Тілдік мақсаттар
|
Тілдік емес пәндер үшін қалыптастырылады.
деректерді графикалық берілуі бойынша (диаграммалар) талдай алады
Пәнге тән лексика және терминология.
кесте, ұяшық, қатар, баған, парақ, формула, диаграмма, шартты форматтау
Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Міндетті шешу үшін біз… пайдаландық, себебі …
Деректерді бейнелі көрсеу үшін … болады.
Диаграмма құру үшін алдымен …, содан кейін …
|
Құндылықтарды игерту:
|
Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |