Сабақ : Қазақ тілі Мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Көне қалалар Грамматикалық тақырып: Синонимдер



Дата05.06.2017
өлшемі105,35 Kb.
#18129
түріСабақ
8 сынып
Сабақ : Қазақ тілі Мерзімі:__________

Сабақтың тақырыбы: Көне қалалар

Грамматикалық тақырып: Синонимдер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру. Көне қалалар туралы оқушылардың алған білімдерін саралай отырып бекіту. Грамматикалық тақырыптарды практикада қолдана білуге үйрету.

2. Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, көне қалалардың тарихын, мәдени құндылықтарын білуге, оларды мақтан етуге, парасатты болуға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын қорыта отырып, еркін жеткізудегі коммуникативтік, ақпараттық құзіреттіліктерін қалыптастыру. Тақырып бойынша қазақ тілінде жатық сөйлеуге бейімдеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, интерактивті тақта, ҚР картасы, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, кезекшімен диалог, дәрісхананың сабаққа дайындығын тексеру. Балалар, бір-бірлеріңе сәттілік тілеңдер. Мен де сендерге сәттілік тілеймін!

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, ертеде Ұлы Жібек жолы өткен жерлерде ірілі-ұсақты нелер пайда болған? Осы керуен жолы қай жерден бастау алған? Неліктен оны Ұлы Жібек жолы деп атаған? Оның ұзындығы қанша шақырымға жетеді?



ІIІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту. (Ой шақыру).

Жаңа сабаққа кіріспе.

Балалар, мына өлең жолдарын тыңдап көріңдер не туралы айтылған?

Көне дүние күңгірі, Тарихы терең бұл үннің,

Ерте заман дүбірі. Жаңалығы бүгіннің.

Ұлы Жібек жолында, Туған елдің кешегі,

Естіледі бабамыздың бұл үні. Құпиясын білдірдің.

Иә, Ұлы Жібек жолы туралы айтылған.

Ол қайдан бастау алған? (Орталық Қытайдан). Қай жерге дейін созылып жатыр?

(Жерорта теңізіне дейін созылып жатыр). Неліктен Жібек жолы деп аталған?

(Өйткені бұл жолмен Қытайдың жібегі тасымалданған). Ұлы Жібек жолының бойында біздің елімізде пайда болған қалалар қандай қалалар? (Көне, ежелгі). Қалалар қандай болады? (Үлкен, кіші, жаңа, көне т.б.)

ІV. Негізгі кезең.

Жаңа сабақ.

1. Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы да, «Көне қалалар» туралы болмақ.

Тақтадан слайдтарды көрсетіп, қалалардың көрнекті жерлеріне тоқталу.

2. Балалар, сендер қандай көне қалаларды білесіңдер? (Түркістан, Отырар, Тараз, т. б). Осы көне қалалар еліміздің қай өңірінде орналасқан? Неліктен?



Құзіреттілік сұрақтары: Бізге көне қалалар туралы білу керек пе? (Еліміздің тарихын, мәдени мұраларын оқып, білу үшін керек). Не үшін білуіміз керек? (Дүниетанымымызды кеңейту үшін).

3. Көне қалалар туралы жазылған мәтінге тоқталу. (Оқушыларға үлестіру.)

4. Сол мәтіндерден оқушылар таныс емес жаңа сөздерді белгілеп, сөздіктен аудармаларын табады.

Құзіреттілік сұрақтары: Осы сөздермен сөз тіркесін сөйлем құрастыру үшін біз нені білуіміз керек? (Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін білуіміз керек). Сөйлем құрау арқылы біз нені меңгереміз? (Дұрыс сөйлеп үйренеміз). Дұрыс сөйлеу бізге не үшін керек? (Өз ойымызды жеткізе білеміз). (Сөз тіркесін, сөйлемдер құрастыру).

5. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу үшін біз нені білуіміз керек? (Мәтінмен жұмыстың алгаритімін білуіміз керек). а) Оқу. ә) Негізгі ойды анықтау. б) Таныс емес сөздерді белгілеу.

в) Сөздіктен тауып алу, олармен сөз тіркесін, сөйлем құрау.

Мәтінмен жұмысты тексеру. (Жұптық жұмыс).



R-я: Түркістан қаласы еліміздің қай аймағында орналасқан? Қасиетті Түркістанды неліктен «Екінші Мекке» деп атаған? Бұл қалада кімнің кесенесі бар? Оны кім салдырған? т.с.с.

Құзіреттілік сұрақтары: Бізге Түркістан қаласы туралы білу керек пе? (Түркістанның тарихын, ескерткіштерін оқып, білу үшін керек). Не үшін білуіміз керек? (Білімімізді толықтыру үшін).

6. Мәтінмен жұмысты тексеру. (Жұптық жұмыс).

Отырар қаласы қай жерде орналасқан? Қазір онда не бар? т.с.с.

R-я: Бұл қалаға Жамбыл деген ат неліктен берілді? Тараз аты қай жылы қайтарылды?

Ж. Жабаевқа байланысты мұғалімнің тың мәліметі. (Екі ғасыр куәгері, оның жауынгерлерді рухтандыруы).

7. Оқушылардың бір-біріне қиылыспалы сұрақтары. (Көне қалалар төңірегінде).

Құзіреттілік сұрақтары: Бізге Тараз қаласы туралы білу керек пе? (Тараздың өткен тарихын, ескерткіштерін оқып, білу үшін керек). Не үшін білуіміз керек? (Білімімізді толықтыру үшін).

V. Грамматикалық бөлім:

Ақпараттық технология:

а) Мағынасы жақын сөз тіркестерін жазады. Перденің артында жазылып тұрған жауап арқылы өз-өздерін тексереді.

ә) Ой жүйесін аяқтауға тапсырма. Мысалы: Екінші Мекке – Түркістан т.с.с.

б) Әр қала бойынша сызбаны толтырыңдар.

Мысалы: Шағбар, Яссы Түркістан ...

Фараб, Бәрәб Отырар Арыстанбаб кесенесі

Янги, Әулие ата, Мирзоян, Жамбыл Тараз Айша бибі

в) Венн диаграммасын Түркістан – Отырар қалалары бойынша толтырады.

R-я: Біз осы тапсырмаларды орындай отырып нені меңгердік? Сабақта алған білімімізді ақпараттық технологияның көмегімен бекіттік.

Құзіреттілік сұрақтары: Бізге синонимдерді не үшін білу керек? (Сөздік қорымызды байыту үшін керек). Не үшін білуіміз керек? (Грамматикадан алған білімді бекіту үшін керек).

VI. Бекіту кезеңі.

Мұғалім: Балалар, қандай көне қалаларды білесіңдер? Көне қалаларда қандай тарихи ескерткіштер бар? Көне қалалар еліміздің қай бөлігінде орналасқан? т.с.с.

Тақырыпқа байланысты тест тапсырмасын орындау (10 сұрақтан тұратын).

Құзіреттілік сұрақтары: Бізге тест тапсырмасын орындау не үшін керек? (Осы тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді жүйелеу үшін). Не үшін білуіміз керек? (ОЖСБ ға дайындық үшін).

VII. Сабақты қорытындылау (Рефлексия).

VIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма беру.

* Ғаламтордан басқа да көне қалалар туралы ақпарат жинастырып келіңдер.

«Көне қалалар» туралы сөйлесім. (Диалог).

Қала, шаһар, кент сөздерімен сөйлем құрастырыңыздар.



Мәтінмен жұмыс істеу алгоритмі:

1.Мәтінді мәнерлеп оқу.

2.Мәтіннен кейін сөздікті оқу.

3.Таныс емес сөздерді табу.

4.Мәтінді аудару.

5.Сұрақтарға жауап беру.

6.Егер сұрақтар болмаса, бес сұрақ құрастыру.

7.Осы мәтінге арналған жоспар құру.

8.Мәтінге арналған тапсырмаларды орындау.

9.Жоспар бойынша мәтінді мазмұндау.

10.Аяқталмаған тапсырмаларды үйге аяқтауға ал.
«Көне қалалар»

Тест сұрақтарына жауап беріңіздер.

1. Көне қалалар ненің бойында орналасқанын белгілеңіз.

а) Биік таудың бойында

в) Ұлы Жібек жолының бойында

с) Солтүстік аймақта

д) Мұхиттың бойында

е) Бұғаздың бойында

2. Түркістанның көне атауларын анықтаңыз.

а) Сайрам, Сарайшық в) Сауран, Янги с) Жамбыл, Ақсу

д) Шағбар, Яссы е) Ақтөбе, Атырау

3. Қасиетті Түркістан қаласындағы тарихи ескерткішті белгілеңіз.

а) Айша бибі в) Арыстанбаб с) Қожа Ахмет Йасауи

д) Қарахан е) Шамансұр

4. Отырар қаласы ... рет қирап, ... рет жаңарған.

а) үш в) бір с) екі

д) бес е) төрт

5. Ертеде «Фараб» немесе «Бәрәб» деп аталған қаланы белгілеңіз.

а) Яссы в) Тараз с) Отырар д) Жамбыл е) Түркістан

6. Арыстанбаб кесенесі қай қалада орналасқанын көрсетіңіз.

а) Сарайшық в) Яссы с) Тараз д) Түркістан е) Отырар

7. Тараз қаласы қай ғасырда гүлденгенін белгілеңіз.

а) V -VІ в) VІ - VІІ с) VІІ - VІІІ

д) Х -ХІІ е) ХІІ - ХІІІ

8. Дыбысталуы әртүрлі, бірақ мағыналары жақын сөздерді атауын табыңыз.

а) синоним в) омоним с) антоним д) фразеологизм е) дифтонг

9. Тараз атауы қашан қайтарылғанын көрсетіңіз.

а) 1995 в) 1997 с) 1993 д) 1999 е) 1991

10. Қарама-қарсы мәндес сөздерді белгілеңіз.

а) көп, мол в) жаз, алма с) оқу, оқушы д) мен, сен е) көне, жаңа

8 сынып «Көне қалалар.» тест тапсырмасының бағалау мөлшері төмендегідей:
10- 9 дұрыс жауапқа «5» деген баға

8-7 дұрыс жауапқа «4» деген баға

6-5 дұрыс жауапқа «3» деген баға

5 төмен жауапқа «2» деген баға қойылады.

Жауап кілттері:

І тапсырма

1 в

2 д

3 с

4 а

5 с

6 е

7 д

8 а

9 в

10 е

Түркістан

Түркістан – қазақ халқының рухани астанасы. 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық тойы болды. Ол Қаратау мен Сырдария өзенінің ортасында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Бұл кезде қала Шағбар деп аталатын. Мұсылман діні келгеннен бастап қала Яссы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Йасауи болатын тұс.

Тәуке хан, Жәңгір хан, Абылай хан сияқты хандар осы қалада елді басқарған. Сонымен қатар олардың жанында атақты билер, жыраулар өмір сүрген.

Түркістан «түріктер мекені» деген сөз.

Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.

1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген.

Түркістан өзінің Қожа Ахмет Йасауи кесенесімен танымал. Қожа Ахмет Йасауи – түркі әлемінің

рухани көсемі. Оның қабірінің басында үлкен ғимарат бар. Оны атақты қолбасшы Ақсақ Темір салғызған.

Мұнда күн сайын көптеген саяхатшылар келеді.



Отырар

Отырар – қазақ халқының ең көне қалаларының бірі. Бұл қала 2000 жыл өмір сүрген.

Ежелде Отырар қаласының орнында Фараб немесе Бәрәб атты үлкен қоныс болған.

«Бәрәб» - ежелгі түркі сөзі. Ол «сулы қоныс» деген мағынаны білдіреді. Шаһар Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан еді. Ежелгі Отырар қаласының орны қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында жатыр.

Отырар қаласы - өз тарихында сұрапыл соғыстан үш рет қирап, үш мәрте тірілген іргелі орын.

Отырарда медресе, мешіт, базар, монша тағы басқа да ғимараттар болған.

Отырар орнында бұл күндері жалғыз қалған құрылыс – Арыстанбаб ғимараты. Ол ХV ғасырда салынған. Арыстанбаб әулие аты аңызға айналған тұлға болған.

Арыстанбаб – Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі. Ол туралы: «Арыстанбаб - әрі ақын, әрі жұлдызға қарап адам тағдырын болжайтын көріпкел» деген дерек бар.

Ол – Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы.

Отырар – Азия мәдениеті мен тарихының белді тұлғалары мен байланысы бар ерекше қала.

Ол Шығыстың ойшылы Әбу Насыр Әл Фарабидың Отаны болып саналады.



Тараз

Қазіргі Қазақстанның Таразы – 300 мыңнан асатын халқы бар қала.

Орта Азия мен Қытай мемлекеттерін байланыстырған Ұлы Жібек жолы қазақ жерінен өткен. Өлкемізде керуен жолын бойлай ірілі-ұсақты бекіністер мен қалалар пайда болған. Солардың бірі әлемге әйгілі көне қала – Тараз.

Тараз қаласының іргетасы біздің заманымыздың шамамен І ғасырында-ақ қаланған. Ондағы түрлі ғимараттар мен сәулетті құрлыстар археологтарды таң қалдырған. Тараз Х – ХІІ ғасырларда Қарахан хандығы заманында гүлденіп дамыды. Сол кезде қаланған Айша бибі, Бабажы қатын, Тектұрмас, Шамансұр (Дәуітбек) кесенесі тарихи ескерткіштер болып саналады.

Тараз қаласының тарихымен түрлі себептерге байланысты атының өзгеруі.

Тараз ортағасырда Янги, 1853 - Әулие Ата, 1936 – Мирзоян, 1938 – Жамбыл деп аталған.

Ал, 1997 жылы қаңтар айында ежелгі Тараз аты қайтарылып берілді. Қазіргі уақытта Тараз гүлденген жасыл қалаға айналды.

Сайрам

Ежелгі Сайрам қазақ жерінің рухани орталығы болған. Ойшылдар, философтар, әулиелер, дін таратушылар шыққан жер.

Сайрамда бүкіл түрік халықтарының рухани көсемі Ахмет Ясауи 1103 жылы дүниеге келген.

Сайрамның Х – ХІІІ ғасырлардағы аты – Испиджаб, соғды тілінде «Ақсу» дегенді білдіреді.

Сайрам – орта ғасырда қолөнерімен атағы шықты. Мұнда ақ мақта, былғары, қару-жарақ шығарылды. Алтын-күмістен асыл бұйымдар дайындалды.

Сарайшық – ХІІІ ғасырдың басында Жайық өзенінің жағалауында негізі қаланған, орта ғасырдағы ірі саяси, мәдени және сауда орталығы.

Ол Шығыс пен Батысты байланыстыратын сауда жолының бойында орналасқан.



ХІV ғасырда Сарайшық Ақ Орда мемлекетінің, содан кейін ноғай ұлысының орталығы болған. ХV ғасырдан бастап, ол қазақ хандығының әйгілі астаналарының бірі ретінде саналған.

Сауран ерте уақыттарда Түркістан, Ташкент, Сығанақ, Жанкент т.б. қалаларымен қатар қазақ хандығының сауда, шаруашылық, саяси-экономикалық және әскери орталығы болған. ХVІ ғасырда қазақ хандары қаланы сумен жабдықтау үшін кәріздер жүйесін қолданған. Кәріз – дегеніміз жер астындағы каналдар. Үндістаннан 500 – дей құл әкеліп, бүкіл қаланың астынан кәріздер қаздырып, сумен қамтамасыз еткен. Қазақ жылқысының асыл тұқымдарының бәрі – сауран ат. «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Сауран кішігірім қыстақ болып қалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет