Сабақ : қазақ әдебиеті Мектеп: Бірлік жом күні: 28. 04. 2017ж



Дата18.02.2018
өлшемі95,69 Kb.
#37801
түріСабақ
Қысқа мерзімдік жоспарлау

САБАҚ: қазақ әдебиеті

Мектеп: Бірлік ЖОМ

Күні:28.04.2017ж

Мұғалімнің есімі: Абишева Сандугаш Кудайбергеновна

СЫНЫП: 5 "А"

Қатысқандар саны:23

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Н.Сералиев «Аңсау»әңгімесіндегі ана парасаттылығы мен баланың сезімталдығы

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Қазақтың белгілі журналисі әрі қаламгері Нәсіреддин Серәлиевтің «Аңсау» әңгімесі бойынша алған әдеби білімдерін бекіту және идеялық тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру.

Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, еркін ойлауға, өз бетімен шығармашылық ізденіске үйрету. Шығарманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін дамыту.

Оқушыларды әңгіменің сюжеті арқылы адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке баулу, жақсылық жасауға, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жазушының өмірі мен шығармашылығын айтады,сұрақтарға жауап береді,топта жұмыстанады

Оқушылардың басым бөлігі: Н.Сералиевтің шығармаларына шолу жасайды,әңгіменің мазмұнын айтады,суретке қарап әңгіме құрайды ,талдайды

Кейбір оқушылар:Шығарманы басқа да ақын-жазушылардың шығармаларымен салыстыра алады, талдайды,өзіндік пікірін қалыптастыра алады,шығармашылықпен айналысады,сұрақтарға еркін жауап береді.

Күтілетін нәтиже

1.Қорытынды пікір қалыптастырып бүгінгі күнмен байланысын қарастырады.

2.Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.

Сабақтың әдісі

СТО әдістері,«Күн мен бұлт» , «Ойлаудың алты қалпағы» , «Егер де мен автор болсам...», «Бес саусақ», «Ұшақ ұшыру», «Желпуіш», «Бұл не?», «Синквейн»әдістері т.б.

Алдыңғы оқу

Н.Сералиев «Аңсау» әңгімесін оқу,мазмұндау

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

І.Ұйымдастыру (3 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

(6-мин)

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Оқушылармен амандасу, түгендеу Ә) Оқушы назарын сабаққа аудару Б)Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.(өлең жолдарын айту)

Шеңбер құрып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш,нұр іздеген.

Шуақ толсын жанымыз,жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
ІІ.Оқушыларды топқа бөлу. 1-ден,4-ке дейін санау арқылы топқа бөлінеді.

1-топ. «Арман»

2-топ. «Ізет»

3-топ. «Сағыныш»

4-топ. «Құрмет»
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Нәсіреддин Серәлиев туралы оқып келген деректері бойынша

«Күн көзін ашу» ойынымен жүргіземін. Бұлт үлгісінде жасалған кеспе қағаздарды күн көзіне жапсырамын. Онда сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушы бұлтты алып, күн көзін ашады. 
1-топ. «Арман»Бұлттардағы сұрақтар.
1. Н.Серәлиев қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданды, Қашқансу ауылы. 1930 жылы)
2. 1952 жылы «Кішкене үйшілер» атты әңгімесі қандай журналда басылды? («Пионер»)
3. Қай мектепте оқып жүрген кезіне қабырға газетіне өлең жазып «ақын бала» атанды? 
(Абай атындағы жетіжылдық мектепте)
4. 1969 жылы шыққан балалық шағын таршылық, қайғы қасіретпен өткізген балалар жайында жазылған повесі? («Ыстық күлше»)
5. Серәлиевтің шығармаларының басты тақырыбы қандай?.

2-топ. «Ізет».Топтастыру.

Күн көзіне Н.Сералиевтің портретін қойып,күн шуағы арқылы топтастыру.

3-топ. «Сағыныш». «Ұшақ ұшыру» әдісімен

4-топ. «Құрмет» «Бес қадам» әдісімен

үй тапсырмасын бекіту.Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша үй тапсырмасын бекітеді
«Аңсау» әңгімесі бойынша сұрақтар
1. Қария қалаға неге келді?
2. Қаладан қайта алмай қалған соң, қайда түнеп шықпақ болды? 
3. Бала кімді аңсап жүр еді? 
4. Ермек қартты неге үйіне ертіп келді? 
5. Ермектің қазақшаға шорқақ болуына кім кінәлі деп ойлайсыңдар?
6. Қалалық келіншектің бойынан қандай қасиеттерді көре алдық?

Түрлі-түсті стикерлер

Оқулық


Флипчарт

А4 парақшасы



Бес қадамның суреті



Ортасы

ІІІ. Мағынаны тану (10 мин)

IV Тәжірибе жасау. (17мин)

ІV. Жаңа сабақ.«Шығармашылық талдау сабағы».
Әңгіменің композициялық элементтері
Топтық тапсырмалар
Топ мүшелері топта әңгімені композициялық құрылымына талдайды, Біріне-бірі көмектесіп,ой бөліседі.Әр топтан бір оқушы оқиды.

«Шығармашылық талдау сабағы».

Сонымен, «Аңсау» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы қандай?
- Тақырыбы – сағыныш, күту, аңсау
- Идеясы – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу, қонақжайлылық. 
- Балалар, композиция дегеніміз не?
- Композиция (латын тілінен аударғанда - құрастыру, қиыстыру) - көркем шығарманың құылысы

А) Композициялық жоспар құру
Оқиғаның басталуы. Кешкі қала бейнесі 
Оқиғаның байланысуы. Қарияның қалаға келуі
Оқиғаның дамуы. Қарияның баламен кездесуі, атаға сағыныш
Оқиғаның шиеленісуі. Ермектің қарияны үйіне ертіп баруы, оған бауыр басуы 
Оқиғаның шарықтау шегі. Қарияның ауылға сағынышпен аттануы 
Оқиғаның шешімі. Ұйқы құшағындағы Ермектің түсі

V. Топтық жұмыс. «Сөзден іске» әдісі (Шығармашылық жұмыс)
І топ - Қарт пен бала арасындағы диалогті рөлге бөліп оқыңдар .(қазақ тілімен байланыстыру)
ІІ топ- Мәтіндегі орысша сөздердің баламасын табыңдар.(үш тілділік)
ІІІ топ- Ермектің орысша араластырып сөйлеуін қалай түсіндіріп бересіңдер?(тіл мәселесі туралы айту)
ІV топ- Баланың шешесі не себепті ұлына бөтен қарияның жанына жатуға рұқсат берді? 
VI. Сергіту сәті. «Сандар флешмобы» Оқушылар 1-ден,10-ға дейінгі сандарды билеп тұрып,дене мүшесімен жазу.

VII. Топтық жұмыс. Постер қорғау

1-топ. «Арман».Атаның бойындағы қасиеттерді тізіп жазу.Атаға хат.

2-топ. «Ізет» Ананың бойындағы қасиеттерді тізіп жазу.Анаға хат.

3-топ. «Сағыныш» Ермектің бойындағы қасиеттерді тізіп жазу.Ермекке хат.

4-топ. «Құрмет».Әңгімеде қандай әдет-ғұрып,салт-сана байқадыңыз,тарқатып айтып берсеңіздер.

VIII. Жағдаяттан шығу.

1.Сіздің ата-анаңыз қалаға кетейін деп жиналып жатса,сіз не істейсіз?

2.Ата-анаңыз, ата-әжелеріңізбен кездесуге тыйым салса не істейсіз?

3. Отбасында бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?

IX.Салыстыру.Вен диаграммасы (Тақтамен жұмыс) Оқушылар бүгінгі өткен «Аңсау» әңгімесін «Қозыкүрең» әңгімесімен ұқсасімен ұқсастығы неде екенін анықтайды.

Суреттер

Кітаптар


Оқулық,маркер

Суреттер


Оқулық

Оқулық,маркер




Аяқталуы

V.Қорытынды (5мин)

VI.Бағалау (2мин)

VII.Үйге тапсырма (1мин)

X.Бекіту
1.«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі
Эмоциялық көңіл күйін білдіреді .
Менде қандай ақпарат бар , не білемін?
Жағымды тұстары қандай болды?Маған не ұнайды?
Жағымсыз тұстары , маған не ұнамайды?
Менде қандай идеялар бар?
Басшылық жасап, қорытынды айтады.
Тақырып бойынша өзіндік пікірлерін білдіреді.
XI.Қорытынды
«Егер мен автор болсам...»
Егер де сен автор болсаң,шығарманы қалай аяқтар едің?
-Неге?
Жеке жұмыс
Топ мүшелерінің өзіндік ойлары тыңдалады
а)Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасы бойынша түсіндіріп өтеді.
1«Өзіңді аңсап...» ойтолғау жазу
Оқушылар күнделіктеріне түртіп жазып алады.
ә)Бағалау. 1мин
Жинаған ұпайларына қарай бағаланады
Күнделіктеріне алған бағаларын қойғызады.

Кері байланыс: «Алма ағашы» жасылтүс-өте жақсы түсіндім,сары түс-оташа түсіндім,қызыл түс-мүлдем түсінбедім.Сабақты қаншалықты түсінгендерін түрлі-түсті стикерлерді алма ағашына жабыстыру арқылы кері байланыс береді.

Ақылдың алты қалпағы

Автор орындығы



Түрлі түсті стикерлер

Рефлекция.





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет