Аспирантура, докторантура және резидентура бөлімі 22-23 қазанда бірінші оқу жылының резиденттері академик Т.Ш.Шармановтың 80-жылдығына арналған «Тамақтану және денсаулық» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.
Ізденушілердің, аспиранттардың, докторанттардың диссертация тақырыбының өзгеруі, ғылыми кеңесшісінің ауысуы және диссертациялық жұмысының орындалу мерзімін ұзарту туралы құжаттары дайындалып және ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде қарастыруға берілді.
БСЗБжМБРҒН Орталықтың аға әдіскері С.Р. Керімбаева Қарағанды қаласында 21.10.10.- 22.10.10. «Денсаулық сақтаудың тиімді кепілі – медициналық білімді толық жетілдіру» тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты.