Сабақ : қазақ тілі Сынып : 4 «Б» Күні: 15. 10. 2019 Қатысқан оқушылар саны



бет1/2
Дата14.10.2019
өлшемі125,84 Kb.
#49899
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Камкор немере

Қысқа мерзіміді сабақ жоспары


Мектеп: №39 ЖОББМ

Мұғалім: Даулетова М.Н.

Сабақ: қазақ тілі

Сынып: 4 «Б»


Күні:15.10.2019

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Құндылықтар

Сабақтың тақырыбы:

«Қамқор немере»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну

4.1.4.1 Тыңдалған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, көтерілген мәселені анықтай алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жетекші сұрақтар бойынша тыңдалған үзіндіге өз пікірін білдіре алады;

Кейбір оқушылар орындай алады: Оқылым страгегиялары арқылы мәтіннің нақты ақпаратын анықтап, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: мәтін мазмұнын түсінеді, көтерілген мәселені анықтай алады, пікірлерін білдіреді, мағыналас сөздерді таба алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: борыш, тірек, мақсат, туысқан,қамқор болу, алғыс айту.

Қажетті сөз тіркестері : қамқор болу, алғыс айту.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қамқор болу дегенімз не?

- Алғыс айту дегеніміз не ?

- Сенің ата-анаңа қамқорсың ба?



Бағалау критерийлері

- Мәтін мазмұнын түсінеді.

- Нақты көтерілген мәселені анықтай алады.

- Анықталған ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастыра алады.


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану,талдау, жинақтау, бағалау


Құндылықтарға баулу

Адамгершілікке, адамдық қасиеттерге баулу, ұлттық сананы қалыптастыру, азаматтық қасиеттерді дарыту, қамқор болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзін тану

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білім

Анамның тапсырмасы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуын тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер


Сабақтың басы

Білу

(7 минут)

Түсіну

«Бақыт гүлі» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнату. Әуенмен бір-бірлеріне тілек білдіреді.


Жіктеу бойынша саралау.

Қажеттіліктері әртүрлі оқушыларды аралас топқа бөлемін. «Қағаз қиындылары» әдісі арқылы «Қамқорлық», «Мейрімділік» топтарына бөлемін.




«Кинометафора» әдісі арқылы «Қамқорлық дегеніміз не?» туралы бейнеролик көреді. Оқушылар бейнероликті көріп сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың тақырыбына шығу үшін тағы бір бейнеролик көреді.


Тыңдылым алды тапсырма.

«Сөздік гол» әдісі арқылы жаңа сөздермен жұмыс жасайды.

Сөз

Анықтама

Сөйлем










Борыш, тірек, мақсат, туысқан, пікір, қамқор болу, алғыс айту.

https://www.youtube.com/watch?v=VQE1dcVTd6k&feature=youtu.be



Сабақтың ортасы

(6 минут)

қолдану

Талдау

жинақтау

Тапсырмалар бойынша саралау.

Тыңдалым кезіндегі жұмыс.

«Көрініс ойыны» әдісі арқылы оқушыларға қамқор болу және алғыс айту сөздерінің мағынасын түсіндіру.
ҚБ: «Бас бармақ әдісі



Тыңдалым кезі тапсырмасы

«Stopkadr» әдісі арқылы мәтінді тыңдайды және оқулықтан оқиды. Мәтін желісін түсіндіреді. Сұрақтарға жауап береді.

  1. Досанның әжесіне не болды?

  2. Досан әжесіне қалай қамқор болды?

  3. Досанға кім алғыс айтты? Қандай алғыс айтты?

  4. Алғыс сөзге Досан не деп жауап берді?

ҚБ: Бағдаршам әдісі



Сергіту сәті:

Қолды белге қоямыз

Басты оңға бұрамыз

Басты солға бұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Біз демалып аламыз.


Жазылым тапсырмасы:

«Кім жылдам» әдісі.

1-ші топ алғыс айту сөздерін жазады!

2-ші топ қамқор болу сөздерін жазады!


Бағалау:

«Бағдаршам» әдісі

Тапсырма:

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сабақтың басындағы жаңа сөздердің мәндес сөздері беріледі. Оқушылар осы сөздердің мәндерін табулары тиіс. Міндет, ой, жоспарланған іс, сүйеніш, туыс, ағайын,парыз.




 


Сабақтың соңы

Бағалау

Кері байланыс:

«Білім қоржыны» әдісі бойынша оқушылардың пікірі тыңдалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет