С ө ж жеткіншектік жастағы балалар психологиясы



Дата26.11.2022
өлшемі28,21 Kb.
#160001
Байланысты:
СОЖ44
17. Переломы костей предплечья оконч

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


С Ө Ж

Жеткіншектік жастағы балалар психологиясы

Дайындаған: Матайбаева Б


Тексерген: Бейсенбаева Ж.А

Алматы 2022 ж


Адам онтогенезіндегі ең күрделі кезеңнің бірі – жеткіншек жас болып табылады. Бұл кезеңде бұрын қалыптасқан психологиялық құрылымдардың қайта құрылуы ғана жүріп қоймай, сонымен бірге жаңа білімдер қалыптасып, саналық көзқарастар мен әлеуметтік ішкі ыңғайланудың қалыптасуының жалпы бағыттылығы өседі. Жеткіншек жасының өзіне тән ерекшелігі оқу үлгерімінің төмендеуі, жұмыс қабілетінің түсуі, тұлғалық ішкі құрылымындағы дисгормония, мініз-құлықтың қарсыласқан негативті сипаты бұл жас сатысын ішкі және сыртқы қатынастардағы бағдарлануды жоғалтқан, «Мен» және әлемнің бөліну сатысы деп айтуға болады.
Жеткіншектердің дамуындағы психологиялық күшіне абстрактілі логикалық ойлау формасының күрделенуі, эмоциялық сферасының дифференциалдануы, ерік белсенділігінің ұлғаюы жатады. Жеткіншек кезеңінде өзіндік сана деңгейі тек рефлексия актілерімен сипатталып қана қоймайды, сонымен қатар өзін-өзі саналы ұғыну өзбеттілік процесіне айналады. Әдетте бұл жастағы балаға өзіне белгілі психикалық қасиеттердің интегралды байланысын саналы ұғыну тән.
Психологиялық қасиеттер мен сапалардың бірлігі тұтастай модель ретінде қарастырылады. Осының негізінде жеткіншек өзінің басқа адамдармен қатынасын, өзіне-өзі қатыстылығын құрады. Жеткіншек кезеңіндегі өзіндік сананың дамуының бір негізгі тенденциясы – бұл құбылыстармен, ересектермен қарым-қатынас барысында және оқу іс-әрекеттерінің бағаларын интеграциялау кезінде қалыптасқан толымды немесе аффективті тәжірибелерді интеграциялау болып табылады.Бұл интеграцияның ядросы ересектік сезім. Ересектіктің критерийі (белгілері) өзін-өзі қабылдауы мен бағалауы шындықта жүзеге асыру болып табылады.
А.Н. Соловьева өзіндік бағалаудың дамуының 4 деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгей – процессуальді ситуативті деңңгей, өзінің мінез-құлықтарын өзінің қасиеттерімен байланыстырмайды. Өзіндік бағалау тек іс-әрекеттің сыртқы жанама нәтижелері негізінде жүзеге асады. Өзіндік сананың бұл даму деңгейі мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп кезеңі оқушыларына тән.
Екінші деңгей – сапалы ситуативті деңгей. Бұл тұлғаның өз құлықтары мен спаларының арасында байланыс құрылады, бірақ бұл байланыс тікелей түзу сызықты болады. Бұл деңгей кіші жеткіншектер жас кезеңіне тән. Үшінші деңгей – сапалы консервативті деңгей – тұлғаның мінез-құлықтары мен қасиеттері арасындағы түзу сызықты (тікелей) байланыс жойылады, тұлғаның қасиеті шындық ретінде қабылданады. Өзіндік дамудың бұл деңгейі жоғары жеткіншектер мен кіші жасөспірімдерге тән. Төртінші деңгей – сапалы динамикалық деңгей. Бұл тікелей жасөспірім кезеңіне тән.
И.С. Кон өзіндік бағалаудың негізгі механизмдерін көрсетеді:
— басқа адамның субъектіге берген бағасын қабылдау; — әлеуметтік салыстыру; — өзіндік атрибуция (мұнда индивид өзінің құлықтарын әртүрлі ситуацияларда бақылай және бағалай отырып өзі туралы және өзінің ішкі күйлері туралы мәселені қамтиды). Көптеген маңызды эксперименттік зерттеулерде индивидтің өзінің психикалық күйі толығымен сыртқы ақпараттарға сүйене отырып бағаланатынын дәлелдейді.
Жеткіншектер бірінші кезекте қарым-қатынас сферасындағы мінез-құлықтың әртүрлі формаларына байланысты қасиеттерді саналы ұғынады. Бұл әрине өзіндік бағалау өзгермейді деген сөз емес, оның динамикасы әртүрлі факторларға байланысты жоғары өзіндік бағалау тұрақты болса, ал төмен және орташа өзіндік бағалау біршама динамикалы болып келеді. Дегенмен жоғары өзіндік бағалауда тұлғамен арнайы педагогикалық жұмыс жүргізуі жағдайында едәуір динамикалы болуы мүмкін. Психологиялық зерттеулерде жеткіншектердің адекватты өзіндік бағалау мәселесі соңғы орынға қойылмаған.
Бұл жас кезеңінде ең өзекті мәселе өмір жолын таңдау болып табылады. Л.И. Божович өтпелі дағдарыс кезеңінің аяқталуы «өзіндік анықталу» ұғымын білдіретін жеке тұлғалық құрылымының пайда болуымен ұласатындығын көрсетеді. Өзіндік анықталу процесінде өзіндік бағалау айрықша мәнге ие.
Психологтардың айтуы бойынша адам кез-келген жас кезеңінде басқа адамдарды өзіне қарағанда объективті бағалайды. Балалар өзінің мінез-құлықтарын басқа адамдардың әрекеттерін салыстыруынан бастап өзіне баға қою басталады. Біз бұған неғұрлым көбірек мүмкіндік берген сайын олар өзін солғұрлым нақтырақ көре бастайды. Өзіндік бағалау үшін өзін-өзі тануға үйретуіміз қажет.
Қазіргі кездегі психологияда жеткіншектердің өзіндік бағалау мазмұнын екі бағытты көрсетеді. Оның бірінші өзіндік бағалаудың жалпы сипаттамасы, оның қалыптасу жағдайларын іздестіру мен байланысты болса, екіншісі микроанализбен байланысты, яғни өзіндік бағалауының құрылымдық элементтерін бөлшектеу және олардың өзара байланысын қарастырады. Біздің ойымызша, өзіндік бағалаудың микроанализі және оның құрылымының болашағы зор, өзіндік бағалауды зерттеуде негізгі міндетіне құрылымдық динамикалық элементтерді санайды.
Адамның жалпы тұлға болып қалыптасу процесінде жеткіншектік кезең дамудағы өзгерістермен ерекше орын алады. Жаңа арнайы тәжірибе жинағы, жаңа қоғамдық қатынастар мен байланыстарға түсетін орташа жас шамасы 11-14 жастағы балаларға кез келеді. Бұл жастың негізгі жаңа қалыптасуы қарым-қатынастың кеңеюі салдарынан өзіндік сананың өсуі ата-анамен, үлкендермен, құрдастармен қатынастарының күрделене түсуі болып табылады.
Л.С. Выготский жастық кезеңнің дамуын қарастыра отырып, «дағдарыс жасы» деген ұғымды бөліп шығарады. Оның пікірінше дағдарыс жас дамудағы бұрылыстар, өзгерістер болып табылады, даму диалектикалық процесс және дамудың бір сатысынан екінші сатысына көшу революциялық жолмен жасалынады деп тұжырымдайды. Сондықтан, бұл жасты қиын, өтпелі дағдарыс жасқа жатқызады. Бұл жас кезеңіндегі дамудың қозғаушы күші жаңа қажеттіліктердің орындалу арасындағы мүмкіншіліктер мен қарама-қайшылықтарды балаға жеңу қажет.
Мінез-құлықтылық тәсілі процесінде қандай өзіндік бағалау пайда болатындығы және мұнымен байланысты қандай мінез-құлықтылық іс-әрекет тудыратындығы сияқты мәселелер оның тұлғалық құрылымынан тәуелді болады. Жеткіншек тұлғасы өмір барысында пайда болатын және қоршаған ортамен өзара қатынаста белгілі бір қызмет атқаратын тұтас психологиялық құрылымға ие болады. Жеткіншектің тұлғалық дамуының көтеріңкі қозғаушысы қажеттіліктер мен мотивтер болып табылады. Қажеттіліктер тек тұлғаның дамуын анықтайтын себеп қана емес, сонымен қатар мінез-құлықтың да себебі болып табылады. Адам қабілеттілігінің сипатына тұлғаның маңызын құрайтын қоғамдық қатынастар жүйесі бейнеленеді. Қажеттіліктер мен тырысу жеткіншектерде жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуына байланысты өзінің қанағаттану жолында көптеген кедергілерге кездеседі. Мұндай дағдарыс кезеңде жеткіншектердің қажеттіліктерінің өзгеруі сыртқы кедергілермен және ішкі фактормен байланысты болады.
Өзіндік сананың ерекшеліктері жеткіншек кезеңде ішкі әлемі біртіндеп күрделеніп, өзіндік танудың тереңдеуі пайда болады, өзі туралы тұтас тұлға ретінде біршама тоқтамды түсініктің пайда болуына әкеледі. Жеткіншек кезеңде тұлғаның өзіндік бағалауды басқарудың негізі жетекші компоненттері өзбеттілік дәрежесін әртүрлі және қоғамдағы күрделі өзара байланыстар жүйесіндегі қарым-қатынаста тұлғаның тәуелсіздігін анықтайды. Жеткіншектің өзіндік санасының дамуында олардың интерпоризациясы жүзеге асады, өзіндік санасының ары қарай интеграциялануында өзін тануға әкеледі. Жеткіншектер өзін жеке субъекті екенін, мінез-құлықта жеке қылықтарында тәуелсіз бола алатындығын нақтылауға ұмтылады.
Жеткіншектердің өз мүмкіндіктерін ұғынумен байланысты ұмтылулары, өзін тұлға ретінде бекітулері мен ересектердің еркіне байланысты мектептегі жағдайының арасындағы ажыраулар өзіндік бағалаудың маңызды терең дағдарысына әкеледі. Жеткіншектердегі негативті өзіндік бағалау оның өмірлік тонусына әсер етеді. Оның негізгі себебі жеткіншектердегі қоғамдық мойындау қажеттіліктерінің қанағаттанбауына байланысты. Осы жағдай олардың өзіндік анықталуын жасанды түрде тежейді, сондықтанда олар жеке бастық интимді қатынасқа, құрбыларымен, әртүрлі формальды топтармен қарым-қатынасқа жақын болады.
Осы қатынастар олардың мінез-құлқындағы агрессиялыққа, мазасызданудың жоғарлауына, жауыздыққа, тұйықтыққа әкеледі. Жеткіншектер белсенді жаңа әлеуметтік позицияларды алуға ұмтылады, өзінің менін ересектер әлемінде бекітуге тырысады. Жеткіншектер ересектерге еліктей бастайды. Жеткіншектің тұлғалық дамуы өзіндік сана бағалауы, жеке бастық рефлексиясы, өзіне және басқаларға қатынасы қызығулары, идеалдары өзгереді. Жеткіншек жасының алғашқы сатысында (10-11 жас) өзін қабылдау ерекшеленеді, мінез-құлықтың теріс жақтарын көп бағалайды, яғни теріс эмоциялық фон орнайды. Балаларда өзіндік бағалауға деген өткір қажеттілік және өзін бағалауды білмегендіктен соған қиналысы пайда болады.
Келесі сатыда (12-13) өзіне және басқаларға деген теріс қатынас сақталдаы және қоршағандардың бағалауынан тәуелді болады.Осы жастың келесі сатысында (14-15) «оперативті өзіндік бағалау» туындайды, сол уақыттағы өзіне деген қатынасты жеткіншек өзі бағалайды. Бұл өзіндік бағалау идеалды форма болып табылатын тұлғалық қасиеттермен, мінез-құлықтың нормаларымен өзінің жеке бастық ерекшеліктерін салыстыруға нешізделеді. Жеткіншектердің өзіндік санасының маңызды механизмі жеке бастық рефлексия, яғни жеткіншектің өзінің және басқалардың ішкі әлемін ұғынуы. Өзінің жеке басына сын көзбен қарай бастайды.
Жеткіншек жасындағылардың өзіндік бағалауының дұрыс қалыптасуына психологтің әсері зор. Өзіндік бағалау оқушының өзінің жеке бас ерекшеліктерін білуде, тұлғасының дұрыс дамуында адекватты (барабар) болғаны өте маңызды. Баланың өзіндік бағалауы, оның өзіне қатынасын және өзін қабылдауын, көбінесе оның мінез-құлқы мен үлгерімін анықтайды.
Әдебиеттер

1. Соловьев А.Н. Чеснова И.Г. Зависимость самооценка подростка от отношения к нему родителей. — Вопросы психологии, 1986, № 2, с.117


2. Кон И.С. Открытие «Я». – М., 1978.
3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 1986.
4. Выготский Л.С. Развитие личности и мировозрение ребенка. В.кн.: «Психология личности». Тексты./Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. М., 1982.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет