Сабақ 1- сабақ Сабақ өтілетін күн: 06. 04. 2015 Орны: 2 сынып Барлық оқушы саны: 9 Жасы: 7 Қатысқаны: 8



Дата26.06.2018
өлшемі29,51 Kb.
#44808
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән: Әдебиеттік оқу

Сынып: 2

Сабақ 1- сабақ

Сабақ өтілетін күн: 06.04.2015

Орны: 2 сынып



Барлық оқушы саны: 9 Жасы: 7

Қатысқаны: 8



Сабақ тақырыбы

Т. Жұртбай. Қоңыр қозы

Жалпы мақсаттар

Мәтін авторы Тұрсын Жұртбай туралы мағлұмат алу, Мұхтардың балалық шағымен танысу. Жүйелі сөйлеуге, ойды қорытындылауға дағдылану. Ұлы адамдар өмірін үлгі ету, өз елін, жерін, табиғатын сүйе білу.

Түйінді идеялар

Ізденген жетер мұратқа

Стратегиялар

«Биші шырша», «Шаңырақ», «Сұрақтары бар қорап», «Венн диаграммасы», «Көршіңе айтып бер», «Балалар философиясы», шығармашылық жұмыс

Көрнекіліктер

Портреттер, мәтінге байланысты суреттер, АКТ

Дереккөздер

Қабатай Б.Т., Рахметова С.Р., Әдебиеттік оқу «Атамұра», 2013, Жақсылықова Г.И., Каженова А.М., Исмагилова Н.З. «Интербелсенді әдіс-тәсілдер» әдістемелік құрал Өскемен 2014, слайдтар, интернет материалдары

Оқыту нәтижелері

Мәтін авторы Тұрсын Жұртбай туралы біледі, Мұхтардың балалық шағымен танысады, мәтінді ұғады,түсінгенін әңгімелеуге төселеді, білімдерін толықтырады,тіл байлығы, сөйлеу қабілеттері дамиды, топта жұмыс істеуге дағдыланады. Ұлы адамдар өмірін үлгі етеді, өз елін, жерін, табиғатын сүюге тәрбиеленеді

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1-кезең.

Қызығушылықты ояту:

7 мин

«Биші шырша» сергіту сәтін ұйымдастырады.


Оқушылар музыка әуенімен билеп, сыныпта көтеріңкі көңіл күй орнатады.

«Шаңырақ» стратегиясы арқылы шағын топтарға топтастырамын

Топтасып өз орындарын табады.

Топ басшысын сайлайды.



«Сұрақтары бар қорап» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Қосымша №1

Оқушылар бұрынғы білімдерін еске түсіре отырып, сұрақтарға жауап береді.

Формативті бағалау: «Бағдаршам», 2 мин







Балаларды, Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде «бес асыл іс» және «бес дұшпан» деп қандай қасиетті айтады?

«Венн диаграммасы» стратегиясы.

«Венн диаграммасы» бойынша жақсы..., жаман... қасиеттерді салыстырту. Қосымша №2



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Топтаса отырып «Венн диаграммасы» арқылы жақсы, жаман қасиеттерді салыстырып көрсетеді, талдап көрсетеді.





Формативті бағалау: «Шапалақ, ыммен», 2 мин




Осы ұлағатты ойды айтып, жастарды өнерге, оқу білімге шақырған Абайды әлемге танытқан кім деп ойлайсыңдар?

Мұхтар Әуезов.



«Балалар философиясы» стратегиясы арқылы сұрақтар қоямын:

Мұхтар Әуезов туралы не білгілерің келеді?

Ол үшін не істейміз?

Тақырып неге «Қоңыр қозы» деп аталған?

Не туралы болады деп ойлайсың?


Оқушылар өз ойларын топ ішінде еркін айта алады. Бірін-бірі толықтырады.

Оқушылар Мұхтар Әуезов туралы білгендерін айтады. Топпен талқылай отырып,өз ойларын кеңейтеді.




2-кезең. Мағынаны ажырату:

17 – 20 мин




Слайдтан автордың портреті көрсетіледі.

Слайдтан кімді көріп тұрсыңдар?


Тұрсын Жұртбай туралы не білеміз?

Балалар Тұрсын Жұртбай туралы білетін ақпараттарын айтады.

«Көршіңе айтып бер» стратегиясы.

«Қоңыр қозы» мәтінін оқыту


1. Мәтінді түртіп оқиды.

2. Жұптасып бір-біріне түсінгендерін айтады.

3. «Тізбектелген жауаптар» арқылы мәтіннің мазмұнынын талдау


Оқушылар мәтінді оқиды, бір-біріне түсіндіреді, жеке, жұпта, топта жұмыс жасайды.

«Тізбектелген жауаптар» арқылы оқушылар мәтіннің мазмұнын айтып шығады.





Дәптермен жұмыс. Мәтінде кездескен сөз тіркестерін жазып алу.
«Сөз тіркестері бойынша үш сұрақ»

Қайда? Бұл сөз тіркестерін бұрын қайда және қандай мағынада кездестірдің?

Қалай? Осы сөз тіркестерін қолданып өз тәжірибеңнен мысал келтір?

Қандай? Осы сабақта бұл сөз тіркестері қандай қолданыста болды? Қосымша №3


Оқушылар мәтіндегі сөз тіркестерін дәптерге жазады: күн шуағы, түкті кілем, жасыл құрақ, мөлдір аспан, көгілдір толқынды.

Тереңдетілген сұрақтарға өз тәжірибелерінен ойланып жауап береді.




3-кезең. Ой- толғаныс:


«Миға шабуыл» стратегиясы.
1-топ. Мұхтар ауылының көктемгі көрінісін суреттейтін жолдарды тауып оқы.
2-топ. Абай ауылының көрінісін суреттейтін тұсты тауып оқы.
Мұхтарды қандай көрініс қызықтырды? Мәтіннен тауып оқы.

Әр топ берілген тапсырмалары бойынша тауып оқиды.

Суретпен жұмыс:

- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың?

- Балалар не істеп жатыр?

- Бала Мұхтар неге ойынға қатыспай тұр деп ойлайсың?

- Өзің қандай ойын ойнайсың? Қосымша №4

Қойылым: «Асық ату» қазақтың ұлттық ойынын көрсету



Оқушылар топпен ойланып, суретте не бейнеленгені туралы баяндайды.Өздерінің қандай ұлттық ойын ойнайтындарын әңгімелейді.
Ұлттық ойынды сахналап көрсетеді

Формативті бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Келесі оқуға арналған тапсырмалар.

2 мин

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу
2. Ұнаған көріністің суретін салып, ат қою

Мәтінді оқуға, ұнаған көріністің суретін салуға, ат қоюға тапсырма алады

Бағалау

2 мин

Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды бағасы «Блоб» көпірі бойынша бағалау

Оқушылардың формативті бағаларын ескере отырып, мұғалімнің сумативті бағасы

Рефлексия

2 мин

«Аяқталмаған сөйлемдер»

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын «Аяқталмаған сөйлемдер» бойынша толықтырып, «Білім» кемесіне іледі.


Қосымша №1

1. Әңгіме қалай аталады?

2. Барлас ақын Абайға неліктен ұнады?

3. Барлас ақынның Абайға берген батасын айт.

4. Барлас ақын Абайға не үшін риза болды?

5. Абайдың ұғымтал, зеректігін қайдан байқадың?



Қосымша №2

жақсы жаман


Қосымша №3

«Сөз тіркестері бойынша үш сұрақ»

Қайда? Бұл сөз тіркестерін бұрын қайда және қандай мағынада кездестірдің?

Қалай? Осы сөз тіркестерін қолданып өз тәжірибеңнен мысал келтір?

Қандай? Осы сабақта бұл сөз тіркестері қандай қолданыста болды?
Қосымша №4


Суретпен жұмыс:

- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың?

- Балалар не істеп жатыр?

-Бала Мұхтар неге ойынға қатыспай тұр деп ойлайсың?


- Өзің қандай ойын ойнайсың?

- Бала Мұхтар неге ойынға қатыспай тұр деп ойлайсың?



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет