Сабақ : №5-6 Мектеп: Қарағанды қ. Хбб нзм күні : 21



бет14/18
Дата29.11.2022
өлшемі116,29 Kb.
#160398
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ыбырай Алтынсарин 3-4-сабақ
pdfcoffee.com a-level-physics-2-pdf-free, pdfcoffee.com muncaster-roger-acne-for-dummies-a-level-physics-fourth-edition-4th-edition-2010pdf-2-pdf-free, Рефлексивный лист, 7 сынып марк схема, template-phtj, «Ж мыс ж не уат» б лімі бойынша жиынты ба алау О ума саттары, Кіріспе бастауыш сынып о ушыларыны мектепке бейімделуі
2-топ
ТЖ Тапсырма.
Әңгімені оқып, ой картасын толтырыңыз.
Қамтылатын мәселелер:

  • Тақырыбы, идеясы;

  • Сюжеті (қысқаша жоспар);

  • Кейіпкерлері;

  • Әдеби көркемдегіш құралдар;

  • Дәйексөздер

  • Оқырманға беретін ғибраты



Байұлы
Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына мінгенде. бір бала жыламсырап қарап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы қасына барып:
- Сен неге атыңа мінбейсің? - деді. Бала қамығып:
- Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, - деді.
Сонда Байұлы аттан түсіп жаяу әкесіне барып:
- Мен атқа мінгенде, ер-тоқымымен маған бір жорға тай атап едіңіз, сол тайымды біреуге берсем сіз ұрыспайсыз ба? - деді. Әкесі:
- Кімге бересің? - деді.
Бала қысылыңқырап тұрып, жаяу жылап тұрған жарлының баласын көрсетті. Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп:
- Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде,- деді.
Сонан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп беріп, қасына ертіп алды да, шауып кеп, көп балаға қосылды. Сол уакытта бір аксақал жақсы кісі қонақ болып жатыр екен, Байұлынын әлгі мырзалығын көріп, разы болып, сыртынан бата берді:
- Ей, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер.- деп.
Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай, руға бас болды. Он екі ата Байұлы деген ру сонан болды деседі.


Таза бұлақ
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп.
Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн- түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара- бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін,- деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
- Жоқ, мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды.
Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» - деп сұрады. Жігіт айтты:
- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп- шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ, күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет