7. Құрылымдық программалау Ішкі программалар Өлшемі бойынша орташа қосымшаларды құрғанда (бірнеше мың негізгі код жолдары) негізгі мәтіннен шешу алгоритмі көрінетін, программа құрылымы шешетін есептің құрылымына әсер ететін құрылымдық программалау қолданылады.Ол үшін программаны тек үш қарапайым оператордың көмегімен ғана емес, алгоритмнің нақта құрылымын бейнелейтін құралдар көмегімен құру керек. Осы мақсатта программалауда ішкі программа ұғымы енгізілген. Ішкі программа— қажеттіәрекеттерді орындайтын және негізгі кодтың басқа бөліктеріне тәуелсіз операторлар терілімі. Программа әрқайсысы негізгі тапсырма қарастырған әрекеттердің біреуін орындайтын көптеген ішкі программаларға бөлінеді(50 —ге дейінгі оператордан тұратын — ішкі программаның мақсатын жылдам түсінуге арналған). Осы ішкі программаларды комбинациялау арқылы қарапайым операторлардан емес, аяқталған блок кодтарынан тұратын, анықталғн мәнді жүктемеден тұратын қорытынды алгоритмді құруға болады, сонымен қатар ондай блоктарға атымен байланысуға болады. Сонымен, ішкі программалар— бұл программистер анықтаған тілдің жаңа операторлары немесе операциялары . Ішкі программаларды қолдану мүмкіндігі программалау тілін процедуралық тілдерге жатқызады.
Өзін –өзі тексеру сұрақтары Программа деген не?
ПК –дің ПҚ –ы деген не?
ПҚ –дың қандай түрлері бар?
Программалау тілі деген не?
"Төменгі дәрежелі программалау тілі " және " жоғарғы дәрежелі программалау тілі " терминдеріне түсінік беріңдер.
Трансляция, трансляторлар деген не?
Компиляторлар мен интерпретаторлар арасындағы айырмашылық қандай?