Күннің өтуі. Ыстық күндері адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құюлуы байқалады (гиперемия).
Беттің қызаруы мен бастың қатты ауыру күннің өтуінің алғашқы белгілері болып табылады.Сонан соң жүрек айниды,бас айналады,көз қараутады және құсқысы келеді. Ауру естен танады,тыныс алуы жиілей түседі,жүрек қызметі әлсірейді.
Басты орамалмен жабу,сондай-ақ басқа суық су құю алдын алу шаралары болып табылады.
Ыстық тию. Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады. Ол жоғары немесе әдеттегідей жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе тоқтатылған кезде пайда болады.
Денеге ыстық тиюдің үш себебі:
жоғарғы сыртқы температура;
дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім;
ауыр жұмыс істеу.
Алғашқы медициналық көмек. Зардап шегушіні суық жерге, көлеңкеге немесе жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып, температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тағам береді. Жүрек-тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, 1мл 10 пайыз кофейн ерітіндісін, 1мл кордиамин, 1мл 10 пайыз лобелин ерітіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.
Газбен улану. Тұрмысымызды анағұрлым жеңілдетіп жүрген осы затқа арнайы күтім мен ұқыптылық қажет.
Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:
жалғастырушы түтіктердің ақаулары;
түтіктің редуктормен және газ құрал – жабдығымен нығыздап жалғанбауы;
бұрандалы жалғастырушылардың нығыз еместігі;
майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі;
оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;
оттықты дұрыс тұтандырмау болуы мүмкін.
Газ баллондарын өз беттеріңізше орнатып, газ құрал –жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз. Бұл әрекетіңіз – қайғылы оқиғаға апарып соғуы мүмкін.
Газ ошағы. Газ ошағын тек жақсы желдетілген үй-жайда пайдалануға болады. Газ ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда оның есігін бірнеше рет ашып–жабу арқылы желдету қажет. Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз. Түбі үлкен ыдысты қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді пайдалануқажет. Газ ошағын үйді жылыту мақсатында пайдалануға мүлде болмайды. Себебі, желдетілмеген үй-жайдағы көмір қышқылды газдың жиналуы және иісті газдың бөлінуі адам ағзасының улануына апарып соғады. Бұрандалы қосылған жер мен баллонның редуктормен қосылған жерін сабын көбігімен тұрақты тексеріп тұрыңыздар.
Баллон мен газ ошағының арасы 0,5 метрден жақын болмауы керек. Сондай-ақ жылу радиаторынанемесе пешке 1 метрден жақын орнатылмауытиіс. Мөлшерден тыс газбен толтырылған баллон жылы жерде (жылы үйге кіргізіп жылы- тқанда) жарылуы мүмкін. Газ баллонының қақпағы көп қабаттыүйлерде газ баллондарын пайдалануға үзілді – кесілді тыйым салынады.