С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер



бет196/232
Дата02.03.2022
өлшемі5,78 Mb.
#133908
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   232
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе (2)

Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер

Сыйластықта

Әлеуметтік жағдайына тәуелсіз науқасты аты-жөнімен атау
Науқасты толғандыратын мәселелер науқас үшінде жіне Сіз үшін де аса қажет екендігін түсіндіру.

Өзіндік сыйластықта

Науқасқа қиындық туғызған және оны орындаған іс-шараның маңыздылығын науқасқа айтып түсіндіру

Жетістікте

Іс-шараны орындаған жетістікті орындағаннан кейін науқасты және туыстарын мадақтау, жетістігімен бөлісуге мүмкіндік беру



5.2.5 Тері күтімі
Адам терісі бірнеше қызметті атқарады:

  • қорғаныштық (механикалық зақымнан, микроорганизм-дердің және токсикалық заттардың сыртқы ортадан енуінен қорғайды);

  • аналитикалық (терінің сезімталдығы);

  • терморегуляторлы (тәулігіне дені сау адамда тер бөліну арқылы жылудың берілуі 20% құрайды, ал қызбасы бар науқастарда – едәуір көбірек);

  • бөліп шығару (тері арқылы, оның тері бездері суды, мочевинаны, зәр қышқылын, натрий, калий және т.б. заттарды бөліп шығарады).

Тыныштық кезінде қалыпты дене температурасында 1 л жуық тер тәулігіне бөлінсе, ал қызбасы бар науқастарда 10 л және одан да артық бөлінеді. Тері арқылы газ алмасу күшейіп, бұзылған зат алмасу өнімдері бірнеше ретке өседі, ол тер бөліну кезінде теріде қалып, треніні бұзады. Терінің кірлеуі оның қорғаныштық қасиетін, қалыпты микрофлорасын бұзып инфицирленуге жағдай туғызады. Сондықтан науқастың жеке басының гигиенасында дене тазалығы басты рөл атқарады.
Жалпы режимдегі науқастар өз беттерінше 7 күнде бір рет ванна немесе душ қабылдай алады. Төсек немесе қатаң төсек режиміндегі науқастарға ванна қабылдау және душ алу жағдайының ауырлығына байланысты және асқынулардың даму қаупіне сай қарсы көрсеткіш болып табылады. Бірақ, мұндай науқастардың терісінің гигиенасын сақтау және терісінің күтімі мұқият жүзеге асырылуы тиіс [29].
Төсек режиміндегі науқастарды жуындыру және қолын жуу күнделікті жүргізіледі. Бетін, мойнын, денесінің жоғарғы бөлігін күнделікті, ал қолдарын  — әр тамақтанған сайын жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет