ІІІ. Жаңа сабақтың қойылымы.
Егер f '(x) = 2x болса, онда f (x) функциясы қалай өрнектеледі? Ол функция
f (x) = x2 болып табылады. Оның дұрыстығын қалай тексеруге болады?
Алғашқы функция анықтамасы, белгіленуі беріледі.
Келесі мысалдарды орындап, салыстыру жасай отырып ереже қорытып беріңіз.
Мысалдар қарастыру. f (x) = 5 болса, онда F(x) = ;
f (x) = 25 болса, онда F(x) = ; f (x) = π болса, онда F(x) = ;
Қандай қорытынды жасауға болады? (Тұрақты санның алғашқы функциясы)
Енді f (x) = 5х4 функциясы үшін келесі функциялардың қайсысы алғашқы функциясы болады? F(x) = х5+9 , F(x) = х5−64 , F(x) = х5+100 , F(x) = х5−164
Қандай қорытынды жасауға болады?
Зерттеу жасай келе, бұл функциялардың барлығы да берілген функция үшін алғашқы функция болатынын көруге болады. Демек f (x) үшін алғашқы функциясы жалпы түрі F(x) + С болады, С – тұрақты сан.
Алғашқы функцияның негізгі қасиеті ұғымы беріледі.
Жоғарыда қарастырылған мысалдағы алғашқы функциялардың графиктері туралы не айтуға болады? (Олар параллель орналасады)
Алғашқы функцияның геометриялық мағынасы беріледі.
Анықталмаған интеграл анықтамасы, функцияны интегралдау ұғымы беріледі.
Интерактивті тақтаның көмегімен қарапайым интегралдар кестесі беріледі.
1. (n≠-1). 6.
Достарыңызбен бөлісу: |