Бүгінгі күнді жазып, жаңа ұғымдармен танысайық: REPEAT (оқылуы: репит, қайталау болып аударылады) және UNTIL (оқылуы:антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздері. Осы түйінді сөздер арқылы операторды жазамыз. REPEAT қайталау операторының синтаксистік диаграммасы:
repeat
оператор
until
;
шарт
Бұл жерде операторлар REPEAT және UNTIL сөздерінің арасына орналасатындықтан, мұнда Begin және End сөздері жазылмайды.
REPEAT операторының циклі ішінде оның орындалу шартына әсер ететін кем дегенде бір оператор болуы тиіс, әйтпесе ол шексіз қайталана беруі мүмкін. Егер қайталау кезінде цикл ішінде көшу операторы болып, ол басқаруды цикл сыртындағы операторға берсе, онда циклдің орындалуы әрі қарай жалғаспайды. Цикл тұлғасы болып келген опертор жай немесе құрама опертор бола береді. Бұл оперторды да WHILE оперторын пайдаланған есептерде қолдануға болады, қай оперторды қолдану әркімнің өз еркіне байланысты шешіледі. WHILE оперторы көмегімен шығарылған есепті енді REPEAT операторымен шығарайық.