Құндылықтарды бойға сіңіру.
|
Өмір бойына шындық пен ашықтыққа үйрету.
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану.
|
АКТ пайдалану дағдылары
|
Бұл сабақта АКТ қолданылмайды.
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады.
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған қызмет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-15 мин.
|
Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Мұғалім дене шынықтыру сабағының маңыздылығы мен спортпен шұғылдану оның ішінде үйлесімді жеке даму, денсаулықты нығайту туралы әңгіме жүргізеді. Әңгімелесу кезінде мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: дене дағдыларын күнделікті өмірде қалай қолданамыз?
Сыныпты 2 бағанаға сапқа тұрғызу. Жүру, мұғалімнің тапсырмасы бойынша: жай жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені биік көтере, жай жүру. Жүгіру, бір қалыппен. Мұғалімнің белгісі арқылы жүгірудің бағытын өзгертеді. Жүру, денені қалыпқа келтіру.
Ж.Д.Ж. қозғалыста. Жаттығуларды орындау кезінде сынып арақашықтықтарды сақтау керек. Кеудені жерден көтеру, қолды бүгіп жазу.
А.Ж.Ж және жылдамдыққа жүгіру.
|
Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш.
|
Сабақтың ортасы
16-40 мин.
|
(Ж.ж) Кедергілер алабы. Мұғалім оқушыларға кедергі алабынан бірнеше рет өту туралы түсіндереді. Қайта өту кезінде оқушы жақсы нәтиже көрсету керек. Басты критерий болып қауіпсіздік ережелерін сақтау болады.
Кедергілер алабы:
Жеті рет орында отырып, тұру.
Отырып, артымен жүру.
Бес рет кеудені жерден көтеру, қолды бүгіп жазу.
Тізіліп тұрған конустар арқылы «жылан» тәріздес жүгіру.
«Батпақ». Бір аяқпен бір құрсаудан екінші құрсауға секіру.
Жүгіру жанымен.
Нысанаға дәлдікпен лақтыру.
Жылдамдық.
Оқушы қалыпқа келтіру жаттығуларының жиынтығын өткізеді. Мұғалім оқушылардың арасынан кедергі алабынан жақсы өткен оқушыны таңдап алады. Ол оқушы басқа оқушыларға кедергілер алабынан қалай өткені туралы түсіндіріп, көрсетеді.
Қайтадан кедергілер алабынан өту.
Дескрипторлар: жігерлік сапаны тәрбиелеу, спорттық шеберлікті көтеру, өз серіктестеріне көмегін тигізу.
|
Мектеп алаңы, ысқырық, конустар, құрсаулар, кіші доптар және, нысана.
|
Сабақтың аяғы
41-45 мин.
|
Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Сабақтың қорытындысы. Рефлексияда оқушы сұраққа жауап береді: кедергілер алабынан өтуіне байланысты өз серіктестерінің көмегі қаншалықты ықпалын тигізді?
|
Мектеп алаңы.
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
|