С.Қ. Төлепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жылқайдарова география



бет10/102
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152414
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102
Байланысты:
С. . Т лепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жыл айдарова география

География сабағында мақсатқа жету
Сабақтың мақсаты – педагогикалық қызметтің ең «мәселелік» кезеңдерінің бірі. Бұл тұжырымның мақсаты – нәтиже үлгісі. Ал нәтиже ең алдымен оқушыға, оның дамуына бағытталған. Сабақтың мақсаты оқушының қызметін сипаттайтын етістік түрінде қалыптасады. Етістіктің мысалдары: қолдану, құру, жаңғырту, зерттеу, т.б.
Оқу мақсаттарын қалыптастыру кезінде Б. Блум бойынша танымдық салада педагогикалық мақсаттар таксономиясы қолданылады (2-кесте).



  1. кесте.

1. Білу (зерделенген материалды есте сақтау және жаңғырту – нақты фактілерден тұтас теорияға
дейін).

- терминдерді, нақты фактілерді, әдістер мен рәсімдерді, негізгі ұғымдарды, ережелер мен қағидаттарды жаңғыртады.

2. Түсіну (материалдың бір түрден екінші түрге түрленуін, материалды интерпретациялауды, құбылыстардың, оқиғалардың одан әрі барысы туралы болжауды
білдіреді).

  • сөздік материалды математикалық өрнектерге түрлендіреді;

  • түрткіжайттарды, ережелерді, қағидаларды түсіндіреді;

  • болжам бойынша қолда бар деректерден туындайтын болашақ салдарларды сипаттайды.

3. Қолдану (зерттелген материалды нақты және жаңа
жағдайларда қолдана білуді білдіреді).

  • нақты практикалық жағдайларда заңдарды, теорияларды қолданады;

  • жаңа жағдаяттарда ұғымдар мен қағидаларды қолданады.

4. Талдау (материалды құрылым анық болатындай етіп компоненттерге бөле білуді білдіреді).

  • бүтіннің бөлігі;

  • олардың арасындағы өзара байланысты анықтайды;

  • ұйымдастыру қағидаларын анықтайды;

  • ойлау логикасындағы қателіктер мен олқылықтарды көреді;

  • түрткіжайттар мен салдарлар арасындағы айырмашылықты жүргізеді;

  • деректердің маңыздылығын бағалайды.

5. Синтез (берілген қасиеттерін ескере отырып, элементтерді біріктіру, бүтінді құру).

6. Бағалау (қандай да бір материалдың мәнін бағалай білуді білдіреді).

  • жазбаша мәтінді құру логикасын бағалайды;

  • қорытындылардың қолда бар деректерге сәйкестігін бағалайды;

  • қызметтің қандайда бір өнімінің маңыздылығын бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет