Сабақ : Төлеген Айбергенов «Ана», «Аруана-бауыр дүние»



Дата31.12.2019
өлшемі91,04 Kb.
түріСабақ

Сабақ : Төлеген Айбергенов «Ана»,

«Аруана-бауыр дүние» өлеңдері



Мектеп: Абай атындағы орта мектеп

Күні: 6.04.2017

Мұғалімнің есімі: Сариева А.Л.

Сынып: 8 «ә»

Қатысқандар саны: 17


Қатыспағандар саны: 3


Сабақ негізделген оқу мақсаты: Ақын Төлеген Айбергеновтің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Ақын өлеңдеріне талдау жасата отырып, идеясы мен тақырыбын ашқызу. Оқушының өз ойын жүйелі жеткізе білу, еркін айта білу дағдысын дамыту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Автордың өмірбаяны, шығармашылығымен танысады, өлеңдердің мазмұнын меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі: Туған жерге, анаға деген ақынның сүйіспеншілігін таниды, өлеңді құрылысына талдай алады.

Кейбір оқушылар: Өлеңдегі ақынның ойын ұғына отырып, өз ойларын білдіре алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Өлеңді мәнерлеп оқи алады, ана туралы ойларын білдіреді.

Негізгі сөздер мен тіркестер: ана, аруана, аққу, туған жер,теңеу, эпитет, екпін,т.б.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1. «Даналықтың қажеті жоқ, сыйлау үшін ананы»

2. «Көгілдір көліне алқынып ұшқан аққу»

3. «Аруана-бауыр дүние»



Талқылауға арналған тармақтар:

  1. Ақын "Даналықтың қажетті жоқ, сыйлау үшін ананы" дейді. Сендер осы пікірмен келіссіңдер ме?

  2. Аруананың туған жерге деген махаббаты адам баласының басында бар ма?

Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба? Ақын неліктен «Мен сенің бүгін қойныңа жеттім сабылып ұшып, туған жер» дегенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Ақын өлең құрылысына қандай жаңалық енгізді?

Өлеңді құрылысына талдай отырып, дәлелдеңіз.


Алдыңғы тапсырма

Олжас Сүлейменовтің «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдері


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

І.Қызығушылықты ояту.

І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа қатысын тексеру.

Сыныпты топқа бөлу. Сынып парталарын үш топқа бөліп, топтарға Ақын, Ана, Аруана деген атаулар жазып қоямын. Әр топта отырған оқушыларға Ақын, Ана, Аруана сөздері салынған қобдиша ұсынамын. Кімге қай сөз түссе, сол топқа барып отырады.

Психологиялық ахуал туғызу. Әр топта отырған оқушы өз көршісіне есімінің алғашқы әрпінен басталатын жақсы сөз айтып, сабаққа сәттілік тілейді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Жеке жұмыс. Олжас Сүлейменовтің «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдерін жатқа сұраймын.

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында қосымша сұрақтар қоямын, оқушылардан жауап береді.

1.Олжас Сүлейменов кім?

2.Қай жылы, қайда дүниеге келді?

3. Орта мектепті бітірген соң қай оқу орнына түсіп, қандай мамандық алды?

4.Қандай жыр жинақтары мен зерттеу еңбектерін білесіңдер?

5. Ақынның әдеби сценарийі бойынша түсірілген қандай кинофильмдер бар?

6.Ақын өлеңдерін қазақ тіліне аударған кім?

7.Психологиялық паралеллизм деген не?

8. Теңеу туралы не білесің?



Қобдиша. Сыныптағы оқушы санына сәйкес

ақын, ана,аруана сөздері жазылған қағаздар.

Олжас Сүлейменов портреті, өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған слайд


Ортасы «Мағынаны тану»

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Төлеген Айбергенов «Ана», «Аруана-бауыр дүние» өлеңдері

  1. Бейнролик. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында бейнеролик көрсету. Бейнероликтен не естіп, не білгендерін сұрақтар арқылы пысықтау.

  2. «Ана», «Аруана-бауыр дүние» өлеңдерін аудиотаспа арқылы тыңдату.

Топтық жұмыс. «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі

І топ: Өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды. (Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша мәлімет берілген парақшаларды таратып беремін)

ІІ топ: «Ана» өлеңін оқып талдайды.Мазмұнын қарасөзбен жазып, постер құрастырады.

ІІІ топ: «Аруана-бауыр дүние» өлеңін оқып талдайды. Мазмұнын қарасөзбен жазып, постер құрастырады.

Постер қорғау барысында қосымша сұрақтар беремін. «Серпілген сауал» әдісі

І топ. Өмірі мен шығармашылығы туралы

  1. Ақын 1937 жылы қай елде дүниеге келді?

  2. Ақынның алғашқы өлеңдері жарық көрген жинақ қалай аталады?

  3. Ақынның 1959 жылы бітірген оқу орнының атауы

  4. 1974 жылы ақынға қандай сыйлық берілді? Не үшін?

  5. Ақын қазасына арнап «Төлегенге» деген өлең жазған ақын кім?

ІІ топ. «Ана» өлеңі бойынша

  1. Ақынның «Ана» өлеңі сендерге ұнады ма? Ұнаса, несімен ұнады?

  2. Өлеңнің идеясы не?

  3. Ақын ананы неге теңейді?

  4. –Ақын "Даналықтың қажетті жоқ, сыйлау үшін ананы" дейді. Сендер осы пікірмен келіссіңдер ме?

ІІІ топ. «Аруана-бауыр дүние» өлеңі бойынша

  1. - Аруана туралы қандай шығарма өттік?

  2. Жау қолына түскен аруананың әрекеті мен лирикалық кейіпкердің әрекетін салыстыра отырып, қандай ой айтар едіңдер?

  3. Аруананың туған жерге деген махаббаты адам баласының басында бар ма?

  4. «Көгілдір көліне алқынып ұшқан аққу» деген ой түйіні туған жер тақырыбын қаншалықты ашып тұр деп ойлайсыңдар?

Жұптық жұмыс

І топ: Өлеңнен көркемдегіш құралдарды табу.

ІІ топ: Өлең құрылысына талдау.

ІІІ топ. Тірек сөздерді теріп жазу.



Сергіту сәті. «Ана туралы жыр» әнін караокемен айтқызу.
ІҮ.Сабақты бекіту.

«Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша Ақын, Ана, Аруана сөздеріне бес жолды өлең құрастырады.

1.Зат есім. Кім?

2. Сын есім. Қандай?

3. Етістік. Не істеді?

4.Синоним.

5. Сөйлем.



«Сұрақтар шеңбері» әдісі бойынша

«Біз Төлеген туралы не білдік? деген сұраққа жауап беру үшін топтарға 3 минут уақыт беремін.

Өзара пікірлесіп, ойларын ортаға салады.


Т.Айбергенов туралы бейнебаян, өлеңдерінің аудиотаспасы
Оқулық, маркерлер, флипчарт, қосымша материалдар

Оқулық,


дәптер, қалам

караоке


бейнеролик

Тақта, дәптер, қалам




Аяқталуы

«Ойтолғаныс»

Ү. «Үшіншісі артық» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.

  1. Төлегеннің мамандығы-

А) ақын Ә) мұғалім Б) заңгер

  1. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын берілді-

А) «Өмірге саяхат» жинағы үшін

Ә) 1974 ж.

Б) Ақын қайтыс болғаннан кейін


  1. Т.Айбергеновтің жыр жинақтары-

А) «Жас дәурен»

Ә) «Өмірге саяхат»

Б) «Құмдағы мұнаралар»


  1. Қайсысының Төлегеннің оқыған оқуына қатысы жоқ?

А) Ташкент

Ә) 1959 ж.

Б)Қазақстан


  1. Ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесі-

А)18-19 буынды өлеңдер жазған

Ә) Ауылында мұғалімдік қызмет еткен

Б) Ө лең құрылысына жаңалық әкелген

ҮІ.Үйге тапсырма.

Ақынның «Ана» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап келу.

«Аруана-бауыр дүние» өлеңін мәнерлеп оқу.

«Туған жер» тақырыбына эссе жазу.



Кері байланыс: «Қосу, алу, қызықты» әдісі

+ қосу

  • алу

Қ қызықты

Не үйрендім?


Не ұнамады?

Не ұнады?




Слайд

А Ә Б жауап парақшалары




Бағалау парақшасы

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

«Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі

«Сұрақ-жауап» әдісі

Жұптық жұмыс

«Бес жолды өлең» стратегиясы

«Үшіншісі артық» әдісі

Ұпай

















































































































































Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет