Параметрлі циклдің құрылымы:
FORцикл параметрі:=бастапқы мәнТОсоңғы мәнДОцикл денесі;Мұндағы for (үшін), to (дейін) do(орындау)- қызметші сөздер. Бұл циклде цикл параметрі integerтипті бүтін сан, цикл қадамы 1-ге ғана тең. Қадамның басқа мәндерінде әзір немесе дейін циклі қолданылады.
Қадам -1-ге тең болған параметрлі цикл төмендегіше жазылады:
FORцикл параметрі:=бастапқы мәнDOWNTOсоңғы мәнДО
Цикл денесі құрама оператордан тұратын болса, онда олар begin, end операторлық жақшаға алынады.
Әзір немесе шартты алдын-ала тексеру циклі.
Оның құрылымы:
WHILEшартDO
цикл денесі ;
while (әзір), do (орындау)- қызметші сөздер.
Шарт- логикалық типті өрнек. Егер шарттың мәні ақиқат (true) болса, цикл денесі орындалады және содан соң шарт қайта тексеріледі. Ал шарттың мәні жалған (false) мәнге тең болса, цикл денесі орындалмай, басқару while циклінен кейін тұрған бірінші операторға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |