Қорытынды жасау. Қорытынды мәтінді оқу арқылы ондағы негізгі деген оймен ғана беруге бағытталады. Оның негізгі мақсаты – бір автордың еңбегіндегі негізгі ойды ықшамдап, өз сөзімен жеткізу. Бұл әдіс сөздік жағынан шектеу қойылған шағын еңбектер жазу барысында қолданған өте ыңғайлы, мәселен, шағынэссені жазу барысында жиі қолданылады.
Қорытынды мен парафраз жасаудың өзара ұқсастықтары бар. Екеуінде де автор өзгенің сөзін өз сөзімен береді, бірақ парафраз бір сөйлемді немесе параграфты төлеу сөзге айналдыруға негізделсе, қорытынды тек тұтас бір мәтіннің немесе тұтас бір беттің негізгі деген ойды ғана беруге бағытталады. Сол себепті, қорытындыға сілтеме жасалғанда ақпарат алынған бет көрсетілмейді, тек әдебиетке сілтеме жасалады.