Жауап:Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялықтабиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың кұрамын, байланысын,бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасузаңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді.
Ландшафттану объектісі - ландшафттық сфера және оныңкұрылыстық бөлімдері ландшафттар. «Ландшафттық сфера» терминін1950 жылы Ю. К. Ефремов енгізген. Ландшафттық сфера – бұлқұрлықта - атмосфера және жер қыртысының, ал теңізде -кұрлықтың, су қалыңдығы жэне атмосфераның тікелей өзараәрекеттесудің зонасы.
Ландшафттану пәнінің негізгі мақсаты — табиғи объектілертуралы білімімізді жетілдіру. Ландшафттану пәнінің қажеттілігібіріншіден табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануға үйретеді.Ландшафттану пэінің негізгі бір бағыты табиғат пайдаланудағыәлемдік экологиялық мәселелерді зерттеп одан шығу жолдарынкөрсету. Ландшафттану міндеттеріне ландшафтылардың түзілузаңдылықтарын, кұрылымын, дамуын, эволюциясын, аймақтыңдифференциациясын және ландшафт интеграциясын анықтау кіреді,сонымен катар олардың компоненттері мен бөліктері арасындағыөзара ішкі байланысты, зат пен энергия алмасуды, табиғифакторлармен адам әрекеті әсерінен пайда болатын ландшафтқасиеттерінің өзгерістерін анықтау кіреді.