3-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар, онда әр сөз кемінде екі түрлі мағынада қолданылатын болсын.
Ағаш, темір, саңырау, алыс, жол, ойыншық, бұлақ, көз, ащы, тәтті, қол, жал, жар, қабақ, жаға, тұнық, жалын, ұшқын, жеу, қақпақ, қармақ, аю, қасқыр, түлкі, бұлт, күн.
4-тапсырма. Қарамен терілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңіздер.
Қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю, тарту); қара (қарындаш, сөз, жүрек, тер, дауыл, су, көлеңке); қалың (киім, жұрт, қамыс, бет); жуан (жіп, кісі, ауыл, сіңірлі); жылы (су, сөз, киім, өң); суық (су, сөз, хабар, өң); сары (май, маса, уайым, уыз, қотыр, қарын, ауыз, бауыр, балақ, аяқ, су); бет (әжімі, моншақ, алды, перде, бұрыс, алыс, ашылу, бақтырмау, ашар, қайту, орамал); арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, ойлы, тілек, сөз, дос).
5-тапсырма. Қара мен терілген сөздердің тура я ауыспалы мағынада қолданылып тұрғандығын ажыратып, егер ауыспалы мағынада қолданылса, оның тура мағынасын өздеріңіз ойлап табыңыздар.
I. 1. Қалың қызыл матадан жасалған сахна шымылдығы шам сәулесін өзіне тартып алып, оны өз түсімен бояп, кең залды ал қызыл нұрмен толқытады. (М.И) 2. Қайрақбайдың «әне!»- деген жағына қарасақ, дауыл көтерген сияқтанып қалың шаң көрінеді. 3. Даусы бұрынғыдан қалыңдаған сияқты. (С.М) 4. Пар айдап жатқандарға өзің бас-көз бол. ( Б.М) 5.Қағазыңыз мықты екен, Боқа . 6. Бірақ ісіне мықты бол, шырақ. 7. Ол жағын сұрай көрме, ағатай, ішіме мықтап түйгем. 8. Осы денедегі есіл қайрат көзі ашық адамға бітсе, тау қопарар еді. 9. Өмірдің бетінде қалқып жүрген сияқтымын. 10. Көруге бар, ұстауға жоқ сағым болдың, Ардақ. 11. Солар менің оқитын, сенімен әнгімелесетін қымбатты уақыттарымды да ұрлап жатыр, Ардақ. 12. Тек алысқа шап, Ермек Борантаевич.(Ғ.Мұст.)
II. 1. Осы ашудың әлегімен Раушанның өтінішіне саңырау болды. 2. Қожар беттің ашумен таяғын сындырып алғаны былайғылардың күлкісін келтірді. 3. Осы жаманмен біраз күн өмір өткіздің ғой. (Б.М) 4. Айнала қарап тұрғанында, жердің семіз қара топырағы жасыл ала шөптен көрінбейді. 5. Енді торғындай майда ескектің жібектей жұмсақ гүлден алған жас демі балбыраған денені сергітіп тастады (С.С) 6. Осы өлең аса бір аяулы шағымның белгісіндей маған әлі ыстық.(Т.Ақт) 7.Қол ұшы тиесі, не үзіліп кетердей, не өзі әлі істемеген соншалықты ыстық үн төгіп жіберердей. (С.Шайм) 8. Сендер болсаң мынау, осындайда дұрыстап қол ұшын да бермейсіңдер. 9. Тамағына әлдене тұрып қалғандай, сөзі шорт- шорт үзіліп, үні бітті.(М.И)
Бақылау
Қандай мейрамдарды білесіздер?
ҚР тәуелсіздігін қашан алды?
Тәуелсіздік алу жолында қандай қиындықтар болды?
16 желтоқсанда құрбан болған жастар туралы не білесіздер?
22-наурыз халықаралық наурыз мейрамы туралы не білесіздер?
Наурыз сөзі қазақ тіліне қай тілден енген?
Наурыз мейрамының ерекшелігі қандай?
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қашаннан бастап тойланады?
Астана күні болып қай күн белгіленді?
Астана бұрын қалай аталған?
Айт мейрамы туралы не білесіз?
Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
Сөздің тура және ауыспалы мағыналарына мысал келтіріңіздер.
11. Әдебиеттер:
1.Ж.Т.Исаева, А.Е.Тәттібаева. Қазақ тілі. 2011ж. 15-20 беттер.
2.Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994ж.
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН
(ОСӨЖ)
ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан (рәміздері)
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы: Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан (рәміздері)
2.Мақсаты:
Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыра отырып, туған жерін, елін, отанын сүюге, қорғауға баулу;
адамгершілікке тәрбиелеу, оқушыға Патриоттық рухта тәрбие беру;
синоним сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру;
омоним, антоним туралы мағлұмат беру;
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мәлімет алу;
синоним, омоним, антоним сөздерді меңгерту.
3.Міндеті:
лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру;
терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру;
ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді, қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылымға ниетін қалыптастыру;
қазақша өз ойын тиянақты түрде жеткізу, сауатты жазуға үйрену.
4.Негізгі ұғымдар:
а) лексикалық тақырып бойынша
1. ҚР мемлекеттік рәміздері туралы жалпы мағлұмат;
2. Мемлекеттік елтаңба, авторлары;
3. Мемлекеттік ту, авторлары;
4. Мемлекеттік әнұран, авторлары;
5. Мемлекеттік нышандардың маңызы;
5.Сабақты өткізу жоспары:
1. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі) - 5 минут
2. Өткен сабақты пысықтау - 25 минут
3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 минут
ҮЗІЛІС
4. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 минут
5. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 минут
ҮЗІЛІС
6. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 минут
7. Жаттығу жұмыстары, тестілер - 20 минут
8. Қорытындылау,үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 минут
7. Өткізу түрі: тәжірибелік
8. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары.
9. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.
10. Тапсырмалар:
а) Төмендегі сөздердің ауармасымен танысу:
елтаңба – герб
іспеттес, сияқты – подобный
қанатты пырақ – скакун (мифич.)
мәңгілік – бессмертие
шексіз даму – бесконечное развитие
рухани байлық – духовное богатство
самғау биігі – здесь: мечта
жарқын болашақ – светлое будущее
жол көрсетер жұлдыз – путеводная звезда
шұғылалы алтын күн – золотое солнце, купающееся в своих лучах
қалықтап ұшқан қыран – парящий орел
бейне – образ
бейнелі – образный
күн бейнелі – как солнце
бейнелеу – изобразить
сабының тұсында – вдоль древка
өрнекті нашықтау – орнаментное украшение
тік жолағы – прямые полосы
бірігу идеясы – идея единения
бейбіт – мирный
бейбітшілік – мир
еске салу – напоминать
көк түс пен оның реңктері – синий цвет и его оттенки
адалдық және тазалық – честность и верность
дарқандық пен қырағылық – щедрость и зоркость
ә) Мәтінді оқу.
Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан (рәміздері)
Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар.
Мемлекеттік рәміз – мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігін паш етеді.
Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар.Олардың ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» 1996 жылғы қаңтардың 24-індегі Жарлығынан:
4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін қорлауға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік Әнұран – мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық поэтикалық рәмізі. Негізінен әуен мен сөзден тұрады. Әнұранның сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты пырақ – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Еліміздің жұлдызы жоғары, болашағы жарқын болсын дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.
Мемлекеттік Ту – мемлекеттің өзіне тән ресми белгілерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік ту мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарына, шет елдердегі елшіліктер мен консулдықтарда, кемелерде т.б. жерлерде көтерілетін арнаулы белгі.
Ту – ортасында шұғылалы алтын күн астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолағы бар көгілдір түсті мата.
Тудың біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, қыран бүркіт бейнесі – дарқандық пен қырағылық, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, биіктіктің белгісі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.
Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдағы үлкен жетістік.
б) мәтінді аударып, мәтінге жоспар құрыңыз.
тапсырма. Берілген сөздердің омонимдік мағыналарын анықтап, түсінік беріңіздер.
Аз, асық, ақ, бақ, без, біз, ер, жас, жат, мін.
тапсырма. Берілген сөздердің ішінен синонимдерді тауып, өзара топтаңыздар, орыс тіліне аударыңыз.
Мол, шаршау, мақсат, жаға, мақұлдау, қамығу, көп, тоқтату, ұрсу, сәлемдесу, қажу, жанында, сүйеніш, зерігу, есею, сеіру, әдейі, мұрат, аялдау, титықтау, ырғу, өңір, сауық, дәм, шама, аяу, таяныш, шалдығу, қасақана, ер жету, жекіру, қоштасу, амандасу, есіркеу, мөлшер, тамақ, қоныс, ұсақ, жиек, сайран, дем алу, жаны ашу, мұңаю, сылтау, майда, болдыру, тағам, нарық, мекен, аймақ, баға, ас, қасында, жай, желеу.
3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударып, жазыңыз.
Наша республика – демократическое, светское и унитарное государство, в которой обеспечивается равноправие всех граждан, проживающих в ней. как демократическое государство Казахстан признает высшей ценностью человека, его жизнь, свободу и права.
4-тапсырма. Төмендегі сөздердің ішінен антонимдерін іріктеп алыңыздар да, қалғандарының антоним бола алмайтынын түсіндіріңіздер.
Ақылды, үнемді, ұйқылы, талапты, өжет, ақымақ, пайдалы, ояу, өң, тұр, отыр, ұйқысыз, ынжық, талапсыз, ақылсыз, түс, отырма, зиян, пайдасыз, шын, жіңішке, жұмсақ, тұйық, өтірік, қатты, жуан, жіңішке емес, өтірік емес, ашық, берік, осал, кес, кеспе, ақырын, тез, жылдам, жай, қыбырсыз, аш, ашпа, жап, жаппа.
5- тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрап жазыңыз.
Подобный сердцу герба, крылатый скакун, духовное богатство, вера в будущее, светлая мечта, образ казахского народа, путеводная звезда, золотое солнце, знак верности и надежд, щедрость и зоркость, орнаментное украшение, честность и верность.
6-тапсырма. Әнұранның мазмұнын түсініп жаттап алыңыз.
11. Бақылау
1.Еліміз тәуелсіздікті қашан алды?
2.Тәуелсіздік халыққа не береді?
3.Тәуелсіздіктің қандай белгілерін білесіз?
4.Қазақстан Республикасының рәміздері туралы не білесіздер?
5.Мемлекеттік рәміздер туралы жарлық қашан шықты?
6.Елтаңбадағы қос пырақ ненің белгісі?
7.Елтаңбаның авторлары кімдер?
8.Қыран бүркіт бейнесі ненің белгісі болып саналады?
9.Теңгенің туған күні қашан? – Авторлары кім?
Тестілер:
1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығы қашан шықты?
а)+ 1996 жылы, 24 қаңтарда
ә) 1997 жылы, 25 наурыз
б) 1991 жылы, 1 ақпан
в) 1992 жылы, 2 шілде
2. Елтаңбаның төбесінде не бейнеленген?
а) барыс
ә) ай
б)+ жұлдыз
в) аспан
3. Антоним дегеніміз ....
а) мағынасы жуық сөздер
ә) мағынасы қарама-қарсы сөздер
б) мағынасы алшақ сөздер
в) бірдей сөздер
4. ҚР Мемлекеттік туының авторы кім?
а)+ Шәкен Ниязбеков
ә) Шоқан Уәлиханов
б) Мұхтар Шаханов
в) Мұхтар Әуезов
5. ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторлары кімдер?
а) Шәмші Қалдаяқов, Шоқан Уәлиханов
ә) +Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов
б) Нұрсұлтан Назарбаев, Кәрім Мәсімов
в) Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
6. ҚР Мемлекеттік әнұранның әнін жазған кім?
а) Шота Уәлиханов
ә) Жандарбек Мәлібеков
б)+ Шәмші Қалдаяқов
в) Жұмекен Нәжімеденов
7. Әнұранның сөзін жазған кім?
а) Шәмші Қалдаяқов,
ә) Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов
б) Нұрсұлтан Назарбаев, Кәрім Мәсімов
в) +Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
8. Елтаңбадағы қанатты пырақ нені білдіреді?
а)+ мәңгілік өмір, шексіз даму
ә) отанды сүю
б) табиғатты аялау
в) рухани байлық
9. Елтаңбадағы әлемнің біртұтастығын, мемлекетің бастауын, отбасы ошағын қандай бейне білдіреді?
а) +шаңырақ
ә) есік
б) дала
в) үй
10. Шұғылалы алтын күн нені бейнеледі?
а) алтынды
ә) аспанды
б) +тыныштық пен байлықты
в) көңіл-күйді
11. Жолкөрсетер жұлдыз деген сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
а) путеводная вода
ә) путеводная луна
б)+ путеводная звезда
в) путеводное небо
12. Крылатый скакун сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
а) +қанатты пырақ
ә) қанатты бүркіт
б) қанатты ит
в) қанатты жұлдыз
13. Сөлемді дұрыс құрастырыңыз.
1. Мемлекеттік рәміз. 2.мен. 3.паш етеді. 4.тәуелзідігі. 5. мемлекеттің 6.егемендігін.а)+ 1.5.4.2.6.3.
ә) 2.5.6.4.3.1.
б) 6.5.4.2.1.3.
в) 3.2.6.5.4.1
14. Ұлттық теңге қай жылы дүниеге келді?
а) 1995ж. 15 қараша
ә 1993 ж. 15 қараша
б) 1991ж. 17 қараша
в) 1992 ж. 18 қараша
15. Тудың ортасында не бейнеленген?
а)+ қыран бүркіт; күн
ә) ай, өрнек
б) жұлдыз, лашын
в) аспан, жұлдыз
16. Өрнекті нашықтау сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
а)+ орнаментное украшение
ә) золотое руно
б) золотое солнце
в) серебренное украшение
17. Момын сөзінің синонимін табыңыз.
а) қатты
ә) жұмсақ
б) зерек
в) жуас
18. Жоғары, жұп, ілгері сөздерінің антонимін көрсетіңіз.
а) ал, сал, бар
ә) төмен, тақ, кейін
б) шық, сол, кір
в) қой, таста, қос
11. Әдебиеттер:
1.Ж.Т.Исаева, А.Е.Тәттібаева. Қазақ тілі. 2011ж. 15-20 беттер.
2.Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994ж.
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)
ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Қазақстандағы тарихи ескерткіштер
(Арыстан Баб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Айша Бибі кесенесі )
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы тарихи ескерткіштер
(Арыстан Баб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Айша Бибі кесенесі )
2. Мақсаты: Студенттерге тарихи ескерткіштер жайлы мәлімет беру, тұрақты сөз тіркестеріне мысалдар келтіре отырып,практикалық жолмен меңгерту,мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету,түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру.
3. Міндеті: Қазақ тілінде тарих бойынша өз ойларын жеткізу, тарихи ескерткіштер туралы мәлімет алу, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеру, қазақша өз ойын тиянақты түрде жеткізу, сауатты жазуға үйрену.
4. Негізгі ұғымдар:
1. Қандай мейрамдарды білесіз?
2. Наурыз мейрамы туралы не білесіз?
3. Сөздің ауыспалы мағынасына мысал келтіріңіз
4. Құрбан айт туралы айтыңыз.
5. Сөздің тура мағынасына мысал келтіріңіз.
6. Арыстан Баб кесенесі қай жерде орналасқан?
7. Қожа Ахмет Иассауидың ұстазы кім?
8. Айша Бибі кесенесі қай ғасырда салынған?
9. Орта ғасырлық сәулет өнерінің ескерткіштерін атаңыз.
5.Сабақ өткізу жоспары:
А) Ұйымдастыру (2-3 минут).
Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45-48 минут).
Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
-Мәтін бойынша жұмыс (60-65 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.
-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).
-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).
В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).
6. Өткізу түрі: Тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:
Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тесттік бақылау.
8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9. Тапсырмалар
1-тапсырма. Мына тұрақты сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
Работать спустя рукава,за тридевять земель,золотые руки,бежать сломя голову,улыбка до ушей, говорить сквозь зубы, как кот наплакал, капля в море, светлая голова, у черта на куличках, делать скрепя сердце, чувствовать себя не в своей тарелке, сидеть как на иголках, душа в пятки ушла,ком в горле, камень с души упал.
2-тапсырма.Төбедегі берілген тұрақты сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.
3-тапсырма.Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.
Қазақстанның тарихи ескерткіштері
(Арыстан баб кесенесі, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Айша бибі кесенесі)
Арыстан баб кесенесі көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан жерін мекендеуші халықтардың арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы болған. Халық Арыстан бабқа әулие деп сыйынған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Сондай – ақ, «Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, Түркістанда түмен баб, ең үлкені – Арыстан баб» делінеді. Арыстан баб кесенесі дәлізхана, мешіт, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі – қабірхана. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік, Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Арыстан баб кесенесі ХХ ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен (ауданы – 35х12 м, биіктігі – 12 м), бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделеді. Дәліз – қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне hижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Кесене мемлекеттің қорғауына алынған.
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – орта ғасырлақ сәулет өнері ескерткіші. 1396 – 1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Түркістан қаласында тұрғызылған. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – үлкен порталды – күмбезді мемориалдық құрылыс. Жергілікті сәулет дәстүрін жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңтүстік – шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатыр. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын – соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші – шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мешіт, медресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар көгілдір қышпен өрнектелген. Жазулардан «Алла», «Мұхаммед», «О, жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла менің әміршім», «hижраның 800 жылы» деген сөздерді оқуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет өнерінің інжу – маржандарының қатарына жатады. Бұларда оны жасаушы исфаhандық шебер Тәдж әд – Дин Изеддиннің есімі жазылған.
Айша бибі кесенесі – ХІІ ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан. Айша бибі – тарихтан белгілі Қарахан батырдың әйелі. Күмбезді сол Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктіктегі бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...» деген сөздер араб әрпімен жазылған. Кесене қабырғаларының қалыңдығы – 80 см. Ол үш бөліктен: ішкі жағынан күйдірілген кірпіштен қаланған, ал сыртқы жағынан оюлы әшекейлі плиталармен қапталған, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен құралған. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.
4-тапсырма.Мына мақал-мәтелдерден мәтінге лайықтысын табыңыз.
Мезгілі жетсе, мұз да ерір. Жақсы жолдас ерттім дегенше, жарты жолдан өттім де. Өзіңді зор тұтпа, өзгені пір тұтпа. Жақсымен жолдас болсаң,жетерсің мұратқа. Апама жездем сай. Көптен көрген ұлы той. Ережесіз ойын жоқ. Қашпақ болсаң – зымыра.
Достарыңызбен бөлісу: |