Сабақ : № 5-6
|
Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ
|
Күні : 21-25.11.2022
|
Мұғалім: А.О.Есенжолова, Д.Ш.Өмірбекова, Е.М.Ермағамбетов
|
Сынып:8 L1
|
Қатысқан оқушылар саны: 25
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ыбырай Алтынсарин. Шағын әңгімелер
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
8.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдау
|
Сабақ мақсаты:
|
Көркем шығармадағы кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдай отырып, ұсынылған әңгімедегі автор көзқарасын таниды.
|
Құндылықтарды игерту:
|
Өмір бойы білім алу;
ашықтық;
адамгершілік;
еңбекқорлық;
ізденімпаздық;
көшбасшылық;
|
Пәнаралық байланыс:
|
Өнер, Қазақ тілі, Тарих, Информатика пәндерімен байланыс орнатылған
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
|
Бейнебаян, презентация көру
|
Бағалау критерийлері
|
Кейіпкер образын анықтайды
Кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдайды
Шығармадағы автор көзқарасын талдайды.
|
Дескрипторлар:
|
кейіпкер табиғатын жасалу тәсілдері тұрғысынан талдауды жүйелі жүргізеді
автордың кейіпкер сипаттамасы, портретін суреттеуіне дәлелдер келтіреді;
кейіпкер іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктеріне мысалдар табады;
диалог, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөз, суреттемелерге дәлелдер келтіреді;
кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту, әртүрлі мақсаттарда жазылатын жазба жұмысына сәйкес стильді таңдай білуге бағыттау.
Пән лексикасы және терминология: әңгіме құрылымы, кейіпкер сезімі, астарлы ой
Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: талдау, жіктеу, таңдау, іріктеу, салыстыру, анықтау, баяндау
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Өткен сабақтарда Ы. Алтынсаринның өмірбаяны, шығармашылығы, шағынн әңгімелерінің мазмұны мен оның құндылығы, көтерілген мәселелрі бойынша жұмыс жасады.
|
|