Сабақ 1 «Экология ғылымының дамуын мен қоғамда алатын орнын талдау»


Бас, бет сүйектері, омыртқа сынуы жағдайында құрсаулауды табельді және көмекші құралдармен алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелері



бет15/37
Дата20.04.2022
өлшемі1,83 Mb.
#139948
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
ЭиБЖ-Практика (1) (1)
курсовая (1)888, Топырақ биотасы
Бас, бет сүйектері, омыртқа сынуы жағдайында құрсаулауды табельді және көмекші құралдармен алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелері
Бас және бет сүйектерінің сынуы сирек кездеседі, алайда олар ауыр жарақатқа жатқызылады, өйткені өмірлік маңызы бар мүше - мидың зақымдануы мүмкін.
Бас сүйегінің болар-болмас сызаты ми шайқалуына, сынықтардың бас сүйектерінің ішіне кіруіне және мидың қысылуына, миға қан құйылуына соғуы мүмкін. Әсіресе оқ тигеннен бас сүйектерінің бүлінуі ерекше ауыр деп саналады.
Көп жағдайда бас сүйектің сынуы естен тануға, мұрын мен құлақтан қан кетуге ұрындырады.
Бас сүйегі мен мидың жабық зақымдануы жағдайында алғашқы медициналық көмек негізінен тыныс жолдарын тазалау мен оларға құсықтың түспеуін қадағалауға саяды.
Өмірлік маңызды міндеттердің жағдайын анықтау, сондай-ақ қабырға, аяқ-қол, омыртқа қосымша сынуларын байқамай калуға жол бермеу үшін, зақымданғандарды, әсіресе есінен айырылғандарды шұғыл қарау қажет.
Бас сүйектің ашық зақымдануы жағдайындағы алғашқы көмек жараға зарарсызданған таңу салуда. Құсу немесе мұрыннан қан кеткен жағдайда зақымданған адамды бүйірінен жатқызған жөн.
Жараланғанды тасымалдау жатқан күйінде жүргізіледі.
Жаралыны еппен зембілге жатқызады, басына ойықталған жұмсақ төсеніш (шинель, бушлат, мақта және т.б.) жастайды. Жан-жағына жүмсақ жұмыр біліктер қойылады.
Астыңғы жақ сүйектерінің сынуы жараланғанның өміріне өте қауіпті деп саналады.
Екі жақты жабық сынық және жақтың оқ тиюден кең сынуы жағдайында тіл түбінен артқа қайырылып, жұтқыншақ ауызын жауып қалады, бұл тұншығуға соқтырады. Қан кеткен жағдайда қан тыныс жолдарына түсіп, жөтел мен тұншығуды туғызады.
Жақ-бет сүйектерінің зақымдануына байланысты алғашқы медициналық көмек міндеттеріне мыналар кіреді: асфикцияның (тұншығу) — тілдің қозғалуының және жақ сынықтарының қан, сілекей, құсық тығылуының алдын алу керек. Ол үшін жапа шеккенді бетін төмен қаратып немесе жараланған жағына қарай бұрылған басымен қырынан жатқызылады. (38 сурет)

Бет жарасына зарарсызданған таңғыш тартқан жөн, бұл жағдайда беттің жұмсақ еттерінің салбыраған үзіктерін орнына қайтадан ұқыпты салады. Бұл еттердің жағдайларын сақтап қалуға, қан ағысын тез тоқтатуға және ет ісігін азайтуға ықпал етеді.




38 сурет. Жарақаттанғандарға орналасу мен аспирациялық тұншығу жағдайындағы жай-күй: а) бетті төмен қаратып жату; б) шалқадан жату (бас жара жаққа қаратылған); в) қырынан жату (алдынан көрініс); г) қырынан жату (артынан көрініс).
Жақ-бет бөліктері жараланғандарды ширақ іздестіру керек, өйткені беттің, жақтың және тілдің зақымдануы мен жаралануы салдарынан жараланғандардың дыбысы шықпай, сөйлей алмай, олар көмекке шақыра алмай қалады. Және де мұндай зардап шеккендердің 20% ми шайқалуы және жаралануы байқалады.
Қан аққан жағдайда жай және қыспайтын таңғышпен байлау керек, бірақ бұл жағдайда жақтар мен бет сүйектері сынығына қысымды таңғыш байлау қауіпті екенін ескеру керек, өйткені сүйек сынықтарының жылжып кетуі мүмкін.
Зақымдалғандарды қауіпсіз орынға көшіргенде таңғышты, оны түзетуге немесе бинттеуге жүйелі бақылауды қамтамасыз ету қажет. Қыс кезінде, егер таңғыш қанмен, сілекеймен бөгіп қалса, беттің үсуден сақтау үшін оны ауыстырған жен. Зақымданғанды, әсіресе жаз айларында, міндетті түрде сусындатқан жөн, өйткені қан кетуі мен мол сілекей кетуі организмнің құрғап кетуіне соқтырады.
Зақымданғандарды отырғызып қойып, әкету керек.
Жақ сынған жағдайда уақытша құрсаулау үшін сақпан тәрізді таңғышты байлайды. Неғұрлым сенімді құрсау стандартты иек асты таңғыш қалақ салу арқылы қол жеткізіледі, ол басқа кигізілетін таңғыштан және пластмассалы иек асты сақпаннан тұрады. Сақпан бас таңғышына рәзіңкемен бекітіледі (39 сурет). Ауырсынулар мен ойылу-тесілулерді болдырмау үшін, орналастырмастан бұрын иек асты сақпанын сақпан жиегінен шығып тұратын мақта-деке төсемімен толтырады.

39 сурет. Табельді (қалыпты) көліктік таңғышты байлаумен жақ сынықтарын уақытша бекіту.


Омыртқаның сынулары ауыр жарақатқа жатады, өйткені ол көбіне арқа жұлынының зақымдануына байланысты, одан адам сал болады, сезімталдықты жоғалтады.

Алғашқы медициналық көмек жараны зарарсызданған таңғышпен байлауда.
40 сурет. Кеуде және бел омыртқа бөліктерінің зақымдануы жағдайында ағаш таңғыш қалақпен тасымалдау.
Омыртқаның кеуде немесе бел бөлігінің зақымдануы жағдайында зардап шегушіні қарын жағымен қатқыл зембілге (немесе қалаққа) жатқызады, иығы мен басының астына, ал мойын омыртқа зақымданғанда - арқасына жастық қояды.
Омыртқаның бас және мойын бөлігін сатылы таңғыш қалақпен немесе мақталы-дәкелі мойын орағышпен құрсаулайды. Зембілге жатқызылған зақымданған адамды әсіресе жылдың қыс айларында жылылап орау керек. Қолмен, палаткамен тасымалдауға жол беруге болмайды, өйткені бұл жағдайда зақымданған омыртқалардың екінші рет қозғалуы сөзсіз, бұл зақымданушының жағдайын күрт төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет