С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет4/22
Дата15.11.2016
өлшемі6,1 Mb.
#1787
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

1. Сабақтың тақырыбы: Тістің құрылысы.

Сөз жүйесі. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.
2. Мақсаты: Сөздің тура және ауыспалы мағыналарынпрактикалық жолмен меңгерту. Кең мағлұмат беру. Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру. «Тістің құрылысы» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту.
3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша сөздің тура және ауыспалы мағыналарынпрактикалық жолмен меңгерте отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.Сөздердің мағынасын түсіндіру.Студенттергетістің пішінін, құрылысын болашақ маман ретінде қазақша айта білуге үйрету. «Тістің құрылысы» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.

Сөздердің мағынасын түсіндіру, грамматикалық ережені қазақ тілінде оқып, түсіну. Ойлауды дамытуға арналған қосымша мәтінді оқу, түсіну.


4. Негізгі ұғымдар:

а) лексика бойынша:Тістің пішініне қарай бөлінуі, түбірлердің құрылысы, түбірлердің құрылысына қарай бөлінуі, бір түбірлі тістер, екі түбірлі тістер, алдыңғы тістер шығу, сүт тістер шығу, сүт тістер түсу, тұрақты тістер шығу.

ә) грамматика бойынша:Лексика саласы туралы жалпы мағлұмат, сөздің тура мағынасы және сөздің ауыспалы мағынасы туралы түсінік.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Коммуникативтік қарым-қатынас, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау, сұхбат, пікірталас,бақылау т.б.

7. Көрнекі құралдар: Тістің құрылысына арналған кесте,сөздің тура және ауыспалы мағыналары көрсетілген кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар.

8. Тапсырмалар

1-тапсырма.Көшіріп жазып, ауыспалы мағыналы сөздердің астын сызыңдар.

Жол бойындағы бұталар анда-санда сілкініп, жапырақтары суыл қағып, назданады. Көз алдыңа күн емес, шарға ұқсаған дөңгелек, қып-қызыл отсонау бір көкжиекке кіріп бара жатқандай. Осыдан кейін Арқаның сирек кездесетін, әдемі, үнсіз, таза, мөлдір түні басталады. Ауа әрі жұмсақ, әрі тәтті, көкірегіңді керіп, ішкі сарайыңды толтыра береді. Сен өмірде болмаған құштарлықпен жұта бересің. Шіркін Көкшенің тынық түні, сені кім сүймес!


2-тапсырма. Төменде берілген тіркестер қандай мағынаны білдіретінін айтыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар.

1.Қалың дәптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім. 2. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы. 3. Қисық ағаш, қисық мінез. 4. Суық күн, суық сөз, суық хабар. 5. Жылы су, жылы сөз. 6. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр сөз, мінезі ауыр.


3-тапсырма. Қарамен терілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңіздер.

Қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю, тарту); қара (қарындаш, сөз, жүрек, тер, дауыл, су, көлеңке); қалың (киім, жұрт, қамыс, бет); жуан (жіп, кісі, ауыл, сіңірлі); жылы (су, сөз, киім, өң); суық (су, сөз, хабар, өң); сары (май, маса, уайым, уыз, қотыр, қарын, ауыз, бауыр, балақ, аяқ, су); бет (әжімі, моншақ, алды, перде, бұрыс, алыс, ашылу, бақтырмау, ашар, қайту, орамал); арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, ойлы, тілек, сөз, дос).


4-тапсырма. «Тістің құрылысы» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

пішін – форма

күрек тістер – резцы

ит тістер – клыки

үлкен азу тістер – моляры

кіші азу тістер – премоляры

құрылысы – строение

түбір – корень

тұрақты тістер – постоянные зубы

жұп – пара

ақыл тіс – зуб мудрости

тіс мойны – шейка зуба

сүйек – кость

беку – укрепиться

қапталу – покрыться

қан тамырлары – кровеносные сосуды

қоректік заттар – питательные вещества

сезімталдық – чувствительность




5-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Пішініне қарай, пішініне қарай бөліну, түбірлердің құрылысы, түбірлердің құрылысына қарай бөліну, бір түбірлі тістер, екі түбірлі тістер, екі қатар болып орналасу, алдыңғы тістер шығу, сүт тістер шығу, сүт тістер түсу, тұрақты тістер шығу, соңғы жұп, соңғы жұп шығу, тістің сыртқы бөлігі, сүйекке бекитін бөлігі, тістің үсті, эмальмен қапталу, тістің асты, тістің іші, тістің іші қуыс, сезімталдық қасиет беру.


6-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Оқу жылдамдығыңызға, ерекше дыбыстардың айтылуына назар аударыңыз.

Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістерболып бөлінеді Ал тістің ең соңғы жұбы – ақыл тіс, бұл адамға 17-25 жас аралығында шығады. Түбірлерінің құрылысына қарай тіс бір түбірлі, екі түбірлі және үш түбірлі болып келеді. Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тіс және ит тістер жатса, үстіңгі жақ сүйектің азулары үш түбірлі, ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады.

Тістің барлық саны – 32. Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ сүйектерге екі қатар болып орналасады. Олардың әрқайсысында 16-дан тіс болады.

Жаңа туған балада тіс болмайды. Бала 6-9 айға жеткенде алдыңғы тістер шыға бастайды. Бұл сүт тістер деп аталады. Бала екі жасқа келгенде оның аузындағы тістерінің саны 20-ға жетеді. Бала 6-7 жасқа толғанда сүт тістері түсіп, оның орнына тұрақты тістер шығады. Бұл тістердің өзгеріп алмасуы 12-14 жасқа дейін аяқталады. Адам 17-19 жасқа келгенде ең соңғы жұп – азу тістер, ақыл тіс шыға бастайды.

Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат – эмальмен (креукемен) қапталады, оның астында қатты зат дентин жатады. Тістің іші қуыс, ол жұмсақ ұлпа – пульпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске коректік заттар, ал жүйке талшықтары оған сезімталдық қасиет береді.


10. Бақылау (құзыреттілік бойынша)

Коммуникативті компетенция бойынша

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Тістер пішініне қарай қалай бөлінеді?

2.Тістің соңғы жұбы қалай аталады?

3.Ақыл тіс қашан шығады?

4.Тіс түбірлердің құрлысына қарай қалай бөлінеді?

5.Сүт тістер қашан шығады?

6.2 жаста баланың тісінің саны қанша болады?

7.Тұрақты тістер қашан шығады?

8.Тістің жалпы құрылысын қалай баяндайсыз?
Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, сөйлем құраңыз.

Жас нәресте, қан тамырлары, жүйке талшықтары, сезімталдық қасиет, қоректік заттар, тіс аурулары, дәруменнің жетіспеушілігі, сүт тістер, бір түбірлі тістер, тістердің саны.


2-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар, онда әр сөз кемінде екі түрлі мағынада қолданылатын болсын.

Ағаш, темір, саңырау, алыс, жол, бұлақ, көз, ащы, тәтті, қол, жан, жар, қабақ, жаға, тұнық, жалын, ұшқын, жеу, қақпақ, қармақ, аю, қасқыр, түлкі, бұлт, күн.


Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

1–тапсырма.

Оң бағандағы етістіктер мен сол жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жазыңыз.

пішініне қарай орналасу (қалай?)

тұрақты тістер түсу (нелер?)

арасынан беру (не?)

сүт тістер шығу (нелер?)

қоректік заттар бөлену (қалай?)

жақ сүйектері өту (қайдан?)
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.Орыс тіліне аударыңыз.

Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыт..., оның жіңішкерген жерін мойн... және сүйегі...бекитін бөлігін тіс...түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат – эмальмен (кіреукемен) қапталады, оның асты... қатты зат дентин жатады. Тіс... іші қуыс, ол жұмсақ ұлпа – пульпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтар... өтеді. Қан тамырлары тіске коректік заттар, ал жүйке талшықтар... оған сезімталдық қасиет бере....


Когнитивті – білім компетенциясы:

1.Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқас тісін ... .

а) барды

ә) жұлдырды

б) шыңылдады

в) емдеу


г) тұрады

2. Сөйлемді аяқтаңыз.

Сау, мықты тіс асты ... ... .

а) шайнау үшін қажет

ә) жүгіру үшін қажет

б) ойлау үшін қажет

в) демалу үшінқажет

г) қыдыру үшін қажет



3. Мамандықты білдіретін сөзді көрсетіңіз.

а) ит тіс

ә) дәрі

б) азу тіс



в) тіс сауыты

г) тіс дәрігері



4. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Тісті ... күту керек.

а) кейін

ә) екі


б) дұрыс

в) оң


г) кеше

5. «Ротовая полость» сөзінің қазақша аудармасын көрсетіңіз.

а) ауыз үсті

ә) ауыз қуысы

б) ерін


в) жұлынғантіс

г) тіс ұяшығы



6. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Хирург- стоматолог бұзылған, ... тістердің түбінжұлады.

а) сау


ә) дәрі

б) ауырады

в) ауру

г) арнайы



7.Ойды бейнелеп, әсерлеп айту үшін қолданылатын арнайы сөз тіркестері қалай аталады?

а) үндестік заңы

ә) бүгін

б) орфоэпия

в) тұрақты сөз тіркестері

г) антоним



8. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) Олар үйін үлкейтіп салуда.

ә) Дәрежесі үлкейген екен.

б) Қарны үлкейді, қампиды.

в) Атамның жасы үлкейді.

г) Бекболаттың көзі үлкейіп барады.



9. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

а) Той тізгінін ұстау асабаға берілді.

ә) Майор мені таныды да, атының тізгінін тартты.

б) Кедейлерге тізгінін тиіпті.

в) Жатқа тізгін бермеңіз.

г) Ашуға аздап тізгін берейік.



10. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

а) Бұлақтың көзі.

ә) Көзіне шөп салды.

б) Көз көрім жер.

в) Матаның көзі бар.

г) Көз-мүше.



11. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

а) Шашымыз да ағарыпты.

ә) Таң ағарғанша ояу отырдық.

б) Күмбез төбесі ағарып тұр.

в) Таң бозарып ағарды.

г) Абай бірде-біріне жығылмай, ағарып шығады.



12. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

а) Торлама кестең әдемі ақ.

ә) Торлама қауынның ғажап иісі болады.

б) Жігітті ой торлап, ұйқысы шайдай ашылды.

в) Шілтерлі кестені торлап тоқыпты.

г) Жігіттің иығында аузы торланған қоржын.





10. Әдебиеттер:

1.Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж 88 б.


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 38-39бет.

 

 

 



 

 



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

4 тақырып: Ақыл тіс.

Тұрақты сөз тіркестері.

2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Сабақтың тақырыбы: Ақыл тіс.

Тұрақты сөз тіркестері.
2. Мақсаты: Тұрақты сөз тіркестерінпрактикалық жолмен меңгерту, мәтінде кездесетін медициналық, терминдердің мағынасын түсіндіріп, мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету. «Ақыл тіс» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту.
3. Міндеті:

а) Когнитивті – білім компетенциясы:Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге үйрету. Сөйлеу барысында тұрақты сөз тіркестеріндұрыс қолдануға машықтандыру; тіркестердің құрамындағы сөздердің орын тәртібінің берік, тұрақтыболуын, орнын ауыстыруға болмайтындығын дәлелдеу.

ә) Операционалды – дағды компетенциясы:Тұрақты сөз тіркестеріндұрыс қолдану арқылы студенттердің өз бетінше жұмыс істей алуына және мәтін бойынша қысқаша аннотация айта білуіне машықтандыру.

б)Коммуникативті компетенция: оқыған мәтіннің мазмұнын жан–жақты талдау арқылы студенттің білім, білік дағдыларын жетілдіру.

в) Өзін-өзі дамыту компетенциясы: мәтінмен түрлі жұмыс жасай отырып, сөздік қорын дамыту, өзіндік ойлау қабілетін арттыру.
4. Негізгі ұғымдар:

а) лексика бойынша:ақыл тістің дамуы, ақыл тістің басқа тістерден ерекшелігі, жақ кальцийленуі, тіс шықпау, мүлде шықпай қалу, тістің қисық орналасуы, көлденең орналасуы, созылмалы түріне өту, шырышты қабықтың ісінуі және қызаруы

ә) грамматика бойынша:ойды бейнелеп, әсерлеп қолданатын тұрақты сөз тіркестері,сөздердің орын тәртібінің тұрақтылығы.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: коммуникативтік қарым-қатынас, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау, сұхбат, пікірталас,бақылау т.б.
7.Көрнекі құралдар: ақыл тіс сабағына арналған кесте, тұрақты сөз тіркестерікөрсетілген кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар.
8.Тапсырмалар.

1-тапсырма.Сөйлемді аяқтаңыз.

Менің тісім сау болуы үшін ......

Жақсы дәрігер болу үшін ......

Денсаулығыңыз жақсы болуы үшін ......

Қазақ тілін үйрену үшін ......

Халқының азаматы болуы үшін ......

Тісіңіз ауырмауы үшін ......

 

2-тапсырма. «Ақыл тіс» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.




даму-развивать

ең шеткі-самый крайний

шамасында-приблизительно

қатайған-затверделый

қөлдедең-поперек

қиналу-мучиться

кешігу-запоздать

кедергі-препятствие

жайылу-распространяться

лимфа түйіндері-лимфатические узлы

толық-полностью

шет-край


кесіп алу-иссечение

кесу-резать

кальцийлену-кальцинировать



3-тапсырма

Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз

Ақыл тістің дамуы, басқа тістерден ерекше, 17-25 жас, жас шамасында, кальцийлену, жақ кальцийленеді, жақ қатаяды, орын аз, орын болмау, ақыл тіске орын қалу, тіс шықпау, мүлде шықпай қалу, тіс шығуға бөгет болу, өз орнында тұру, тістің қисық орналасуы, көлденең орналасуы, созылмалы түріне өту, дене қызуы көтерілу, шырышты қабықтың ісінуі, шырышты қабықтың қызаруы, тәбеті нашарлау.


4-тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Ақыл тістің дамуы басқа тістерден ерекше болады. Ақыл тістер 17-25 жас шамасында, астыңғы жақ калцийленіп қатайған кезде шығады. Кейде ақыл тіске орын аз қалады не мүлдем болмайды, сондықтан ол қатардан шет не мүлде шықпай қалуы мүмкін. 7-тістер артының қызыл иегі мен шырышты қабығы өте қалың болады. Сондықтан ақыл тіс шығуына бөгет болады. Сонымен қоса ақыл тістің кедергімен шығу себебі, оның үлкен, ірі болуынан. Клиникада өте жиі кездесетін жағдайдың бірі-ақыл тістің қисық, көлденең орналасуы. Әрине, бұндай тіс қиналып, кешігіп шығады. Егер ақыл тістің шығуы кешіксе, бірақ өз орнында дұрыс тұрса, онда ол тістің тездеп шығуына жағдай жасау керек. Ол үшін қызыл иекті кесуге болады. Онда бұл тіс толық жарып шығады, қабыну процесі тоқтайды. Ақыл тіс жарғанда бас не жақ аздап сыздап ауырса, не шырышты қабық қабынып іріңдесе, ондай тісті алып тастап, орнын емдеу керек. Себебі, жедел перикоронарит созылмалы түріне өтеді де, қабыну процесі қоршаған жұмсақ тіндер мен сүйекке жайылады. Перикоронарит - ақыл тістің кешігіп жаруында жиі кездесетін қабыну процесі. Алғашында ақыл тістің үстіндегі шырышты қабық қызарып ісінеді. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, тәбеті нашарлайды. Жақ асты лимфа түйіндері үлкейеді. Жұтынғанда, аузын ашқанда ауыру сезімі күшейеді. Сондықтан науқас тез арада дәрігерге көрінуі қажет.
9.Бақылау ( тестілер, тапсырмалар):

Коммуникативті компетенциясы бойынша

1. Ақыл тістің шығуы неге басқа тістерден ерекше?

2. Ақыл тіс қай кезде шығады?

3. Ол кезде қандай процесс жүреді?

4. Ақыл тістің шығуына тағы нелер бөгет болады?

5. Ақыл тісті қай кезде алып тастау керек?

6. Перикоронарит деген не?

7. Бұл аурудың қандай белгілері бар?

8. Егер ақыл тістің шығуы кешіксе, бірақ өз орнында дұрыс тұрса не істеу керек?
Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма.Төмендегі дәрігер мен науқастың сұхбатың оқып шығып, осы сұхбат мазмұны бойынша науқас туралы хабарлама жасаңыз.

1.- Қай жеріңіз аурады?

- Ақыл тісім шығып келеді. Бірақ қисық шығып келе жатқан сияқты.

2.- Аузыңызды ашып, тісіңізді көрсетіңізші. Тісіңіздің шырышты қабығы қызарып, ісіп тұр екен.

- Іріңдеп тұрған жоқ па?

3.- Иә, іріңдеп тұр. Жағыңыз ауыра ма?

- Жағым, басым ауырады.

4.- Жұтынғанда, аузыңызды ашқанда ауыру сезімі күшейе ме?

- Иә, күшейеді және кешке қарай қызуым көтеріледі.

5.- Сіздің ақыл тісіңіз қисық шығып келеді екен сондықтан қабыну процесі жүріп жатыр. Бұл тісті жұлып тастау керек.



2-тапсырма.Ақыл тістің дамуы неліктен ерекше екендігін мәтіннен тауып, оның себептерін түсіндіріңіз. Дәрігер атынан ақыл тісі шыққан адамға қандай ем тағайындағандарыңызды жазып көрсетіңіздер.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

1-тапсырма. "Көршің мазаласа көш, тісің мазаласа жұл" деген түрік мақалына өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

2-тапсырма.Төмендегі сөзтіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыздар.

Ауру тіс, қызыл иектің ісуі, ем тағайындау, еңбектен босату.



3-тапсырма. Берілген сұрақтарды басқаша (керісінше) құрыңыз. Мысалы «Ақыл тіс қай кезде шығады?» деген сұрақты керісінше «17-25 жас шамасында қандай тіс шығады?» деп өзгертуге болады.

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1. Дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Тісті не істейді?

а) тегістейді

ә) емдейді

б) болады

в) денсаулық

г) жағдай

2. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Босаған тісіңіз бар ма?

а) тіс дағы

ә) бар, бірнеше

б) тіс тастарын

в) тісжегісі

г) қызыл иек

3. Сөйлемді аяқтаңыз.

Сау, мықты тіс астың ... .

а) шайнауы үшін қажет

ә) қан айналуы үшін қажет

б) сапасыз шайқалуы үшін қажет

в) шайналып, қортылуы үшін қажет

г) шайналуы, шайқалуы үшін

4. Тіске байланысты сөз тіркесін табыңыз.

а) жасанды тістер

ә) шынтақ

б) қысқа


в) беріп

г) жұмсақ



5. «Зуб мудрости» сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

а) ауыз қуысы

ә) тіс мойыны

б) ақыл тіс

в) тіс ұлпасы

г) сүт тіс



6. Тісің ауырса қайда барасың?

а) анам


ә) оқытушыға

б) асханаға

в) дәрігерге

г) дүкенге



7. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді көрсетіңіз.

Тісті тазалағанда кейде ..., қан байқалады.

г) ауыз қуысы

а) қызыл иекте

ә) әдейі

б) туралы

в) сонша

8. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

а) Істің көзін табады.

ә) Елдің көзі көреген.

б) Бұлақтың көзі.

в) Әкесінің көзіндей.

г) Өз көзімен көрді.



9. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.

а) Ұйықташы, жаным, алтыным.

ә) Әр ақылымның бағасы-мың алтын динар.

б) Ол алтын алқа сатып алды.

в) Алтын-пайдалы қазба.

г) Алтын теңге шығарылады.



10. Ауыспалы мағыналы сөзі бар қатарды табыңыз.

а) Көп болды қан аралас көздің жасы.

ә) Әйел, еркек, бала-шаға аралас отыр.

б) Жастыққы тауық пен үйрек мамығы аралас салынады.

в) Абай ел ісіне араласқанда жас еді.

г) Бидай мен арпа араласып кетті.



11. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

а) Бала бетін сабындап жуды.

ә) Бел шеіп кіріс.

б) Бет алысы жаман.

в) Жау беті қайтарылды.

г) Бастан құлақ садаға.



12. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

а) Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің

ә) Көп мағынаға ие болатын сөз.

б) Абайдың әкесі – Құнанбай.

в) «Әкем-ау, оқып берші»,-деді атасы.

г) Ұрғанның әкесін көрсетемін.



10. Әдебиеттер:

1.Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж.

3. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж 152 б.



Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 38-39бет.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

5 тақырып: Тіс ауруларынан сақтану.Тістің күтімі

Омоним.Синоним.Антоним.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
 

 

 



 

 

 



 

 

 



 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет