Сабақ № Сабақтың тақырыбы: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Нүктелердің арақашықтығы



бет1/3
Дата20.11.2016
өлшемі1,1 Mb.
#2178
түріСабақ
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Шелек политехникалық колледжі» МКҚМ



«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН»

Колледж әдіскері Колледж директорының м.а

________ З.Т.Ахметова ________ И.А.Турганов

«___» _________ 2015 ж «___» _________ 2015 ж

Ашық сабақ жоспары

Пән: Геометрия

Тақырыбы: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Нүктелердің арақашықтығы.

Оқытушы: Абдыкадырова Жулдыз Сейтжановна

Сабақ №


Сабақтың тақырыбы: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Нүктелердің арақашықтығы.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: планиметрия мен стереометрия арасындағы пәнаралық байланыс пен ұқсастықты қолданып, білімгерлердің «тікбұрышты координаталар жүйесі» туралы түсінігін кеңейту, негізгі ұғымдарын меңгеру, жазықтықта және координаталар осінде жатқан нүктелердің координаталарын тани білу және кеңістіктегі нүктелердің координаталарын анықтай білу.

  2. Тәрбиелік: Оқушылардың дәлдік, есте сақтау , байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Патриоттық тәрбиеге баулу.

  3. Дамытушылық: Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа ұғым қалыптастыру сабағы

Оқыту әдістері: ауызша, көрнекілік, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін қолдану.

Оқыту формасы: жекелік, топтық

Көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, көрмелер, бағалау фигуралары, «Рене Декарт», «Қазақ хандығы» бейнероликтері

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі ( сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау, сабаққа қатыспағандарды белгілеу, білімгерлерді позитивті көңіл күйге бағыттау) – 1 мин

I I. Оқушылардың білімін, дағдысын актуализациялау – 3 мин

«Еске түсіру» әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық



  1. Тікбұрышты координаталар жүйесі деген не?

  2. Координат деген не?

  3. Координаталық осьтер дегеніміз не, қандай осьтерді білесіңдер?

  4. Қай ғалымның құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп аталған?

Рене Декарт туралы бейнеролик көрсету – 4 мин

I I I. Жаңа ұғым мен іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Нүктелердің арақашықтығы». Сабақ барысында сіздермен бірге Қазақ хандығына саяхат жасап координаталар жүйесі туралы және нүктелердің арақашықтығын анықтауды меңгеріп мақсатымызға жетуіміз керек.



Жаңа сабақ бастар алдында «Ой шақыру» әдісі бойынша қайталау. – 4мин

Берілген координаталды координаталар жүйесіне белгілеп атақты адамдардың есімдерін анықтау керек.



  1. Р (3;5), Й(7;9), Е(2;3), К(1;1), Е(5;8)

  2. Б(-4;-3), Ә (-7;-8), Е(-3;-2), І(-5;-5), Ж (-9;-9), К( 0;0), Н(-6;-6)

  3. С(5;-3), Ы(10;0), А( 7;-2), Е(2;-7), Ң(3;-6), Р(8;-1), К(1;-9), Е(4;-4)

Осы есімдер Сіздерге нені білдіреді? Олар кімдер?


Керей хан Жәнібек хан Кеңесары Қасымұлы

Каталог: uploads -> doc -> 0c86
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c86 -> Бастауыш сынып бірлестігінің 2015-2016 оқу жылында атқарған жұмысының талдамасы
0c86 -> Көрнекілік: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар. Барысы: Кіріспе Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Абай- дана, Абай- дара қазақта»
0c86 -> Сабақтың мақсаты: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен танысу және оны практика жүзінде орындау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет