Типтерді түрлендіру ережелері. Өрнектерді есептеу кезінде кейбір операциялар операндалар сәйкес типте брлуын талап етеді, ал егер типке қойылатын талаптар орындлмаған болса, қажетті түрлендірулерді мәжбүрлі түрде жүргізуді шақырады.Инициализацияланатын өрнек типі анықталған обьект типіне келтірілген жағдайда да осындай ситуация пайда болады. Оң жақ бөліктегі өрнектің мәнін меншіктегенде әрқашан сол жақтағы айнымалының типіне келтіріледі, бұл типтердің сәйкестігіне аса мән берілмейді.
Негізгі типтер үшін Си тілінің түрлендіру ережесі тілдің стандартымен анықталған . Бұл стандартты түрлендірулер "төменгі" типті "жоғарғыға" айландырудан тұрады.