Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 8



бет122/145
Дата07.02.2022
өлшемі17,88 Mb.
#87220
түріСабақ
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   145
Байланысты:
8 сынып адебиетКмж (1)

Тілдік
мақсаттар

Параллелизм, қаратпа сөз.

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел-өнер құшағында. Ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармаларды дәріптеу.

Пәнаралық байланыстар

Биология, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Компьютер

Бастапқы білім




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1)Оқушылармен сәлемдесу.
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Шаттық шеңберін құрып, оқушылар қол ұстасып бір-біріне жақсы тілектер айтады. Оқушылар үш топқа бөлінеді.
Топтастыру стратегиясы.
Мұқағали кім?→ Ақын, данышпан
Бәйге! Бәйге! Бәйге!
Бұл тапсырмада оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.
1 «Ана» тобына:
1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? - Мұқаметқали
2. Мұқағалидың әкесінің аты? - Сүлеймен
3. Ақынның қай жылы дүниеге келді?- 1931ж. 9 ақпан
4. Ақынның туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы
5. Ақынның әжесінің аты? - Тиын
6. Ақынның атасының аты? Мақатай
2 «Табиғат» тобына:
1. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған?
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты?
3. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды?- Менің анкетам.
4. Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан кім? – Ғ. Мүсірепов
5. Мұқағали өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім?
3. «Аққу» тобына:
1. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар, Жұлдыз
2. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? - 5 шілде 1991 жыл
3. Мұқағалидың прозалық шығармасы – «Қош, махаббат»
4. Ақынның жарының аты - Лашын
5. Ақынның алғашқы өлеңдері - «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай»
6. Мұқағалидың қандай әндерін білесіңдер? – «Саржайлау», 

Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

Сабақ қазақтың ақиық ақыны, үлкен ақыны, поэзия әлемінің асқар шыңы, сонымен қатар қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз, жанына жақын сырлас дос таппай дүниеден өткен Мұқағали Мақатаевқа арналады.
Қазақ поэзиясының «Хан тәңірі» атанған Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың 9-шы ақпанында Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген.
Әкесі – Сүлеймен, Анасы – Нағиман, Әжесінің аты – Тиін. Ол алғаш рет астанада шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түседі. Бірақ өз жағдайы оқудан шығуға мәжбүр етеді.
Мұқағали Мақатаев – халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақыны.
1976 жылы 45 жасында ақын аға қайтыс болады.
Туған жерің?
Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың?
Туған жылың?
1931.Құрдасымын Шәмілдің.
Жынысың кім?
Еркекпін ғой, еркекпін
Және дағы тәуірмін
Мекен-жайым – жер менің
Жерде жүрген ақын деген пендемін
Қалам, қағаз, уақыт бер аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет