бөлім. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Жалпыгеографиялық әдістер
|
Сабақтың тақырыбы
|
9-10. Географиялық сараптама
|
Сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты (оқу
жоспарына сілтеме)
|
10.1.1.4 Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама элементтерін қолдану
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: «Географиялық сараптама» ұғымын және тұжырымдама мәнін зерттейді.
Оқушылардың көпшілігі: Сыныптағы көмірқышқыл газының мөлшерін анықтайды және қорытындылайды.
Кейбір оқушылар: Өз көзқарасын дәлелдейді.
|
Бағалау өлшемдері
|
«Географиялық сараптама» ұғымын және тұжырымдама мәнін түсіндіреді.
Сыныптағы көмірқышқыл газының мөлшерін анықтайды және қорытынды жасайды.
Өз көзқарасын дәлелдейді.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқу дағдысы: ғылыми мәтінмен жұмыс
Жазу дағдысы: глоссарий құрастырады, есептеулер жүргізеді
Негізгі тірек сөздер тізбегі: географиялық сараптама, экологиялық-географиялық сараптама, табиғи қоршаған орта, мемлекеттік экологиялық сараптама, жекеменшік экологиялық сараптама
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Экологиялық тәрбие
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, экология
|
Тақырып бойынша алған
білімдері
|
Сандық әдістер
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Көрнекілік
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта қолайлы ахуал қалыптастыру.
Топтарға бөлу. «1, 2, 3» әдісі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жұппен тақырыптың негізгі ұғымдарын қайталау, тақырыпқа байланысты сұрақтарға жазбаша жауап. Өзін-өзі, өзара бағалау.
Дескриптор:__Тақырыптың_негізгі_ұғымдарын_біледі.__Термин_мен_ұғымдарды_сәйкестендіреді.__ҚБ.'>Дескриптор:
Тақырыптың негізгі ұғымдарын біледі.
Термин мен ұғымдарды сәйкестендіреді.
ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.
Тірек етістіктер көмегімен мақсатты қалыптастыру.
Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады және оқушыларға тірек етістіктердің көмегімен мақсатты қалыптастыруды ұсынады: оқу, білу, білік, анықтау, жалпылау, бекіту, дәлелдеу, салыстыру, талдау, қорытынды шығару, жүйелеу және т.б.
|
Үй тапсырмасын тексеру үшін сұрақтар. Әртүрлі географиялық әдістерге карточкалар.
Етістіктермен слайд
|
Сабақтың ортасы 20 мин
|
Жаңа материалды меңгеру. (Ж) 1-тапсырма
§ 9-10 тақырыпты оқы, «географиялық сараптама» тақырыбына глоссарий құрастыр. Жаңа ұғымдар мен терминдер тізіміне кемінде 10 атау көрсет.
Дескриптор:
Мәтінді оқиды, кемінде 10 ұғым мен термин тізімін құрастырады.
Глоссарийді дәптерге рәсімдейді.
ҚБ. Өзара бағалау
Жұмысты орындау бағасы «+», «-»
(ТЖ) 2-тапсырма
Топта жұмыс істей отырып, жұмысты орындау шарты бойынша көмірқышқыл газының мөлшерін анықта. Оқу аудиториясында СО2 ШРК мөлшеріне санитарлық-гигиеналық қорытынды жаса. Көмірқышқыл газын азайту бойынша шаралар ойластыр. Нәтижелерін постерге толтыр. Жұмысты таныстырылым жаса. Басқа топтың жұмыстарын ПОПС формуласымен бағала.
1-топ: оқу бөлмесінде (аудиторияның ұзындығы
– 8 м, ені – 6 м, биіктігі – 3 м. 20 оқушы, сабақтың ұзақтығы 40 мин)
2-топ: спортзалда (ұзындығы – 17,5 м, ені – 8,5 м, биіктігі – 6,5 м, 40 оқушы, сабақтың ұзақтығы
|
Оқулық
Постер дайындау үшін үлестірме материалдар.
Тапсырманы орындау шарттарымен слайд.
Тапсырмалар парағы
|
|
40 мин)
3-топ: концерт уақытындағы оқушылар залы (ұзындығы – 12 м, ені – 6 м, биіктігі – 3 м, 80 оқушы, ұзақтығы 60 мин)
Орындау шарты:
Аудиторияның көлемін анықта.
Мысалы: аудитория ұзындығы – 10 м, ені – 5 м, биіктігі – 3,5 м.
(Көлемі – 10 м х 5 м х 3,5 м = 175 м3.)
Адам қалыпты жағдайда орта есеппен сағатына 20 л көмірқышқыл газын, ал белсенді жағдайда сағатына 40 л көмірқышқыл газын бөлетіні белгілі. Орта мәнін алыңдар – сағатына 30 л.
Мысалы сыныпта 1,5 сағатта 25 адам оқиды. 1,5 сағатта 25 оқушының тыныс алған ауасының көлемін анықта:
30 ағ/л х 1,5 сағ х 25 адам = 1125 л.
Қалыптасқан көмірқышқыл газын литрден м3 айналдыр. 1 л 0,001 м3 құрайтыны белгілі.
1125 л х 0,001 м3 = 1,125 м3.
Көмірқышқыл газының концентрациясын есепте: қалыптасқан көмірқышқыл газының көлемін аудитория ауданына бөл, алынған нәтижені
100% - 1,125 м3: 175 м3 х 100% = - 0,64% көбейт.
Көмірқышқыл газы үшін шекті рауалы концентрация (РШК) 1% құрайды, бірақ 0,1%- дақысқамерзімді тыныс алу нәтижесінде адамда демалу және қан айналымы бұзылуы мүмкін.
Дескриптор:
Оқу аудиториясының көлемін анықтайды.
Ауаның көлемін анықтайды.
Қалыптасқан көмірқышқыл газын литрден м3 аударады.
Көмірқышқыл газының мөлшерін анықтайды.
Оқу аудиториясындағы СО2 РШК мөлшеріне санитарлық-гигиеналық қорытынды жасайды.
Оқу аудиториясында көмірқышқыл газының мөлшерінің алдын алу шараларын құрастырады. ҚБ. Эталон бойынша өзін-өзі бағалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |