Сақ тайпалары-ның бірлестігі (б.з.б. VII ғ.-ІІІ ғ.)
Қазақстан-ның барлық аймақтарын қамтыды. Тұрақты саяси орта-лығы туралы деректер жоқ.
Жоғарғы көсем-патша (Томирис). Әскери демократия.
Б.з.д. VI ғ. Парсыларға қарсы соғыс. Б.з.д. ІV ғ. А.Македонский әскерлеріне қарсы соғыс. Гректерге қар-сы Марафон ұрысына қа-тысу. Б.з.д. 490 ж.
Мемлекеттің алғашқы бел-гілерінің пай-да болуы: жа-зуы, сақтар-дың «аң стилі», қол-өнерідің мо-нуметтік сәу-лет өнерінің дүниеге келуі.
Ғұндардың мемлекеттік бірлестігі (б. з.д. III ғ.-б.з V ғ.
Орталық Азия,(Моң-ғолдық Алтай өңі-рі),Шығыс Қазақстан. Тұрақты саяси орта-лығы жөнін-де деректер жоқ.
Тәңірқұты (Мөде,Чжи-Чжи, т. б.) Әскери-әкімшілік басқару жүйесі.
Б.з.д I ғ. Екінші жартысынан б.з. II ғ. Ор-тасына дейінгі ғұндардың Қа-зақстан жеріне қоныс аударуы. Шығыс Қазақ-стандағы Юэбань мемле-кеті.
Көшпелілер-дің алғашқы ірі және мық-ты мемлекет-тік бірлестігі. Мемлекеттік басқару құры-лымының қа-лыптасуы, түркелену үді-рісінің баста-луы.
Үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі(б. з. д. III-II ғ.ғ – б. з. V ғ.)
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу). Ас-танасы – Шығу (Чигу-чен). Ыстық-көл маңы (Қызыл аң-ғар қаласы).
Күнби (Гуньмо) Б.з.д. 64-51 жж. Ұлы және кіші Гуньмо.
Қытаймен елшілік туыс-қандық байла-ныстар. Үйсін-дердің Орталық Азиядан Жеті-суға келуі. Ғұн-дарға қарсы үй-сіндер мен қы-тай одағы.
Үйсіндер Қа-зақстан же-рінде ең ал-ғашқы мемле-кеттік бірлес-тік құрды, ал-ғашқы тұрақ-ты басқару ор-талығы бол-ды.
Қаңлылар-дың мемле-кеттік бірлес-тігі (б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ.-б.з. V ғ.
Сырдария өңірі: Оң-түстік Қазақ-стан. Аста-насы-Битянь қаласы.
Мемлекет би-леушілерінің қалай аталған-дығы туралы дерек жоқ. Әс-кери-демокра-тияның бас-тауы.
Ұлы Жібек жо-лының Ферға-надан Аралға дейінгі бөлігіне үстемдік үшін күрес. Қытай, Парфия, Рим, Кушан импе-риясымен бай-ланыстар.
Күш-қуаты-ның арқасын-да Қазақстан-да сауда мен қала өркение-тінің дамуы. Халық саны-600 мың адам
Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтардың мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді.
Артикалық автор Аррианның дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді өзінң сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарады.Олар патшаның белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептеледі. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын – әскери –тайпалық ақсүйектер болатын.
Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәдени-генетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдық-әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.
Алтайдағы Берел, Шілікті, Жетісудағы Бесшатыр, Есік, Тарбағатайдағы «патшп қорғандары» сақтардың патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары.
Сақтардың Қазақстан аумағында ғана емес, тіпті Еуразия құрлығындағы ең көне мемлекеттігінің жәдігерлері (б.з.д. VIII ғ.) Шілікті даласында зерттелді. Ұзын саны 200-ден астам сақ-үйсін мәдениеттерінің ескерткіштері шоғырланған бұл жазықта сақтардың қырықтан астам ірі патша обалары бар. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде үш ірі патша обасы зерттелді. Соның «Бәйгетөбе» деп аталатын біреуінен алтын киімде жерленген ерте сақ мемлекеті патшасының мүрдесі ашылды. Мола ерте заманда-ақ тоналып кеткен екен. Тоналғаннан қалған алтын түймелер, қаптырма әшекейлер мен зергерлік бұйымдардың саны 4000-нан асады.
Есіктен ашылған белгілі алтын киімді адам жерленген ірі оба, Бесшатыр, Боралдай үлкен ғимаратты ескерткіштері (б.з.д. VI-IV ғғ.), т.б. сақ қоғамында терең әлеуметтік және мүлік теңсіздігінің, таптық жіктелістің, мемлекеттің болғандығынығ куәсі.
Скифтер мен сақтарды ел басқарудың ұлыстық қағидасы болғанға ұқсайды. Олардың патшалығы үш бөлікке бөлініп басқарылған.
Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазбалар деректеріне сүйене болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі-олардың ерекше қалпақ киюі.
Сақтар мемлекетінде жауынгердің, әсіресе қолбасышылар мен батырлардың орны жоғары.
Мемлекеттің келесі бір әлеуметтік тобын абыздар, сәуегейлер, бақсылар, ем-домшылар құрады. Бұлар да сақ қоғамының сыйлы адамдарына жатты. Жалпы, білім-ғылым әлі дұрыс дамымаған ерте кездегі, тіпті орта ғасырлардағы мемлекеттерде елді өзінің тылсым өнерімен соңынан ертетін, діни сеніммен ұйытатын адамдар сол заманның идеологтарының рөлін атқарған. Сондықтан діни адамдар мен олардың арасынан шыққан үлкен басшылармен, көрнекі тұлғалармен кейінгі замандардағы мемлекеттер де санасып отырған.
Сақ мемлекетіндегі келесі әлеуметтік топ-қауымның еркін мүшелері. Мемлекеттің көпшілік халқын да осы әлеуметтік топ құрады. Олардың әрқайсысының өз меншік малы, жеке үй-жайы, шаруашылығы болды. Бұлардың еркек кіндіктілері тыныштық кезде өз шаруашылығымен айналысты да, ал жаулап алушылық немесе ел қорғау соғысы кезінде әскер сапынан табылды. Сақтардың кішілеу, орташа қорғандары осындай еркін қауым мүшелерінікі. Олардың барлығына жуығынан жебенің ұшы, қанжар, найзаның ұшы сияқты қарулар табылуы жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдейді. Сақтардың ерлерімен қатар әйелдерін де кейде қарумен жерлеген. Мұның өзі сақ әйелдерінің де жауынгер болғандығын көрсетеді.
Сақ-скиф қоғамында өз малы, мінетін аты, қосын тігетін арбасы жоқ өте кедей-кепшіктер де болды. Олар қоғамның басқаларға тәуелді бөлігін құрады.
Сақ мемлекетіндегі әлеуметтік сатының ең төменінде құлдар болды. Әдетте, басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы көшпелілердегі құлдық мәселесі-көп талас тудырған мәселе. Бүгінгі ғылыми тұжырымдар бойынша, көшпелі елдерде құлдық отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көшпелілерде құлдықтың тек алғашқы түрі-үйішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдық өндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты адамдардың есігінде жүріп, үйішілік жұмыстар атқарған.
Сонымен, сақ қоғамы-патшасы, нөкер жасақтары, ел басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтары, байлары, кедейлері, құлдары бар қоғам болған. Ал мұндай әлеумттік құрылымды басқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағаны анық.
Ғұн мемлекеттілігі. Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық-ғұндар еді. Б.з.д. ІV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің «солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы» деп есептеген.
Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды.
Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған.
Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. ІV ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық қалыптастырып, онығ саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға- Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды.
Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңірқұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ. Садғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. «Тәңірқұты» елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды.
Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Онығң үстіне жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар.
Мөде тәңірқұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау қағақ жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге , кейін әкеден балаға өтіп отырды.
Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люань-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды.
Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік ауазым елдің Шығыс және Батыс бөліктерін басқаратын кіші хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашықта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер , қолбасшылар, әскербасылары, мал-жанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз орасы еді.
Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер,т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды.
Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын «Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы» деп түсінді.
Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғұндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді.
Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпыны негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесі ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты.
Ғұндар мемлекеті б.з.д. ІV ғасырдан б.з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б.з. ІV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.