Сабақ : Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы : Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері



Дата25.08.2017
өлшемі39,49 Kb.
#27349
түріСабақ
5 сынып Қазақ тілі сабағы 12 желтоқсан.

Сабақ : Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Грамматикалық тақырып: Тәуелдік жалғаулары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру. Мемлекеттік рәміздер тақырыбына түсінік беру.Септік жалғауларын қайталау. Грамматикалық тақырыптарды практикада қолдана білуге үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, қорғауға, туған жерін мақтан тұта білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын тиянақты, дәл жеткізе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, дұрыс айту, ауыз екі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, кәртішкелер, тірек сызбалар,тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, кезекшімен диалог, дәрісхананың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, сендер қай елде тұрасыңдар? Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды?
ІIІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту. (Ой шақыру).
Жаңа сабаққа кіріспе.
Балалар, Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
ІV. Негізгі кезең.
Жаңа сабақ.

1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Тіл дамыту жұмысын жүргізу. а) Қосымша материалмен жұмыс

Мемлекеттік рәміздері туралы.

Мемлекеттік ТУ. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы-Шәкен Ниязбеков. Тудың түсі неліктен көк түсті? Себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Күн де бәрімізге ортақ.Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Қыран киелі,қасиетті құс деп есептелген. Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді.Ою-өрнек қазақ елінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

Елтаңбасы.Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген.Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланган. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков,Шотаман Уәлиханов.

Әнұран. Қазақстан Республикасның Әнұраны 2006 жылы өзгертілген. Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұранның әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.

.
3. «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбы бойынша мәтінді әр партаға үлестіріп, әр оқушы өз шамасына қарай деңгейлік тапсырма алады.


3 деңгей. 1. Фонетика нені зерттейді?

2. Мәтіндегі бір сөзді тәуелде. 2. деңгей 1. Қазақ тілінде неше септік бар?

2. «Ту» деген сөзді тәуелдеу.
4. «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбы бойынша өзара сөйлесіңдер. (Жұптық жұмыс).
Мемлекеттік туының түсі қандай? Тудың ортасында не орналасқан? Тб

5. Тақырыпқа байланысты үлестірме карточкамен жұмыс.

1. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңдар. Менің дос..., сенің білім..., оның дәатер..., менің жұмыс..., сіздің көрме..., оның Отан..., олардың әнұран... .

2. Төмендегі сөздерді тәуелдеу. Сурет, бас қала, Отан, ел.

Тест тапсырмаларының кезекті нұсқаларын үлестіріп, орындату.

1. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Досы. В) Олар. С) Біздер. Д) Сабағың. Е) Біреу.

2. Сөйлемде септік жалғаулы сөзді табыңыз: Қарағанды жерінде темір, көмір көп.

А) Қарағанды. В) Жерінде. С) Темір. Д) Көмір. Е) Көп.

3. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған барыс септік жалғауын табыңыз.

А) Әжеге. В) Әжесіне. С) Әжелер. Д) Әжетай. Е) Әженіні.

4. Көптік жалғау жалғанған сөздерді табыңыз.

А) Өнердің, халыққа. В) Үйірмелер, әншілер. С) Әртісті, театрды. Д) Шымылдығым, қалам.

Е) Үйірмесі, әнші.

5. Заттың меншіктілігін білдіретін қосымшаны табыңыз.

А) Болымсыздық. В) Тәуелдік жалғау. С) Септік жалғау. Д) Жіктік жалғау. Е) Көптік жалға



Жауап кілті: 1-а,2-в,3-в,4-в,5-в.

Жауап кілттері арқылы, өздері орындаған тест тапсырмаларын, өздері тексереді.


Түсініксіз сұрақтарына кеңес алып, өзі мысал келтіріп, түсінгендігін дәлелдейді.
R-я: Балалар, бұл тапсырма бізге қажет пе? Бұл тапсырма бізге не үшін қажет?

VI. Бекіту кезеңі.
Мұғалім: Балалар, Қазақстан Республиканың мемлекеттік рәміздер қандай бар? Мемлекеттік әнұран қандай рәміз? Жаңа мемлекеттік әнұран қашан қабылданды?

Сөзжұмбақты шешіңдер.

1. Ұлт 2. ҚР мемлкекеттік рәмізі 3. Көктем мерекесі 4. Қазақтың ұлы ақыны 5. Космодром 6.Қазақстанның астанасы 7. ҚР рәмізі 8 Қазақсиандағы теңіз 9. ҚР мемлекеттік рәмізі



VII. Сабақты қорытындылау (Рефлексия).
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?
Балалар Отан туралы кім өлең біледі? «Қазақстан» өленің жатқа айту
VIII. Бағалау.
IX. Үйге тапсырма беру.
Мемлекеттік рәміздер реферат жазып келіңдер.
*Мемлекеттік рәміздер тарихынан ізденіс жұмысын жүргізіңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет