Оқу тәжірибелік сабақ №1
27.01.2020 ж.
Пән: Мәліметтер қорын бағдарламалау
Курс, топ: 3 курс 1 АЖ
Тақырыбы: ДЭЕМ-де жұмыс істеу қауіпсіздігі. Профилактикалық шаралар бағдарламасы. Командалық жолмен жұмыс
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Өткізу әдісі: Жүйелік қораптың ішкі құрылысын, желдеткіштерін тазалаужәне windows-тің стандартты бағдарламаларын дұрыс пайдалану, білімгерлердің өз бетінше жұмыс істеуі
Мақсаттары, білімділік: Компьютерлерді шаңнан таза ұстап және олардың құрылғыларын ұзақ жұмыс істеуіне ықпалын тигізу,стандартты бағдарламаларды дұрыс пайдалану тиімділігін үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің танымдық қасиетін және өз бетімен жұмыс жасау
қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Жеке жұмыс істеу барысында ерік-жігерін жұмылдыруға, тәжірибе алудың маңыздылығын ұқтыруға, өз әрекетіне деген жауапкершілікті сезіндіруге, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру
Пән аралық байланыс: Есептеу кешендерінің операциялық жүйесі, Информатика
Көрнекілігі: Компьютер, проектор
Таратылатын материалдар: Нұсқау караталары
Сабақты мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу, сабаққа дайындығын
тексеру, таратылатын материалдарды таратып беру
II. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Windows жүйесіне қандай операциялық жүйелер жатады
Қазіргі таңда windows жүйесінің қандай операциялық жүйелерін қолданады?
Windows-тің стандартты бағдарламалары
III. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау:Профилактикалық шаралар бағдарламасы. Windows-тің стандартты бағдарламаларымен жұмыс істеу тиімділігі
IV. Атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстыру:
Тапсырманы орындаудың жалпы желісімен таныстыру, әр тапсырманың ерекшелігін атап көрсету.
Нұсқау карта
1 Жүйелік қораптың ішкі құрылғыларын шаңнан тазалау
2 Куллер (желдеткіштерін)тазалап, майлау
3 Стандартты бағдарламадағы командалық жолдармен жұмыс
4 Windows-тің cтандартты бағдарламаларымен жұмыс
V. Студенттердің тәжірибелік жұмысқа дайындау (сабаққа қатысты теориялық білімдерін тексеру, бұрын алған білімдерін жандандыру т.с.с
1. Компьютерге профилактикалық шаралар не үшін қажет?
2. Windows-тің cтандартты бағдарламалары жүйенің қай жерінде орналасқан ?
3. Paint бағдарламасының мүмкіншіліктері
VI. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуі:
Тапсырмаларды компьютермен орындау
Пысықтау сұрақтарына жауап беру
VII. Студенттердің іс – әрекетін бақылау қажетті нұсқаулар беру: Тапсырманың орындалу сапасын қадағалау жеке жұмыстарын орындау, кемшіліктерін көрсету, студенттердің сұрақтарына жауап беру.
VIII. Студенттердің жеке жұмысын бағалау: Тақырып бойынша берілген тапсырмалардың барлығын орындаған білімгерлердің білімін бағалау, сабаққа қорытынды жасау
IX. Үй тапсырмасы: Профилактикалық шаралар бағдарламасы (google.kz)
Пайдаланылған әдебиеттер: сайт www.google.kz, www.yandex.ru
Н.Ермеков «Операциялық жүйелер» оқулығы
Жоспарды құрған оқытушы: Бекназарова А.О.
Нұсқау карта №1
Пән: Мәліметтер қорын бағдарламалау
Тақырыбы: ДЭЕМ-де жұмыс істеу қауіпсіздігі. Профилактикалық шаралар бағдарламасы.
Командалық жолмен жұмыс
Мақсаты: Теориялық білімді практикалық сабақпен ұштастыру, алған білімді
тақырыпқа сай практикамен байланыстыру
Компьютердегі желдеткіштердің міндеті – әр түрлі құрылғыларды салқындату. Жүйелік қораптың қоректену жүйесінен ауаны шығару. Желдеткіш пен қораптың үшкі құрылысын жиі тазалап тұру.
1 – тапсырма Жүйелік қораптың шетіндегі қақпағының бурандасын бұрап ашып, ішіндегі құрылғыларды ұқыптап шаңдарын тазалау.
Достарыңызбен бөлісу: |