Continue операторы continue операторы , break операторы сияқты, цикл операторының ішінде ғана қолданылады, бірақ, оның орындалуынан айырмашылығы программаның орындалуы тоқтатылған оператордан кейінгі оператордан жалғаспайды, тоқтатылған оператордың басынан басталады. Оператор форматы келесідей: continue;
Өзін – өзі тексеру сұрақтары: Циклдік алгоритм деген не?
Шарты алдын ала берілген циклдік операторының тағайындалуы мен жазылу форматы қандай? Шарты алдын ала берілген циклдік операторы жұмысының блог –схемасын қалай көрсетуге болады?
Шарты соңынан берілген циклдік операторының тағайындалуы мен жазылу форматы қандай? Шарты соңынан берілген циклдік операторы жұмысының блог –схемасын қалай көрсетуге болады?
Параметрлік цикл операторының тағайындалуы мен жазылу форматы қандай? Параметрлік цикл операторының жұмысының блог –схемасын қалай көрсетуге болады?