Сабақ : математика Тақырыбы :Өткенді пысықтау. Білімді тексеру. Мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі40,54 Kb.
#27960
түріСабақ
Күні: 26.04.2015 жыл

Сабақ:математика

Тақырыбы:Өткенді пысықтау.Білімді тексеру.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап,қайталауға арналған есептер шығару.

Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау,есептеу қабілетттерін дамыту,тиянақты жауап беруді талап ету.

Тәрбиелік:Оқушыларды тапқырлыққа,жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар.

Түрі:ойын,жарыс сабақ.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім:Армысыңдар,балалар

Дайынбыз ба сабаққа?

Білім,шешен өнері

Сай келейік талапқа.

Ойымызды айтайық,

Білімімізді бастайық.

Мына тұрған ұстаздар

Қалсын бір сәт марқайып.



Оқушы: Әрбір адам-туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ-үйрену,ұғу,ұлағат.

Әрбір ісім-тірлік,тілек,адамдық.

Әрбір сөзім-шындық,бірлік,адалдық.

Олай болса,бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ашық сабақ.Ендеше әрбір ісімізге мұқият болайық.

1.Әріпті есеп шешу

Қа+йод-од+тау-у+жалау-жа.



2.Ауызша: «Нағыз білгір»

1)Үстелдің 4 бұрышы бар.Егер 1бұрышын кесіп тастаса,неше бұрыш қалады? (5)

2)Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр.Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды.Мектеп ауласында барлығы неше шырша?(21)

3)1жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе,5жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?( 3)

4)Мектепке келе жатқан 5балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.Мектепке неше бала балды? (5)

5)Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1сағат 20минут ұшады,ал кері қарай 80 минут ұшады.Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?(екеуі тең)

6)Қатар тұрған 3 санның қосындысы да,көбейтіндісі де 6-ға тең .Ол қандай сан?

7)Түзудің бойынан 4 нүкте ал.Сонда қанша кесінді пайда болды,егер ұштары осы нүктелер болса? (6)

8)Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады.Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?(4)

9)Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг ,бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50)

10)Геометриялық фигура.

ТіКтөртбұрышқа тиісті нүктелерді ата.

Үшбұрышқа да,тіктөртбұрышқа да,шеңберге де тиісті нүктелерді ата.

Үшбұрышқа да,шаршыға да бірдей нүктелерді ата.

Шеңберге де ,шаршыға да тиісті емес нүктелерді ата.

3.Сандарды оқы.Тапсырманы орында.Шыққан сандарды өсу ретімен жаз.

6500574392 692354000293 40181246

Бірлік мыңды Бірлік миллионды Жүздік мыңды

2 есе азайт 3-ке арттыр 7-ге арттыр

Осы сандардың ішіндегі ең кіші санды разрядтық қосылғыштарға жіктеп жаз.

40181246=40000000+100000+80000+1000+200+40+6



4. «Көп ойла,тез есепте».Жұппен жұмыс.

5.Сергіту сәті Мына менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау менің басым,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

6.Математикалық диктант.

1.1км-де неше метр бар?(1000 м)

2.35 күнде неше апта бар?(4 апта)

3.180 және 360 сандарының қосындысын 90-ға бөл.(6)

4.Шаршының периметрі 24 см.Оның ауданы нешеге тең?(36 СМ.2)

5.Кітапта 400 бет бар.Қыз кітаптың 8/1 бөлігін оқып шықты.Неше бет оқылды?(50 БЕТ)

6.Велосипедші 15км/сағ жылдамдықпен 60 км жер жүрді.Оған неше уақыт қажет болды?(4 САҒАТ)

7.8 МЫҢНАН 3 ОҢДЫҚТЫ АЗАЙТ.(7970)

8.Оқулықпен жұмыс.124-бет №19

1 қатар 2 қатар 3 қатар

а ә б

9. «Қас-қағым сәтте»

1.Бұрышты өлшейтін құрал.(транспортир)

2.Бойы екі қарыс,сыйып тұр 25 арыс.(сызғыш)

3.Екі нүктенің арасындағы түзу.(кесінді)

4.Қиылыспайтын екі түзу(параллель )

5.Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш.(шаршы)

6.Ұзындықтың өлшем бірлігі.(метр)

7.225 нешенің квадраты?(15)

8.Көбейтудің заңдарын ата(ауыстырымдылық,терімділік,үлестірімділік)

9.Миллион санында неше нөл бар?(6 нөл)

10.Сабақтан неше рет қалуға болмайды?( ешқашан)

11.Бекіту.

«Геометриялық конструктор»Фигуралардан кірпі құрастыру.



12.Қорытынды.

Үйге тапсырма:124-бет №18

Бағалау.

«Рудный қаласы №15 орта мектеп ММ»

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.Білімді тексеру.

Сабақты өткізген: Акмухамбетова Б.А



2011-2012 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 1114
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1114 -> Физикалық диктант Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену
1114 -> Сабақ 2-сабақ Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті /2- сабақ/ Мақсаты
1114 -> Сабақтың тақырыбы: 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістер Жалпы мақсаты
1114 -> Қазақ тілі тест (наурыз) №4 Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай еріндік, езулік деп бөлінеді?
1114 -> Сабақтың тақырыбы: Қалқанша без, оның гормондарының қызметі, қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет