Дейін циклінің құрылымы:
REPEAT цикл денесі
UNTILшарт
repeat (қайталау), until(дейін)-қызметші сөздер. Олар операторлық жақшалар ролін де орындайды. Until- дің алдындағы оператордан соң нүктелі үтір қойылмауы тиіс. Дейін циклінде цикл денесінің операторы ең болмағанда бір рет орындалады, содан соң шарт тексеріледі. Егер шарттың мәні жалған болса, цикл денесі қайталап орындалады, шарт ақиқат болғанда цикл аяқталады. Әзір циклінен айырмашылығы бұл циклде кері шарт жазылады.
Бірінің ішіне бірі кіретін бірнеше қарапайым циклдері бар цикл салынған (кіріктірілген) циклдер деп аталады. Осындай циклдерді ұйымдастырғанда келесі ережелерді ескеру керек:
Бір-біріне кірістірілген циклдерге арналған параметрлер аты әртүрлі болуы керек;
Ішкі цикл сыртқысына толық кіруі керек;
For i:=1 to n do
Begin
For j:=1 to n do
Begin
End;
End.
Мысал:
* * * * * *
* * * * * *
* * * * * *
* * * * * * фигураны экранға басып шығару программасы
Var i,j:byte;
Begin
For i:=1 to 4 do
Begin
For j:=1 to 6 do
Write (‘*’);
Writeln; End; end.