Сабақ №1 Күні: 13. 10. 2016ж. Тренер: Дельмухамбетова М. А. Өткізілетін орны: №11 мфмм каб. №205



бет4/11
Дата02.02.2017
өлшемі1,32 Mb.
#8533
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Топқа бөлу сәті

Әрбір топ топ ережесін шығарып топ атауына байланысты 4 жол өлең шығарды. Топтар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнады. "How will you teach me in the 21st century?" видеоүзінді жайлы қандай ойда болғадықтары туралы өз ойларын білдірді. Өзгеріс не үшін керек? сұрағы топтарға беріліп тыңдаушылар өз пікірлерін білдіреді.


Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтарын түсіндіріліп топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі ұсынылды. Ресурстар ретінде "Ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктегі жұмыс" таныстырылымы ұсынылды. Топ мүшелері топтық жұмысты бақылау және бағалау, шағын топтарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері тулары өз ойларын ортаға салды.

Тыңдалым деңгейі мен белсенділік деңгейі жоғары болды, тыңдаушылар талдау барысында кезекпен сөйледі, өйткені алдыңғы сабақта «өзгенің пікір айтуына мүмкіндік берілсе жақсы болар еді» деген ұсыныс ықпал етті. Ситуациядан шығу мүмкіндігі басым, өзі ой қорыта алады, өте салмақты болғанмен, соңғы нүктені қойып отырады, қай тапсырманы да орындауға әзір, сындарлы жауап бере білді, диалог кезінде өзінің әртістік қабілетінің зор екендігі танылды, слайд жасауда эстетикалық жағына мән беретіндігімен көзге түсті. Топ мүшелері өте белсенді, позитивті әрі оптимистік табиғатының арқасында сабақ бойына белсенділігі мен эмоциясы қарқынды болды, диалог кезінде негізгі рөлді тамаша сомдады. Кері байланыс кезінде сергіту жаттығуының қазақша нұсқалары әзірленсе деген ұсыныс айтылды, сабақтағы эмоция сары түске сәйкес келді, дос дауысы қолданылды.


2-сабақ тақырыбы: Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту

және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен

оқушылардың көзқарастары. Зейінді күшейту мақсатында жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу сергітудің Б жаттығуы:"Crocodile" енгіздім. Сәтті болды. Диалогқа көмектесу мақсатында XXI ғасыр дағдыларының сипаттамалары бейнежазбаны көрсетілді. Әртүрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы материалы беріліп топтық пікірталас кезінде мұғалімдер өз ойларын ортаға салды.

Кері байланыс сол күнгі сабақта таныс болған «Қосу, алу, қызықты» тәсілімен жақсы алынды. Соңында әріптестер өзін-өзі бағалай білді, шынайылықты сақтады. Ешқандай қиналыс болған жоқ, себебі олар сабақтың бар бөлімінде бірлікте ешбіреуі қалыс қалмай атсалысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет