Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021



бет2/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Пән туралы қысқаша сипаттама. « Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» пәні құс шаруашылығы өнімдерін мол мөлшерде өндіру жолдарын зерттейді.

Пәннің мақсаты: «Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» курсының мақсаты халық сұранысын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүмбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады. Құс шаруашылығы бүкіл төрткүл дүниеде серпінді және қарқынды дамып келе жатқан мал шаруашылығының бір саласы. Биологиялық заңдылық, ғылыми жетістік және дүние жүзілік алдыңғы қатарлы фирмалар мен бетке ұстар кәсіпорындардың жинаған тәжірибесі дәлелдегендей құс шаруашылығы дұрыс ұйымдастырылса кез келген көлемдегі құс өнімінің өндірісі табысты болады. Құс еті мен жұмыртқасының өндірісін жыл он екі ай бір қалыпты деңгейде жыл маусымын елемей ұйымдастыруға болады және оларды өндіруге жемнің ,еңбектің және әртүрлі басқа шығындар басқа мал өнімдерінің өндірісіне қарағанда аз мөлшерде жұмсалады. Биологиялық заңдылыққа сәйкес ағза неғұрлым кіші болса, ол ағзаның өсу жылдамдылығы және көбею қабілеті соғұрлым жоғары. Құс шаруашылығы сондықтанда, мал шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда өнімді көп береді.

.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет