Сабақ: № Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет33/50
Дата17.02.2017
өлшемі7,61 Mb.
#9520
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Үйге тапсырма беру: Денені проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден айналдыруға бірнеше жаттығулар орындаймыз.

Сабақ: №

Сабақтың тақырыбы:

Негізгі көріністер.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Негізгі көріністер мен қосымша көріністер шығарып

алуға, сызбада көріністерді орналастыруға үйрету. Тетік

бөлшектің берілген негізгі екі көрінісі бойынша үшінші негізгі

көрінісін салуға, кеңістікте зерттеуге дағдыландыру.

ә) Дамытушылық: Оқушыларды теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу,

оқушылардың ой-өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін,

сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Кеңістік ой өрісін кеңейту, оқушыларды сызба жұмыстарын

ұқыпты, таза салуға, шапшандыққа, шыдамдылыққа



тәрбилеу.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Сызбалардағы кескіндер нәрсені іші қуыс текшенің жақтарына тік бұрыштап проекциялау нәтижесінде алынады. Нәрсе текшенің ішінде орналасқан деп қарастырады. Сондықтан текшенің жақтары үлкен болуы керек. Текшенің алты жағы бар, оларды 99, а-суреттегідей етіп белгілейік. Нәрсе текшенің жағы мен бақылаушының аралығында орналасқан деп есептеледі. Текшенің 1 жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясын оның алдынан қарағандағы көрінісі немесе алдыңғы көрінісі деп атайды. Текшенің 2 жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясын оның үстінен қарағандағы көрінісі немесе үстіңгі көрінісі деп атайды. Сол сияқты, текшенің 3 жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясы - сол жақ көрінісі, 4 жағындағы проекциясы - оң жақ көрінісі, 5 жағындағы проекциясы – астыңғы көрінісі және 6 жағындағы проекциясы - артқы көрінісі деп аталады. Сызба алу үшін текшенің жақтарын жайып, оларды бір жазықтықпен беттестіреді (99, ә-сурет). Сонда 1, 3, 4 және 6 жақтардағы көріністер бір деңгейде орналасады, олар өзара горизонталь байланыста болады. 1, 2 және 5 жақтарындағы көріністер вертикаль байланыста орналасады. Алдыңғы көрініс деп отырғанымыз жоғарыда қарастырылған фронталь проекция, үстіңгі көрініс - горизонталь проекция және сол жақ көрініс - профиль проекция екенін аңғару қиын емес. Сызбада проекция осьтерін (х, у және z) жүргізбейді, нүктелердің проекцияларын белгілемейді. Нәрсені оның алдыңғы көрінісі ол туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беретіндей етіп орналастыру керек. Осы айтылғанға байланысты алдыңғы көріністі бас көрініс деп атайды. Нәрсенің бас көрінісін анықтай білу керек. Жоғарыда қарастырылған геометриялық денелердің фронталь проекциялары олардың бас көріністері болатынын айта кетейік. Сызбадағы көріністер саны мүмкіндігінше аз болуы тиіс, бірақ олар нәрсенің барлық бөліктерінің геометриялық пішіні мен өлшемдерін толық айқындауға жеткілікті болулары керек. Сызбадағы көріністердің санын азайту үшін нәрсенің көрінбейтін бөліктерін көріністерде үзілме сызықтармен көрсетуге рұқсат етіледі.

100, ә-суретте аксонометриясы 100, а- суретте берілген нәрсенің алты көрінісі түгелдей кескінделген. Нәрсенің геометриялық пішінін анықтау үшін бұл көріністердің біразы артық. Бұл жағдайда бас көріністі және үстіңгі көріністі қалдыру жеткілікті (101-сурет). Алдыңғы, үстіңгі, сол жақ, оң жақ, астыңғы және артқы көріністерді негізгі көріністер деп атайды. Негізгі көріністерден басқа қосымша көрініс, жергілікті көрініс дейтіндер бар. Оларды келесі параграфта қарастырамыз. Сызбаның ортасына алдыңғы көрініс сызылады. Оның оң жағына сол жақ көрініс, сол жағына оң жақ көрініс, төменгі жағына үстіңгі көрініс, жоғарғы жағына астыңғы көрініс салынады. Артқы көрініс сол жак көрі- ністің деңгейінде оның оң жа- ғына сызылады. Негізгі көріністерді осылайша орналастыру келісілген. Көріністерді көрсетілген тәртіпте орналастыруды проекциялық байланыста орналастыру дейді. Мүмкіндігінше бұл келісімді бұзбау керек. Кейде негізгі көріністерді бұлайша орналастыру қолайлы болмауы мүмкін. Проекциялық байланысты бұзуға тура келген жағдайда нәрсеге қарау бағыты нұсқамамен көрсетіледі. Нұсқаманың үстіне үлкен әріптер жазылады: А , Б , ... . Одан кейін көріністі қалауымызша орналастырып, оның үстіне нұсқама сызу керек. Нұсқамадан кейін көріністі белгілеген әріп жазылады: А, Б, ... . 102-суреттегі нәрсенің көріністеріне назар аударып қара. Онда нәрсенің бас көрінісі және үстіңгі көрінісі проекциялық байланыста сызылған, ал оң жақ көрініс проекциялық байланыста орналаспаған. Нәрсенің бас және үстіңгі көріністерінің оң жағында орналасқан қандай кескін? Оның жоғарғы жағындағы белгі болмаса, бұл сұраққа жауап беруге болмайды. Бас көріністің жанына қарау бағытын көрсететін белгі қойылған, ал кескіннің үстіне А деп жазылған. Енді жоғарыда қойылған сұраққа жауап беруге болады. Нәрсенің бас және үстіңгі көріністерінің оң жағына сызылған оның оң жақ көрінісі екен. Жоғарыда геометриялық денелердің үш көрінісін (проекцияларын) салып көрсеттік. Үш көріністің барлығын салудың кажеті жоқ. Мысалы, цилиндр үшін бір көрініс (103, а-сурет), ал конус үшін екі көрініс жеткілікті (103, ә-сурет). Сызбаларды оқып-үйрену үшін былайғы уақытта «нәрсенің көріністері мүмкіндігінше аз болу керек" деген шартты ескермейміз. Мысалы, тетікбөлшектің екі көрінісі бойынша оның үшінші көрінісін салу есебін қарастырамыз. Шынында да тетікбөлшектің екі көрінісі бойынша оның үшінші көрінісін салу мүмкін болса, оның пішінін анықтау үшін екі көріністің жеткілікті болғаны. Олай болса, үшінші көріністі салудың қажеті жоқ. Қарау (проекциялау) бағытын көрсететін нұсқама өлшем сызықтарына қойылатын нұсқамадан (11, ә-сурет) екі еседей үлкен болуы, яғни оның ұзындығы 5 мм-ден кем болмауы керек. “ A” жазуы “А көрінісі” деп оқылады. Негізгі көріністерді проекциялық байланыста орналастырудың екі жүйесі бар: Е - еуропалық және А – америкалық. Қазақстан Республикасында және көптеген мемлекеттерде Е жүйесі қолданылады. Ал АҚШ А жүйесін қолданады. Онда сол жақ көрініс бас көріністің сол жағына, оң жақ көрініс - оң жағына, үстіңгі көрініс - үстіңгі жағына, астыңғы көрініс - астыңғы жағына орналастырылады.

1. 102-суретте көрсетілген нәрсенің көріністерін нұсқамаларды пайдаланбай, проекциялық байланыста сыз.

2. 21-параграфта қарастырылған геометриялық денелердің кескіндерінің қажеттілерін анықтап, оларды осьтерсіз сызбаға, нүктелерді әріптермен белгілемей сал.

3. 104-суретте алдыңғы және үстіңгі көріністерімен үш дене берілген. Берілген денелердің сол жақ, оң жақ, үстіңгі, астыңғы және артқы көріністерін сал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет