Типі: Жаңа сабақты игерту
Түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Сызбалар, үлестірмелі карточкалар
Оқытудың әдісі: теориялық және практикалық
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Бақылау жұмысын талдау
Бақылау жұмысында жіберілген қателерін талдау және оқушылардың сұрақтарына жауап беру
Қиындық туғызған есептерді талдау
III. Жаңа сабақты меңгерту:
1-анықтама. Тәжірибе барысында екі оқиғаның біреуі екіншісінің орындалуын жоққа шығарса, онда мұндай оқи,алар үйлесімсіз деп аталады.
1 теорема. Үйлесімсіз екі оқиғаның кез келген біреуінің орындалуының ықтималдығы осы оқиғалардың ықтималдықтарынң қосындысына тең. Р(А+В)=Р(А)+Р(В)
2-анықтама. Бірінші оқиғаның ықтималдығы екінші оқиғаның пайда болуына байланысты болатын екі оқиғаны тәуелсіз оқиғалар деп атайды.
3 –анықтама. Бір тәжірибенің қорытындысы үшін топтың тек қана бір оқиғасы болатын А 1, А 2,...,Аn оқиғалар жүйесі оқиғалардың толық тобы деп аталады.
2 теорема. Толық топтың оқиғалар саны 1-ге тең.
3 теорема. А және В тәуелсіз оқиғалардың бірдей орындалу ықтималдығы осы оқиғалардың көбейтіндісіне тең: Р(АВ)=Р(А)*Р(В)
4-анықтама. Бір оқиғаның орындалуы екінші оқиғаға тәуелді болатын оқиғаларды тәуелді оқиғалар деп атайды.
5 –анықтама. А оқиғасы орындалғаннан кейін анықталған В оқиғасының ықтималдығын Р А(В) шартты ықтималдық деп атайды.
4 – теорема. Тәуелді екі оқиғаның орындалу ықтималдығы бірінші оқиғаның ықтималдығын бірінші оқиға орындалғаннан кейін анықталған екінші оқиғаның шартты ықтималдығына көбейткенге тең Р(АВ)=Р(А)*Р А(В).
Достарыңызбен бөлісу: |