С++ те бағдарламалау пәнінен дәрістер



бет4/79
Дата07.02.2022
өлшемі380,73 Kb.
#94133
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Дәріс сабақтары С каз

4. Программалау жүйесі
Программа құру құралы
Жалпы жағдайда программалаудың таңдалған тілінде программа құру үшін, келесі компоненттер болу керек:
1. Мәтіндік редактор. Программаның мәтіні ағылшын сөздерінен және стандартты символдардан тұратын кілттік сөздер арқылы жазылғандықтан, бұл мәтінді нәтижесінде негізгі мәтін алатындай кез келген редакторда түрлендіруге болады. Жақсысы программалаудың нақты тіліне бағытталған және мәтінді енгізу прцесінде кілттік сөздер мен идентификаторларды түрлі түстер мен және қаріптермен ерекшелейтін арнайыланған редакторды қолдану.
2. Программы-компилятор арқылы негізгі мәтін машина кодына ауысады. Әдетте компилятор аралық
объектілі кодты береді (екілік файл, стандартты кеңейтілімі.OBJ).
3. Үлкен пограмманың негізгі мәтіні бірнеше модульдерден тұрады( негізгі мәтін файлдарынан), сондықтан барлық мәтіндерді бір файлда сақтау ыңғайсыз. Әр модуль жекеленген файлға обьектілі код арұылы компиляцияланады. Оларды кейінірек бір бүтінге біріктіру қажет .
Сонымен қатар, оларға әртүрлі стандартты функцияларды жүзеге асыратын ішкі программаның машиналық кодын қосу керек (мысалы, математикалық функцияларды есептейтін sin немесе ln функциялары). Ондай функциялар компиляторлармен бірге жүретін библеотекаларда саталады(стандартты кеңейтілімі.LIB болатын файлдарда ).
Обьектілі код обьектілі модульдер мен стандартты функциялардың машиналық кодын библеотекадан тауып, байланыстыратын арнайы программамен өңделедібайланыстар редакторімен немесе жинақтаушымен, және шығысында жұмыс істеуге жарамды қосымша — орындаушы код құрады.
4. Орындаушы код— бұл осы программа арналып құрылған операциялық жүйесі орнатылған кез келген копьютерде орындауға жіберуге болатын аяқталған программа. Ереже бойынша соңғы программаның кеңейтілімі .ЕХЕ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет