис шоғырының толық блокадасы мен жыпылықтаушы аритмия
Бигемения түріндегі экстрасистолиямен жыпылықтаушы аритмия
Синоаурикулярлы блокада
QRS комплексіне Р тісшесінің қабаттасуы
67. Гис шоғырының толық блокадасында байқалады:
+V6 әкетуінде R тісшесінің және V1 әкетуінде S тісшесінің деформациясы мен кеңейуі
III әкетуде R тісшесінің және I әкетуде S тішесінің деформациясы
V1 әкетуде R тісшенің және V6 әкетуде S тісшесінің деформациясы және кеңейуі
Барлық әкетулерде QRS комплекстерінің кеңейуі
I, V5, V6 әкетулерде Q тісшесінің тіркелуі
68. Гиперкалиемияның ерте ЭКГ белгісі болады:
Теріс Т тісшесі
QRS комплексінің кеңейуі
+биік, үшкір Т тісшесі
Тегістелген Т тісшесі
PQ интервалының қысқаруы
69. Гликозидтік интоксикацияға тән:
Т тісшесінің инверсиясы
Биік, үшкір Т тісшесі
+ST сегментінің корыта тәрізді төмендеуі
ST сегментінің жоғарылауы
ЭКГ өзгермейді
70. Трансмуральді миокард инфарктының ерте электрокардиографиялық белгісіне жатады:
QRS комплексінің өзгеруі
Т тісшесінің инверсиясы
Жүрек ырғағының бұзылысы
+ST сегментінің жоғарылауы
Q тісшесінің пайда болуы
71. Өкпе артериясының тромбоэмболиясының нақты электрокардиографиялық белгілеріне жатады:
V4-V6 әкетулердетерең Q тісшесі
I, II және aVL әкетулерде ST сегментінің депрессиясы
II, III және aVF әкетулерде ST сегментінің депрессиясы
+S1-Q3 синдромы және III, V1, V2 әкетулерінде ST сегментінің жоғары ығысуы
Кеуделік әкетулерде Т тісшесінің инверсиясы
72. Созылмалы өкпе текті жүректің электрокардиографиялық белгілеріне жатады:
+жүректің электрлік осінің оңға ығысуы (α бұрышы > +110°), RV1 + SV5 > 17.5 мм
жүректің электрлік осінің солзға ығысуы (α бұрышы > -45°), RV6 + SV1 > 35 мм
I, II және aVL әкетулерде ST сегментінің депрессиясы
I, II және aVL әкетулерінде ST сегментінің жоғарылауы
Р- mitrale
73. Жүрекшелік экстрасистоланың белгілері:
+Р тісшесінің уақытынан бұрын пайда болуы және оның QRS комплексінен кейінгі оның басқа циклдердегі Р тісшелерінен өзгеше болуы
Уақытынан бұрын жиырылудан кейін толық компенсаторлық паузаның болуы
Ретті ырғақта QRS комплекстерінің алдында теріс Р тісшелерінің болуы
QRS комплексінен кейін Р тісшесінің болуы
QRS комплексінің деформациясы және кеңейуі
74. Қарыншалық экстрасистоланың электрокардиографиялық белгісі:
Р тісшесінен кейін кеңейген QRS> 0.12 с комплексі
Экстрасистоладан кейін толық емес компенсаторлық пауза
+алдындағы Р тісшесі жоқ кеңейген QRS комплексінің уақытынан бұрын пайда болуы, толық компенсаторлық пауза
Экстрасистолалық QRS комплексінің алдында Р тісшесінің болуы
QRS өзгеріссіз
75. Гемодинамиканың бұзылыстарымен жүретін аритмияларға жатады:
+жиі қарыншалық экстрасистолиялар
1 дәрежелі атриовентрикулярлы блокада
Жыпылықтаушы аритмия, нормосистолиялық түрі
2 дәрежелі синоаурикулярлы блокада
Сирек жүрекшелік экстрасистолалар
76. Науқас 23 жаста, жүрек қағуына, 5 жылдан бері жиі қайталанатын ұстамаларға шағымданады. Объективті – ырғақтың минутына 120 ретке дейін жиілеуі анықталды, ЭКГ тіркеуі – ырғақ дұрыс, Р тісшелері қалыпты, Р-R интервалы – 0,09", көпшілік QRS комплекстерінің алдында дельта толқыны бар, QRS – 0,14". Науқаста болуы мүмкін:
Синусты ырғақ
Жеделдетілген идеовентрикулярлы ырғақ
+Вольф - Паркинсон – Уайт синдромы
Венкебах феномені
Фридерик синдромы
77. Науқастың жүрегінің «тыпырлауы» және тоқтап қалған сезімдері, жүрек қағуына шағымданады. ЭКГ: ырғақ дұрыс, кейбір қарыншалық комплекстер 0,12 сек кеңейген, деформацияланған, олардың алдында R-R аралықтары қысқарған, олардвн кейінгі пауза ұзарған, олардың алдындағы Р тісшелері жоқ. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы бар?
+Қарыншалық экстрасистолия
Атриовентрикулярлық экстрасистолия
Жүрекшелік экстрасистолия
Жүрекшелер жыпылықтауы
Пароксизмальді тахикардия
78. Науқас ер кісі 52 жаста, 3 аптадан бері жедел миокард инфаркты себебінен ауруханада жатыр. ЭКГ-да P-Q интервалының біртіндеп ұзарып QRS комплекстерінің түсіп қалуы пайда болды. Науқастың ЭКГ-да қандай ырғақ бұзылысы бар?
I дәрежелі А-В блокада
+II дәрежелі Мобиц I А-В блокадасы
II дәрежелі Мобиц II А-В блокадасы
III дәрежелі А-В блокада
II дәрежелі синоаурикулярлы блокада
79. Трансмуральді миокард инфарктының жедел сатысында ЭКГ-да келесі өзгерістер анықталады:
RS-Т сегментінің депрессиясы
+RS-Т сегментінің изолиниядан жоғары ығысуы және оң Т тісшесімен жалғасуы
жіңішке QRS комплекстері
Q тісшесі R тісшенің 1/2 бөлігіне тең, ұзақтығы 0,04 сек
QRS комплексінің кеңейуі
80. Науқас С., 45 жаста, жедел трансмуральді миокард инфаркты себебімен ауруханада жатыр. Ауруының басталғанына 2 аптадан кейін келесі симптомдар пайда болды: жүрек шекарасының солға ығысуы, 1 тонның әлсіреуі, сол жақтан III-IV қабырға аралығында прекардиальді пульсация, жүрек ұшында систолалық шу, «ыңырсу» шуы. Осы науқаста болуы мүмкін ЭКГ белгілерді атаңыз:
QRS комплексі QS түрінде, ST сегменті изолинияда, Т тісшесі теріс, терең
+QRS комплексі QS түрінде, ST сегменті доға тәрізді изолиниядан жоғары ығысқан Т тісшесімен ұласады
QRS комплексі QS түрінде, ST сегменті изолинияда, әлсіз теріс Т тісшесі
ST сегментінің депрессиясы
Р тісшесі кеңейген, доға тәрізді
81. Науқас ер кісі 42 жаста, 2 жыл бұрын миокард инфаркты болған, физикалық күштеме кезінде ауа жетіспеу сезімімен бірге жүрек қағуы, жалпы әлсіздік пайда болды. ЭКГ: АV- түйіннен пароксизмальді тахикардия тіркелді. АV- түйіннен пароксизмальді тахикардияның ЭКГ – белгілерін көрсетіңіз:
ЖСЖ минутына 140-250 рет, ырғағы дұрыс, әр QRS комплекстерінің алдында Р тісшелері бар
ЖСЖ минутына 140-220 рет, QRS комплексі 0,12 сек жоғары кеңейген, деформацияланған, RS-Т және Т тісшелері дискордантты орналасқан
+ЖСЖ минутына 140-250 рет, ырғағы дұрыс, QRS өзгермеген, Р тісшелері жоқ
Р тісшелері жоқ, II, III, AVF, V1-V2 әкетулерінде F толқындары
ЖСЖ минутына 120 рет, ырғағы дұрыс, QRS комплекстерінің алдында Р тісшелері
82. Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасының ЭКГ белгісін атаңыз:
АVF әкетуде rSR
V1-V2 әкетуде rSR
QRS 0, 12 сек-тан кем
V1-V4 әкетулерде оң дельта толқыны
+I, AVL,V5-V6 әкетулерде R кеңейген, жарықшақтанған, II, III, AVF, V1-V2 әкетулерде S терең
83. Жүрекшелік экстрасистоланың ЭКГ белгісі:
II, III, АVF әкетулерде экстрасистолалық QRS комплекстерінде теріс Р тісшелерінің QRS комплекстерінен кейін орналасуы
Толық компенсаторлық пауза
Экстрасистолалық QRS кеңейген
Экстрасистолалық Р тісшесі жоқ
+Р тісшесі (деформацияланған немесе полярлығы өзгерген) экстрасистолалы QRS комплексінің алдында орналасқан
84. Жүрекшелік пароксизмальді тахикардия үшін ЭКГ-да тән:
+жүрек соғу жиілігі минутына 140-250 рет, R-R аралықтары бірдей, QRS комплекстері өзгеріссіз, әр QRS комплекстірінің алдында өзгерген Р тісшелерінің болуы
жүрек соғу жиілігі минутына 140-250 рет минутына, R-R аралықтары бірдей, QRS комплекстері кеңейген, әр QRS комплекстірінің алдында теріс Р тісшелерінің болуы
жүрек соғу жиілігі минутына 140-250 рет минутына, R-R аралықтары бірдей, QRS комплекстері өзгермеген, әр QRS комплекстірінің алдында Р тісшелерінің болмауы
жүрек соғу жиілігі минутына 140-250 рет минутына, R-R аралықтары әр түрлі, QRS комплекстері өзгермеген, әр QRS комплекстірінің алдында өзгерген Р тісшелерінің болуы
жүрек соғу жиілігі минутына 140-250 рет минутына, R-R аралықтары бірдей, QRS комплекстері кеңейген, QRS комплекстірінің алдында Р тісшелерінің болмауы
85. Пароксизмальді қарыншалық тахикардияның белгілері:
жүрек соғу жиілігі минутына 140-220 рет минутына, R-R аралықтары бірдей, QRS комплекстері жіңішке, әр QRS комплекстірінің алдында екі фазалы Р тісшелерінің болуы
жүрек соғу жиілігі минутына 140-220 рет минутына, R-R аралықтары әр түрлі, QRS комплекстері жіңішке, әр QRS комплекстірінің алдында теріс Р тісшелерінің болуы
жүрек соғу жиілігі минутына 140-220 рет минутына, R-R аралықтары әр түрлі, QRS комплекстері жіңішке, әр QRS комплекстірінің алдында оң Р тісшелерінің болуы
+жүрек соғу жиілігі минутына 140-220 рет минутына, R-R аралықтары бірдей, QRS комплекстерінің 0, 12 сек. және одан жоғары кеңейуі, деформациялануы, R-ST және Т тісшесінің дискордантты орналасуымен, әр QRS комплекстірінің алдында Р тісшелерінің болмауы
жүрек соғу жиілігі минутына 140-220 рет минутына, R-R аралықтары бірдей, QRS комплекстері жіңішке, әр QRS комплекстірінің алдында Р тісшелері жоқ
86. Жүрекшелер фибрилляциясының ЭКГ белгілеріне жатады:
+Р тісшелерінің болмауы, III, AVF, V1-V2 әкетулерінде f толқындары
әр QRS комплекстерінен кейін теріс Р тісшесі
жүрек жиырылу ырғағы бұзылмаған
II дәрежелі Мобитц II АV-блокадасы
Әрқашан QRS комплексі деформацияланған, кеңейген
87. Жүрек аневризмасының электрокардиографиялық белгілері:
+QS комплексі, монофазды SТ сегментінің «қатып қалған» түрде изолиниядан жоғарылауы және монофазды Т тісшесімен жалғасуы
Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы
Гис шоғыры сол аяқшасы алдыңғы бұтағының блокадасы
низковольтажды ЭКГ
кеуделік әкетулерде терең, теріс Т тісшесі
88. Ірі ошақты миокард инфарктының ЭКГ- белгілеріне тән болады:
+патологиялық QRS комплексі, SТ сегментінің монофазды қисық түрінде изолиниядан көтерілуі
QSтүріндегі қарыншалық комплекс, SТ сегменті изолинияда, оң Т терісшесі
Теріс Т тісшесімен SТ сегментінің қиғаш төмен ығысуы
Қарыншалық комплексте Q тісшесінің болмауы, SТ сегменті изолинияда, биік оң Т тісшесі
Қарыншалық комплексте Q тісшесінің болмауы, SТ сегментінің монофазды қисық түрінде изолиниядан көтерілуі
89. Науқас ер кісі 30 жаста. Бір жыл бұрын ревматикалық емес миокардитпен ауырды. Ұзақтығы 10, 20 минутқа созылатын жүрек қағу ұстамалары мазалайды. ЭКГ: суправентрикулярлы пароксизмальді тахикардия белгілері. Осы белгілерді көрсетіңіз:
+ЖСЖ - 180 рет минутына, RR аралықтары бірдей, QRS- 0, 08 сек, Р тісшелері жоқ
ЖСЖ - 180 рет минутына, RR аралықтары бірдей, QRS комплекстері Гис шоғыры сол аяқшасы толық блокадасының түрінде, Р тісшелері жоқ
ЖСЖ - 180 рет минутына, RR аралықтары бірдей, QRS комплекстері Гис шоғыры оң аяқшасы толық блокадасының түрінде, Р тісшелері
RR аралықтары бірдей, II, III avF, V1-V2 әкетулерінде жүрекшелік F толқындары, жиілігі минутына 250 ретке дейін, ара тісшелері түрінде
ЖСЖ – минутына 180 ретке дейін, RR аралықтары әр түрлі, Р тісшелері жоқ, III, AVF, V1-V2 әкетулерінде f толқындары
90. Науқас С. ер кісі, 60 жаста, реанимация бөлімінде артқы-диафрагмальді ірі ошақты миокард инфаркты себебінен жатыр, аз уақытқа есінен танулар мен тырысу синдромы, еріксіз зәр бөлінуі пайда болды. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ минутына 34 рет. АҚ - 130/70 мм сн.бғ. ЭКГ: AV-диссоциация. QRS саны - 34 рет минутына. Р саны - 80 рет минутына. QRS - 0, 14 сек. науқаста қандай асқыну дамыды?
II дәрежелі синоаурикулярлы блокада
II дәрежелі Мобитц I АB-блокадасы
II дәрежелі Мобитц II АB-блокадасы
+толық АB-блокада
Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы
91. Науқас 34 жаста, диффузды токсикалық жемсаумен науқастанады, ентігу пайда болуына, жүрек қағуына шағымданады. Жүрек тондары қатты, ырғағы дұрыс дұрыс емес. Жүрек ұшында қысқа систолалық шу. ЖСЖ - 108 рет минутына, Пульс – 78 ерт минутына, аритмиялы. ЭКГ: R-R- әр түрлі, II, III aVF, V1-V2 әкеиулерінде f толқындары; Р тісшесі жоқ. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы дамыды?
+жүрекшелер жыпылықтауы
Жүрекшелер тыпырлауы
жүрекшелік экстрасистолия
қарыншалық экстрасистолия
AV-түйіннен пароксизмальді тахикардия
92. Миокардтың зақымдануы мен некроздың дамуын көрсететін ЭКГ- дағы өзгеріс:
Гисс шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы
Гисс шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы
+Жекеленген QR және ST сегментінің доға тәрізді көтерілуі
ST сегменті төмендеуі
Т тісшесі биік және тең бүйірлі
93. Науқас К. 34 жаста, жүрек тұсындағы ауру сезімі, жүрек қағуы, бас айналуы, әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Ауру ЖРВИ ауырғаннан кейін басталған, t-37,40С. Перкуссияда: жүректің сол жақ шекарасы ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақ жиілеген. Жүрек ұшында систолиялық шу естіледі. АҚ 100/70 мм сб. АСТ - 0, 96 ммоль/л, КФК 30 Е/Л. ЭКГ да жүрекшенің тыпырлау 2:1 белгісі . Жүрекшенің тыпырлауын ЭКГ-ның қандай белгісіне қарап қоямыз?
PQ интервалының біртіндеп ұзаруынсыз, QRS комплексінің түсіп қалуы.
Біртіндеп P-Q интервалның ұзаруымен кезекті QRS комплексінің түсіп қалуы.
+II, III, aVF, V1- V2 әкетулерде жүрекшелік F толқындары, 1 минутта 250 жиілікте ара тісі тәрізді.
II, III, aVF, V1- V2 әкетулерде сермелерінде f толқындары
ЖЖЖ 180 рет минутына, R-R аралықтары бірдей, әр QRS комплексінен кейін Р тісшесі теріс.
94. Ер кісі 65 жаста ЭКГ – да Лаун бойынша V класс қарыншалық экстрасистолия. Бұл не?
Қарыншалық экстрасистолия 25 рет сағатына
политопты экстрасистолия
+ерте жүрекшелік экстрасистола
қосарланған экстрасистола
топтасқан экстрасистолия
95. 3:2 атриовентрикулярлы блокада:
синусты түйіннен 3 импульс шығады, оның 2-уі бөгеледі.
+синусты түйіннен 3 импульс шығады оның 2-уі жүрекшеге өтеді
синусты түйіннен 3 импульс шығады, 3-уі жүрекшеге өтеді (өткізілген синусты және сырғымалы импульстер)
синусты түйіннен 4 импульс шығады, оның 1-уі жүрекшеге өтеді
әрбір екінші импульс бөгеледі
96. ЭКГ да төмен вольтаж, «S-тип» ЭКГ, оң жүрекшенің гипертрофия белгілері, кеуделік V1 ден V4 әкетулерінде R тісшесінің биіктігі жоғарылауының болмауы, тән:
жедел өкпелік жүрекке
+өкпенің созылмалы обструктивті ауруына
миокардитке
төмен локализациялы жедел трансмуралды миокард инфарктына
артериалды гипертензияға
97. Ұзарған комплекс QRS ≥0.14 сек, жекеленген синусты Р, ол QRS комплексімен байланыспаған, жүректің жиырылу жиілігі 1 минутта 160 рет, өткізгіш синусты импульстің пайда болуы қандай ырғақ бұзылысына тән:
пароксизмалдық түйіндік тахикардияға
пароксизмалдық жүрекшелік тахикардияға
аберранты өткізумен пароксизмалдық суправентрикулярлы тахикардия
+пароксизмалды қарыншалық тахикардияға
жеделдетілген идиовентрикулярлы ырғаққа
98. Егер aVF әкетуінде R=S, ал I әкетуде R амплитудасы үлкен болса, альфа бұрышы тең:
«+ 90 градусқа»
+«0 градусқа»
«+ 30 градусқа»
« - 30 градусқа»
« - 90 градусқа»
99. Жүрекшелік комплекстің соңғы бөлігі аталады?
QT интервалы
QRS комплексі
+ST сегменті мен T тісшесі
T тісшесі
ST сегмент
100. Патологиялық Q тісшесі II, III, aVF әкетулерінде болса ошақты өзгеріс орналасады:
сол қарыншаның артқы-базалдық аймағында
сол қарыншаның алдыңғы – бүйір аймағында
оң қарыншада
сол қарыншаның алдыңғы-қарыншааралық перде аймағында
+төменгі қабырға аймағында
101. Патологиялық Q тісшесі I, aVL, V1- V3 әкетулерінде болса ошақты өзгеріс орналасады:
сол қарыншаның артқы-базалды аймағында
сол қарыншаның жоғары-базалды аймағында
оң жүрекшеде
+сол қарыншаның алдыңғы-қарыншааралық перде аймағында
төменгі қабырға аймағында
102. Патологиялық Q тісшесі I, aVL, V5- V6 әкетулерінде болса ошақты өзгеріс орналасады:
сол қарыншаның артқы-базалды аймағында
сол қарыншаның жоғары-базалды аймағында
оң жүрекшеде
+сол қарыншаның алдыңғы-бүйір аймағында
төменгі қабырға аймағында
103. ЭКГде R1>R2>R3 АVF тіркемесіндегі R = S тісшесіне. ЖЭО ығысуы қандай?
A) ЖЭО солға ығысуы
B) ЖЭО оңға ығысуы
C) қалыпты ЖЭО
D) +горизонтальды ЖЭО
E) вертикальды ЖЭО
104. ЭКГде R2>R1>R3. ЖЭО ығысуы қандай?
A) ЖЭО солға ығысуы
B) ЖЭО оңға ығысуы
C) +қалыпты ЖЭО
D) горизонтальды ЖЭО
E) вертикальды ЖЭО
105. ЭКГ R2>R3>R1 АVF тіркемесінде R тісшесі анық. ЖЭО ығысуы қандай?
A) ЖЭО солға ығысуы
B) ЖЭО оңға ығысуы
C) қалыпты ЖЭО
D) горизонтальды ЖЭО
E) +жартылай вертикальды ЖЭО
106. Физикалық жүктемемен ЭКГ сынама жүргізуге көрсеткішті таңдаңыз:
A) миокард инфарктінің жедел кезеңі
B) айқын қолқа стенозы
C) ЖИА, тұрақсыз стенокардия
D ) +ЖИА болуы
E ) жүректің созылмалы жетіспеушілігі III дәрежесі
107. Физикалық жүктемемен ЭКГ сынама жүргізуге қарсы көрсеткішті таңдаңыз:
A) ЖИА ауыратын науқастың еңбекке қабілеттілігін бағалау
B) емнің тиімділігін бағалау
C) +ЖИА, тұрақсыз стенокардия
D ) ЖИА ауыратын науқас қауіп дәрежесін бағалау
E ) ИМ ауырғаннан кейін болжамды бағалау
108. Төменде аталғандардың қайсы велоэргометриялық сынақты тоқтату үшін клиникалық критериге жатпайды?
A) стенокардия ұстамасының пайда болуы
B) АҚ жоғарылауы: систолалық АҚ 230 мм сн.бғ. және и диастолалық АҚ 130 мм сн.бғ
C) АҚ-ның 25-30% төмендеуі
D) науқастың жасына байланысты максимальді немесе субмаксимальді ЖСЖ санына жеткізу
E) +АҚ жоғарылауы: систолалық АҚ 160 мм сн.бғ. және диастолалық АҚ 100 мм сн.бғ.
109. Синусты тахикардияның ЭКГ-белгілері:
А) +ЖЖЖ минутына 90 көп
В) ЖЖЖ минутына 59 төмен болуы
С) Синоатриальді бөгеме
D) Р тісшесінің амплитудасының үлкеюі
Е) QRS комплексінің кеңеюі
110. Синусты брадикардияның ЭКГ-белгілері:
А) ЖЖЖ минутына 90 көп
В) +ЖЖЖ минутына 59 төмен болуы
С) РQ интрвалының қысқаруы
D) Р тісшесінің енінің кеңеюі
Е) QRS комплексінің кеңеюі
111. Идиовентрикулярлы ырғаққа тән белгілер:
А) синусты тахикардия
В)+ QRS кеңеюі және дефомациясы
С) Р тісшесінің QRS комплексінің алдында болуы
D) Теріс Р тісшесінің QRS комлексінен кейін орналасуы
Е) QRS өзгермейтін комплексі
112. Ырғақтың жүрекшелер бойымен миграциалануына тән:
А) QRS ³ 0,12 с
В)+ біртіндеп, циклден циклге Р тісшесінің пішіні мен полярлығының өзгерістері
С) III дәрежелі атриовентрикулярлы блокада
D) компенсаторлы паузаның болуы
Е) Р тісшесінің амплитудасының кеңеюі
113. Науқаст 65 жаста созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен ауырады, ЭКГ көрінісі: ЖЭО солға ауытқыған, өтпелік зона солға ығысқан, RV5,6 + SV1,2 тісшесі > 35 мм. Науқаста қандай ЭКГ өзгерістері бар?
A) оң жақ қарыншаның гипертрофиясы
B) +сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
C) жедел миокард инфаркты
D) экссудативті перикардит
E) екі қарыншаның гипертрофиясы
114. Ауруханаға Конн синдромымен 40 жастағы науқас жатқызылды. ЭКГ көрінісі: ЖЭО солға ауытқыған, өтпелік зона солға ығысқан, RV5,6 + SV1,2 тісшесі> 45 мм. Науқаста қандай ЭКГ өзгерістері бар?
A) оң жақ қарыншаның гипертрофиясы
B) +сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
C) жедел миокард инфаркты
D) экссудативті перикардит
E) екі жүрекшенің гипертрофиясы
115. Кушинг ауруымен науқастың ЭКГ көрінісінде: ЖЭО солға ығысқан, өтпелік зона оңға ауытқыған, R AVL + SV3 тісшесі > 28 мм. Науқаста қандай ЭКГ өзгерістері бар?
A) оң жақ қарыншаның гипертрофиясы
B) +сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
C) жедел миокард инфаркты
D) экссудативті перикардит
E) екі жүрекшенің гипертрофиясы
116. Жасы 40-тан асқан адамдарда сол жақ қарынша гипертрофиясындағы ЭКГбелгісіндегі Соколов-Лайон индексінің өзгерісі:
A) 20 мм - ден көп
B) 25 мм – ден көп
C) +35 мм - ден көп
D) 28 мм – ден көп
E) 30 мм – ден көп
117. Толық емес жүрекшеішілік блокада кезіндегі ЭКГ-белгіні көрсетіңіз:
A) Р тісшесінің біртндеп екіге бөлінуі
B) Жүрекшелік диссоциация
C) тісше Р > 0, 1 сек
D) Р тісшесінің екінші теріс фазасының жоғалуы
E) +Р тісшесінің жарықшақтануы
118. I дәрежелі атриовентрикулярлық блокаданың ЭКГдегі негізгі белгісі болып табылады:
А) QRS комплексінің түсіп қалуы
B) Р тісшесінің түсіп қалуы
C) +P – Q интервалының ұзаруы
D) Q – T интервалының ұзаруы
E) атриовентрикулярлық диссоциация
119. Ревматизмдік емес миокардитпен ауыратын науқаста ЭКГде P-Q интервалының 0,28 сек. дейін ұзаруы анықталды. Мұндай өзгеріс қандай ырғақ бұзылысына тән?
А) +атриовентрикулярлық блокада I дәрежесі
B) блокада Мобитц I
C) блокада Мобитц II
D) толық көлденең блокада
E) синоаурикулярлық блокада
120. 60 жастағы ер адам Н. жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, қысқа мерзімде естен тануға шағымданады. Объективті: жүрек тондары тұнық, пульс 40 рет мин. ЭКГде: жүрек электрлік осінің солға ығысуы. Екі дербес ырғақ: жүрекше ырғағы – 80 рет мин және қарынша ырғағы – 40 рет мин. Р тісшесі ЭКГнің әр түрлі аймақтарында, QRS комплексіне тәуелсіз орналасқан, қарыншалық комплекс деформацияланған. Қандай ырғақ бұзылысы?
А) синусты аритмия
B) жыбыр аритмиясы
C) блокада Мобитц I
D) блокада Мобитц II
E) +толық көлденең блокада
121. Жүрек тұсында кенеттен, интенсивті түрдегі ауыру сезімі бар науқаста (клиникасына миокард инфаркты диагнозы қойылған) қысқа уақытқа есінен тану ұстамалары пайда болды. ЭКГ- да ұзақ уақыт аралығына PQRST жойылып кетіп, артынша синустық ырғақ қалыптасты, бірақ қайтадан PQRST жойылып кетеді. Осы есінен тану ұстамаларын қалай атайды?
A) ВольфаПаркинсонаУайт
B) Кончаловский-Румпель-Лееде
C) Самойлов-Венкебах-Торель
D)+ Морганьи-Адамс - Стокс
E) Либман – Сакс
122. Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы кезінде қарыншалардағы ырғақ жүргізушісі:
А) синустық түйін
В) атриовентрикулярлық түйін
С) +Гис шоғыры
D) Пуркинье талшықтары
Е) жүрекше
123. Гис шоғыры тармақтары мен Пуркинье талшықтарындағы импульс жиілігі:
А) 60-80 рет минутына
В) 40-60 рет минутына
С) +20-40 рет минутына
D) 80-100 рет минутына
Е) 300-400 рет минутына
124. Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы кезінде байқалады:
+V5- V6 тіркемелерінде QRS комплексі кеңейген және деформацияланған және V1- V3 тіркемелеріндегі терең S тісшесімен SТ сегментінің көтерілуі
V1- V2 тіркемелерінде QRS комплексі кеңейген және деформацияланған және V5- V6 тіркемелеріндегі кеңейген S тісшесі
V1 тіркеместінде R тісшесінің деформациясы мен кеңеюі және V6 тіркемесінде S тісшесінің кеңеюі
QRS комплексі 0.11 с
жүректің электр осінің оңға ығысуы
125. Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы ЭКГ белгісін көрсетіңіз:
А) жүректің электр осінің солға ығысуы
В)+ комплекс QRS > 0,12 сек және түрі V1-V2, III rSR типте
С) QRS комплексі 0,11 сек
D) V1-V4 оң дельта толқын
Е) жүректің электр осінің күрт солға ығысуы
126. Электрокардиограммада Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы анықталды. ЭКГде қандай белгілер болады?
А) жүректің электр осінің горизонтальді бағыты
В) жүректің электр осінің күрт оңға ығысуы
С) +жүректің электрлік осінің солға ығысуы және II тіркемедегі S тісшесінің амплитудасы > R тісшесінен
D) оң кеуде тіркемелерінде qRs комплексі
Е) QRS комплексі 0,12 с
127. Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы анықталды. ЭКГде қандай белгілер болады?
А) жүректің электр осінің айқын солға ығысуы
В) жүректің электр осі горизонтальді бағытта
С) сол кеуделік тіркемелерде qRs комплексі
D) +жүректің электрлік осінің айқын оңға ығысуы және II стандарттық әкетуде R> S
Е) QRS комплексінің ені 0,12 с
128. V1–V2 тіркемелерінде rSR1 түріндегі қарыншалық комплекстер болуы мүмкін:
А)+ Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасында
В) Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасында
С) синоаурикулярлы блокадада
D) толық көлденең блокадада
Е) сол қарынша гипертрофиясында
129. ЭКГ – да QRS > 0.12 сек., кеш R тісшесі V1–V2 тіркемелерінде қиғаш төмен ығысқан ST сегментімен және теріс T тісшесімен ұласқан, S тісшесі I, V5-V6 тіркемелерінде кеңейген. Дұрыс анықтаманы таңдаңыз.
А) пароксизмальді қарыншалық тахикардия
В) + Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы
С) жыпылықтаушы аритмия
D) Гисс шоғырының сол аяқшасының блокадасы
Е) жүрекшелер тыпырлауы
130. Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына тән болатын ЭКГ белгіні көрсетіңіз:
А) жүректің электр осінің оңға ығысуы
В) жүректің электр осі қалыпты бағытта
С) синусты брадикардия
D) QRS > 0.12 сек.
Е) +QRS комплексі I, AVL тіркемелерінде qR түрінде, ал II, III, AVF – rS түрінде
131. Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасына тән болады:
+I, AVL, V5 – V6 тіркемелерінде биік және кең R
III, AVF тіркемелерінде QRS комплексі rSR немесе rsR түрінде, М-тәрізді пішінде, R > r
QRS ұзақтығы 0,08-0,11 сек.
жүректің электр осінің оңға ығысуы
жүректің электр осі вертикальі бағытта
132. Жүрекшенің жоғарғы бөлігінен туындаған жүрекшелік экстрасистолияға тән белгі:
А) Р тісшесі оң және QRS комплексінің артында орналасады
В) +Р тісшесі оң, деформацияланған, QRS комплексінің алдында орналасады
С) Р тісшесі теріс және QRS комплексінің артында орналасады
D) Р тісшесі теріс, деформацияланған, QRS комплексінің алдында орналасады
Е) Р тісшесі екіфазалы QRS комплексінің артында
133. Жүрекшенің ортаңғы бөлігінен туындаған жүрекшелік экстрасистолияға тән белгі:
А) Р тісшесі оң және QRS комплексінің артында орналасады
В) Р тісшесі оң, деформацияланған, QRS комплексінің алдында орналасады
С) Р тісшесі теріс және QRS комплексінің артында орналасады
D) Р тісшесі теріс, QRS комплексінің алдында орналасады
Е) +Р тісшесі екіфазалы QRS комплексінің алдында
134. Жүрекшенің төменгі бөлігінен туындаған жүрекшелік экстрасистолияға тән белгі:
А) Р тісшесі оң және QRS комплексінің артында орналасады
В) Р тісшесі оң, деформацияланған, QRS комплексінің алдында орналасады
С) Р тісшесі теріс және QRS комплексінің артында орналасады
Д) +Р тісшесі теріс, деформацияланған, QRS комплексінің алдында орналасады
Е) Р тісшесі екіфазалы QRS комплексінің алдында
135. Атриовентикулярлық түйіннен туындаған жүрекше және қарыншаның бір мезетте қозуымен жүретін экстрасистолияға тән:
А) Р тісшесі оң және QRS комплексінің артында орналасады
В) Р тісшесі оң, деформацияланған, QRS комплексінің алдында орналасады
С) Р тісшесі теріс және QRS комплексінің артында орналасады
D) Р тісшесі кеңейген QRS комплексімен бірігеді
Е) +Р тісшесі кеңеймеген QRS комплексімен бірігеді
136. Атриовентикулярлық түйіннен туындаған жүрекшелерден бұрын қарыншалардың қозуымен жүретін экстрасистолаларға тән:
А) Р тісшесі оң және кеңеймеген QRS комплексінің артында орналасады
В) Р тісшесі оң, деформацияланған, QRS комплексінің артында
С) +Р тісшесі теріс, кеңеймеген QRS комплексінің артында
D) Р тісшесі кеңейген QRS комплексімен бірігеді
Е) Р тісшесі кеңеймеген QRS комплексімен бірігеді
137. Қарыншалық экстрасистолияға тән:
Р тісшесі оң және кеңеймеген QRS комплексінің артында орналасады
Р тісшесі оң, деформацияланған, QRS комплексінің артында
толық емес компенсаторлы пауза
Р тісшесі кеңеймеген QRS комплексімен бірігеді
+толық компенсаторлы пауза
138. Қарыншалық экстрасистолияда ошақ оналасады:
+Гис шоғырының оң немесе сол аяқшасында
Гис шоғырының оң аяқшаыснда
Гис шоғырының сол аяқшасында
сол жүрекшеде
оң жүрекшеде
139. Қарыншалық экстрасистолияға тән белгіні таңдаңыз:
+QRS комплексі кеңейген, деформацияланған
Р тісшесі оң, деформацияланған, QRS комплексі алдында
Р тісшесі екіфазалы, QRS комплексі алдында
Р тісшесі теріс, кеңейген, деформацияланған QRS комплексі алдында
Р тісшесі теріс, кеңейген, деформацияланған QRS комплексі артында
140. Қарыншаларға уақытынан бұрын өткізілетін және жүрекшелерге ретроградты өткізілетін пароксизмальді түйіндік тахикардияға тән:
А) Р тісшесінің болмауы
В) +кеңеймеген қарыншалық комплекстен кейін теріс Р тісшесі тіркеледі
С) кеңеймеген қарыншалық комплекстен кейін оң Р тісшесі тіркеледі
D) кеңейген қарыншалық комплекстен кейін теріс Р тісшесі тіркеледі
Е) кеңейген қарыншалық комплекстен кейін оң Р тісшесі тіркеледі
141. Пароксизмальді жүрекшелік тахикардияға тән:
А) +изолиниясы бар, Р тісшесі деформацияланған, екі фазалы, теріс
В) QRS комплексі кеңейген, деформацияланған
С) жүрек соғу ұстамасының біртіндеп басталуы, ырғақ жиілігі минутына 100-120 рет
D) Р тісшесі деформацияланған, екі фазалы, теріс, изолиниясы жоқ
Е) изолиниясы және Р тісшесі жоқ
142. Атриовентрикулярлы байламнан шыққан пароксизмальді тахикардияға тән:
А) кеңейген QRS комплексінен кейін теріс Р тісшесінің тіркелуі
В) кеңейген QRS комплексінен кейін оң Р тісшесінің тіркелуі
С) кеңейген QRS комплексінің алдында теріс Р тісшесінің тіркелуі
D) +кеңеймеген QRS комплексінен кейін теріс Р тісшесінің тіркелуі
Е) кеңеймеген QRS комплексінен кейін оң Р тісшесінің тіркелуі
143. Пароксизмальді қарыншалық тахикардияға тән:
А) QRS комплексінің кеңейуі және деформациялануы
+В) QRS комплексі кеңейген, жиырылу жиілігі минутына 140-220 рет
С) изолиниясы бар
D) жиырылу жиілігі минутына 100-120 рет
Е) жиырылу ырғағы дұрыс емес
144. Пароксизмальді қарыншалық тахикардияға тән:
А) +біріккен жиырылулар, қарыншалардың қамтылуы болады
В) QRS кеңеймген, жиырылу жиілігі минутына 140-220 рет
С) изолиниясы бар
D) жиырылу ырғағы дұрыс минутына 100-120 рет
Е) жиырылу ырғағы дұрыс емес
145. Пароксизмальді қарыншалық тахикардияға тән:
А)+ қарыншалар мен жүрекшелер қызметінің диссоциациясы
В) QRS комплексі кеңеймеген, жиырылу жиілігі минутына 140-220 рет
С) изолиниясы бар
D) жиырылу ырғағы дұрыс минутына 100-120 рет
Е) жиырылу ырғағы дұрыс емес минутына 140-240 рет
146. Жүрекшелердің жыпылықтауына тән:
А) Гис шоғырында қозудың пайда болуы
В) Қозу Пуркинье талшықтарында пайда болады
С) қарыншаларды қамтуы
D) жиырылулардың бірігуі
Е) +тұрақты емес, пішіні және амплитудасы әртүрлі жүрекшелік фибрилляция толқындары
147. Жүрекшелік жыпылықтауда жүрекшелердің жиырылу жиілігі:
А) минутына 100-120
В) минутына 140-220
С) минутына 60-40
D) +минутына 350-700
Е) минутына 1200-1500
148. Ересектерде PQ интервалының ұзақтығы (қалыптыда сек.):
0,08-0 ,1 2 сек
0,14-0,22 сек
0,22-0,24 сек
0,04 - 0,08 сек
+0,12 - 0,20 сек
149. ЭКГ: қарыншалар ырғағы дұрыс емес, V1-V2, III, aVF әкетулерде жақсы көрінетін f толқындары. Бұл қандай патология?
A) +жүрекшелер фибрилляциясы
B) жүрекшелер тыпырлауы
C) жүрекшелік пароксизмальді тахикардия
D) түйіндік пароксизмальді тахикардия
E) қарыншалық пароксизмальді тахикардия
150. Сол қарыншаның алдыңғы- қарыншааралық перденің Q- емес миокард инфарктының жедел сатысына тән ЭКГ белгілерді көрсетіңіз:
+V1- V3 тіркемелерде ST сегментінің депрессиясы
III, aVF, V5, V6 тіркемелерінде теріс Т тісшесі
V3, V4 тіркемелерде ST сегментінің депрессиясы
барлық кеуделік тіркемелерде ST сегментінің депрессиясы
барлық кеуделік тіркемелерде Т тісшесінің негативтелуі
151. Сол қарыншаның бүйір қабырғаларының Q- емес миокард инфарктының жедел сатысына тән ЭКГ белгілерді көрсетіңіз:
V1- V3 тіркемелерде ST сегментінің депрессиясы
III, aVF, V5, V6 тіркемелерінде теріс Т тісшесі
V3, V4 тіркемелерде ST сегментінің депрессиясы
+ST в V5, V6 ST сегментінің депрессиясы
барлық кеуделік тіркемелерде Т тісшесінің негативтелуі
152. Субэндокардиальді зақымданудың ЭКГ белгісі болып табылады:
А) екі фазалық Т тісшесі
В) биік Т тісшесі, үшкір ұшты, симметриялы
С) патологиялық Qтісшесі
D) STсегментінің доға тәрізді элевациясы, дөңестігі жоғары қараған
Е) +ST сегментінің доға тәрізді депрессиясы, дөңестігі төмен қараған
153. Сол жақ қарыншаның алдыңғы және бүйір қабырғаларының Q- емес миокард инфарктының ЭКГ белгілері орналасады:
+I, II, AVL, V5-V6 тіркемелерде
III, AVF тіркемелерде
III, AVF, V5-V6 тіркемелерде
I, II V1-V2 тіркемелерде
III, AVF, V1-V2 тіркемелерде
154. ЭКГ-дағы қандай белгілер сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының Q-емес субэндокардиальді түрдегі инфаркт миокардындының жедел сатысында болуы мүмкін?
А) +ST сегментінің I, II, aVL тіркемелерде депрессиясы
В) STсегментінің I, II, aVL тіркемелерде көтерілуі, III, aVF, V5, V6 тіркемелерде теріс Т тісшесі
С) I, aVL,V1- V3 тіркемелерде STсегментінің көтерілуі, патологиялық Q тісшесі, ST сегментінің II, III, aVF тіркемелерде депрессиясы
D) STсегментінің I, aVLV5- V6 тіркемелерде көтерілуі, II, III, aVF тіркемелерде ST сегментінің депрессиясы
Е) ST сегментінің aVL тіркемеде көтерілуі, II, III, aVF тіркемелерде ST сегментінің депрессиясы
155. Q- миокард инфарктындағы жүрек ұшының сол жақ қарынша аумағының жедел сатыдағы ЭКГ-көріністерініе тән:
ST сегментінің III, aVF, V1 тіркемелерінде көтерілуі; I, II, aVL тіркемелерде ST сегментінің депрессиясы; II, III, aVF тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі
ST сегментінің I, II, aVL тіркемелерінде көтерілуі; III, aVF, V5, V6 тіркемелерінде теріс Т тісшесі
+ST сегментінің V3, V4 тіркемелерінде көтерілуі; V3, V4 тіркемелерінде патологиялық Q тісше
Кеуде тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы
Кеуде тіркемелерінде Т тісшенің негативтенуі
156. Жедел сатыдағы ірі ошақты артқы -диафрагмалық миокард инфарктінің ЭКГ белгілері:
+ST сегментінің III, aVF, II тіркемелерінде көтерілуі ; I, aVL, V2-4 тіркемелерде ST сегменттің депрессиясы; III, aVF тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі
ST сегментінің II, III тіркемелерінде депрессиясы; I, II, aVL тіркемелерінде теріс Т тісшесі; III, aVF тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі
ST сегментінің II, III, aVF тіркемелерінде депрессиясы; I, II, aVL тіркемелерінде ST сегментінің көтерілуі; III, aVF тіркемеде теріс Т тісшесі
ST сегментінің I, aVR, кеуде тіркемелерінде көтерілуі
Патологиялық Q тісшесі V1-3 тіркемеде
157. Инфаркт миокардының тыртықты сатысына тән:
А) +Патологиялық Q тісшесі, ST сегменті изолинияда, Т тісшесі оң
В) Патологиялық Q тісшесінің жойылуы
С) QS тісшесі, ST сегментінің сегментінің изолиниядан жоғарылауы
D) ST сегментінің Т тісшесімен бірге изолиниядан төмен тұруы
Е) ST сегментінің изолиниядан жоғары көтерілуі
158. Жедел трансмуралды миокард инфарктісінде ЭКГ- да болатын өзгерістерді көрсетіңіз :
RS-Т сегментінің депрессиясы
В) +RS-Тсегментінің изолиниядан жоғары ығысуы және монофазада Т тісшесімен бірігуі
QRS комплексінің деформациясы мен кеңеюі
Q тісшесі R тісшесінің 1/4 бөлігіне тең, ұзақтығы 0,02 сек
биік, үшкір Р тісшесі
159. Науқастың ЭКГ көрінісі: Q тісшесі R тісшесінің ½ бөлігіне тең, I, AVL, V5-V6 тіркемелерде ұзақтығы 0,04", ST сегменті изолинияда, Т тісшесі оң. ЭКГ диагнозын дұрыс қойыңыз:
А) артқы қабырғасының ишемиясы
В) + алдыңғы – бүйірлік аумақтың тыртықты өзгерістері
С) алдыңғы – бүйірлік қабырғаның инфаркты, жеделдеу сатысы
D) артқы - диафрагмалық аумақта тыртықты өзгерістер
Е) алдыңғы – бүйірлік қабырғаның инфаркты, жедел сатысы
160. Жедел ірі ошақты артқы -диафрагмалық миокард инфарктісіне тән ЭКГ- дағы патогномдық белгілер :
А) III, AVF, II тіркемелерде SТ сегментінің реципроктты өзгерістері
В) SТ сегментінің (корыто тәрізді) ығысуы
С) SТ сегментінің депрессиясы
D) +III, AVF, II тіркемелерде патологиялық Q тісшесі
Е) QRS комплексінің кеңеюі
161. ЭКГ – да трансмуралды инфаркт миокардының белгілеріне тән:
А) ST сегментінің горизонталды депрессиясы
В) ST сегментінің қиғаш - жоғарлаушы депрессиясы
С) терең теріс T тісшесі
D) +патологиялық QS тісшесі
Е) биік үшкір Т тісшесі
162. Жедел сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының миокард инфарктысында болатын ЭКГ белгілері :
ST сегментінің көтерілуі, II, III, aVF тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі , I, II, aVL тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы
ST сегментінің I, II, aVL тіркемелерінде көтерілуі, III, aVF, V5, V6 тіркемелерінде теріс Т тісшесі
+I, aVL V1- V3 тіркемелерінде ST сегментінің көтерілуі және патологиялық Q тісшесі, II, III, aVF тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы
ST сегментінің I, aVL V5- V6 тіркемелерінде көтерілуі, ST сегментінің II, III, aVF тіркемелерінде депрессиясы
ST сегментінің aVL тіркемелерінде көтерілуі, II, III, aVF тіркемелерінде ST депрессиясы
163. Сол қарыншаның артқы қабырғасындағы ірі ошақты миокард инфарктының жеделдеу сатысына тән ЭКГ өзгерістерді атаңыз:
+Патологиялық Q тісшесі III, aVF, II тіркемелерінде, ST сегменті изолинияда, теріс Т тісшесі
ST сегментінің II, III тіркемелерінде депрессиясы, I, II, aVL тіркемелерінде теріс Т тісшесі
ST сегментінің II, III, aVF тіркемелерінде депрессиясы, I, II, aVL тіркемелерінде ST сегментінің көтерілуі
ST сегментінің I, aVL V5- V6 тіркемелерінде көтерілуі, II, III, aVF тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы
ST сегментінің I, aVL V1- V3 тіркемелерінде көтерілуі, II, III, aVF тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы
164. Ер кісіні төс артының қысып ауыруы, АҚ 180/100 мм.сн.бғ. жоғарылауына шағыммданады. ЭКГ –да: Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы алғаш анықталды. Нақаста қандай диагноз болуы мүмкін:
А) +миокард инфаркты
В) артериальді гипертония
С) үдемелі стенокардия
D)алғаш дамыған стенокардия
Е) инфаркттан кейінгі кардиосклероз
165. Науқас әйелді төс артының ұзақ уақытқа созылатын ауру сезімдері мазалайды. ЭКГ көрінісі: Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы. Миокард инфарктының бар екендігін білдіреді:
А) гипергликемия
В) гиперкоагуляция
С) +некроз маркерлері
D) 10 күннен жоғары лейкоцитоз
Е) тромбоцитоз
166. Науқас әйелдің ЭКГ зерттеуінде Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы және q(Q)R түрде қарыншалық экстрасистола анықталды. Бұл нені білдіреді:
А) үдемелі стенокардияны
В) алғаш дамыған стенокардияны
С) +миокард инфарктын
D) Принцметал стенокардиясын
Е) I -функционалдық кластың тұрақты күштену стенокардиясын
167. Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы бұтағының блокадасымен алдыңғы қабырғаның миокард инфаркты бірігіп келгенде ЭКГ-да тіркеледі:
А) электрлік өстің солға ығысуы
В) кеуделік тіркемелерде, I, avL тіркемелерде патологиялық Q тісшесі, және электрлік өстің айқын оңға ығысуы
С) +кеуделік тіркемелерде, I, avL тіркемелерде патологиялық Q тісшесі, және электрлік өстің айқын солға ығысуы
D) кеуделік тіркемелерде патологиялық Q тісшесі, және қалыпты электрлік өс
Е) электрлік өстің анықталмауы, сол қарыншаның гипертрофиясы
168. Гис шоғыры сол аяқшасының артқы бұтағының блокадасымен алдыңғы-бүйір қабырғаның миокард инфаркты бірігіп келгенде ЭКГ-да тіркеледі:
А) стандарттық тіркемелерде патологиялық Q тісшесі, кеуде тіркемелерінде ST сегменті изолиниядан жоғары
В) стандарттық тіркемелерде және кеуде тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі
С) +QRS V4-V6, I, avL тіркемелерде QS түрінде; кеуде тіркемелерінде ST сегметі изолиниядан жоғары; III, avF тіркемелерінде биік R тісшесі
D) стандарттық тіркемелерде ST сегментінің изолиниядан жоғарылауы
Е) стандарттық тіркемелерде ST сегментінің депрессиясы
169. Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасымен алдыңғы-септальді қабырғаның миокард инфаркты бірігіп келгенде ЭКГ-да тіркеледі:
А) V1- V2 тіркемелерде rSR
B) V5- V6 тіркемелерде Q тісшесі
C) V4 тіркемеде Q тісшесі
D) +V1- V2 тіркемелерде qR немесе QR, R тісшесі кеңейген
E) V1- V6 тіркемелерінде qR
170. Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасымен алдыңғы-септальді қабырғаның миокард инфаркты бірігіп келгенде ЭКГ-да тіркеледі:
А) V1- V2 тіркемелерде rSR
B) V5- V6 тіркемелерде Q тісшесі
C) V4 тіркемесінде ST сегментінің жоғарылап теріс Т тісшесіне ұласуы, QRS комплексі кеңейген
D) +V1- V2 тіркемелерінде ST сегментінің жоғарылап теріс Т тісшесіне ұласуы, QRS комплексі кеңейген
E) V1- V6 тіркемелерінде ST сегментінің жоғарылап теріс Т тісшесіне ұласуы, QRS комплексі кеңейген
171. Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасымен сол қарыншаның бүйір қабырғасының миокард инфаркты бірігіп келгенде ЭКГ-да тіркеледі:
А) V1- V2 тіркемелерінде кең және терең Q тісшесі, кең S тісшесі
В) +V5-V6 тіркемелерінде кең және терең Q тісшесі, кең S тісшесі
С) V4 тіркемесінде кең және терең Q тісшесі, кең S тісшесі
D) AVF тіркемесінде ST сегментінің жоғарылауы
Е) V1-V2 тіркемелерінде ST сегментінің жоғарылауы
172. PQ интервалының қай көрсеткіші қалыпты болып саналады?
А) 0,10-0,12
В) +0,12-0,20
С) 0,11-0,17
D) 0,12-0,24
E) 0,10-0,20
173. Қалыпты түрде QRS кешенінің үзақтығы ?
А) 0,01 – 0,05
В) 0,10 – 0,15
С) 0,03 – 0,11
D) +0,06 – 0,10
E) 0,06 – 0,20
174. Қалыпты түрде Р тісшесінің үзақтығы?
А) 0,01 – 0,06
В) 0,03 – 0,08
С) +0,06 – 0,10
D) 0,12 – 0,20
E) 0,09 - 0,18
175. Қалыпты жағдайдағы Q тісшесінің тереңдігі?
А) Т тісшесінің 1/ 2
В) Т тісшесінің 1/ 3
С) +Т тісшесінің 1/ 4
D) Т тісшесінің 1/ 10
E) Т тісшесінің 1/ 6
176. R тісшесінің ең биік амплитудасы қалыпты жағдайда қай кеуде шықпасында байқалады?
А) V 6
В) V 2
С)+ V 4
D) V 3
E) V 5
177. Қалыпты түрде ЖСЖ синусты ырғағында 1минутта қанша болады?
+60 - 80
20 - 30
40 - 60
90 - 120
20 – 40
178. Қалыпты түрде РQ интервалының ұзақтығы қалай өлшенеді?
Р тісшесінің басынан Т тісшесінің аяғына деиін
Р тісшесінің басынан R тісшесінің аяғына деиін
Р тісшесінің басынан S тісшесінің аяғына деиін
Р тісшесінің басынан Q тісшесінің аяғына деиін+
Р тісшесінің басынан Q тісшесінің басына деиін
179. Қалыпты түрде QRS кешеңінің ұзақтығы қалай өлшенеді ?
A) Р тісшесінің басынан Т тісшесінің аяғына деиін
B) Р тісшесінің басынан S тісшесінің аяғына деиін
C) +Q(R) тісшесінің басынан S тісшесінің аяғына деиін
D) Р тісшесінің басынан Q тісшесінің аяғына деиін
E) Р тісшесінің басынан Q тісшесінің басына деиін
180. Идиовентрикулярлық ырғаққа тән:
А) +QRS ³ 0,12 с
В) жиі R-R аралығы әр түрлі
С) атриовентрикулярлы диссоциация
D) Р-Р аралығы әр түрлі
Е) QRS = 0, 08 с
181. Сол қарыншадан шығатын идиовентрикулярлы ырғаққа тән:
А) Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасына ұқсайды
В)+ Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасына ұқсайды
С) V4-6, AVL әкетулерінде кеңейген R тісшесі
D) V1-2, III, AVF әкетулерінде кең және терең S тісшесі
Е) QRS комплексі кеңеймеген
182. Синус түйіні автоматизмінің бұзылыстары салдарынан дамыған аритмияға жатады:
А) +синусты тахикардия
В) синоатриалды блокада
С) жүрекшелер тыпырлауы
D) жүрекшелере жыпылықтауы
Е) пассивті жүрекшелік ырғақ
183. Оң қарыншадан шыққан идиовентрикулярлы ырғаққа тән:
А) +Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасына ұқсайды
В) Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасына ұқсайды
С) V5-6 әкетулерінде айқын S тісшесі
D) V1-2 әкетулерінде R негізгі тісше
Е) QRS комплексі кеңеймеген
184. Пассивті эктопиялық комплекстер жәәне ырғақтарға жатады:
А) Синусты аритмия
В) Синусты тахикардия
С) +ырғақ жүргізушісінің миграциясы
D) қарыншалық экстрасистолия
Е) синус түйінінің әлсіздік синдромы
185. Суправентрикулярлы ырғақ жүргізушісі миграциясының ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:
А) жыпылықтаушы аритмия, нормосистолалық түрі
В) +Р тісшесі пішіні мен полярлығының циклдан келесі циклға біртіндеп өзгеруі
С) Суправентрикулярлы экстрасистолия
D) QRS комплексінің түсіп қалуы
Е) жүрекшелер тыпырлауы
186. Науқас ер кісі, 65 жаста, созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар, ЭКГ-да: ЖЭО солға ығысқан, өтпелі зона оңға ығысқан, R тісшесі V5,6 + SV1,2 > 35 мм. Осы науқастың ЭКГ-да қандай өзгеріс бар болуы мүмкін?
A) оң қарынша гипертрофиясы
B)+сол қарынша гипертрофиясы
C) жедел миокард инфаркты
D) экссудативті перикардит
E) екі қарыншаның гипертрофиясы
187. Науқас ер кісі, 39 жаста, артериальді гипертониясы бар, ЭКГ-да: ЖЭО солға ығысқан, өтпелі зона оңға ығысқан, R тісшесі V5,6 + SV1,2 > 45 мм. Осы науқастың ЭКГ-да қандай өзгеріс бар болуы мүмкін?
A) оң қарынша гипертрофиясы
B)+сол қарынша гипертрофиясы
C) жедел миокард инфаркты
D) экссудативті перикардит
E) екі қарыншаның гипертрофиясы
188. ЭКГ-да қарыншалық комплекстердің кеңейуінің себебі болуы мүмкін:
A) +Гис аяқшаларының блокадасы
B) жүрекшеішілік блокада
C) Синоатриальді блокада
D) I дәрежелі атриовентрикулярлы блокада
E) жүрекшелер фибрилляциясы
189. II дәрежелі Мобица I түріндегі толық емес атриовентрикулярлы блокаданың ЭКГ белгісі болуы мүмкін:
А) тұрақты түрде P-Q интервалының ұзаруы
B)+ P-Q интервалының біртіндеп ұзаруы және QRS комплексінің түсіп қалуы
C) Q – Т интервалының қысқаруы
D) P-Q интервалының қысқаруы
E) QRS комплексінің кеңейуі
190. III дәрежелі A-V блокадасының емі:
Қарыншааралық пердені сылу
+кардиостимулятор имплантациясы
Кордарон
Изоптин
Эуфиллин
191. PQ интервалының біртіндеп ұзаруынсыз QRS комплекстерінің түсіп қалуы тән болады:
Достарыңызбен бөлісу: |