Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет19/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ

Қажетті материалдар мен құралдар:
Тест организмдер, антибиотиктер сіңірілген дискілер, спирт, пипеткалар, пробиркалар, ЕПА ортасы құйылған табақшалар, залалсыздандырылған тұзақтар, термостат, спирттік шам .
Тапсырмалар:

  1. Антибиотиктердің әсеріне микробтардың сезімталдылықтарын зерттеу

  2. Микроорганизмдерге антибиотиктердің әсерін анықтау, микробтардың тежелу аймақтарын өлшеп, нәтижелерін кестелерге енгізу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бактерияларға сыртқы ортаның факторларының әсері. Биотикалық және абиотикалық факторлар.

  2. Зерттелетін культураларға антибиотиктер әсерін бақылау.



Зертханалық сабақ № 10.


Бактерияларға сыртқы ортаның факторларының әсері. Зерттелетін культураларға ультракүлгін сәулелерінің әсері.

Зертханалық жұмыстың мақсаты: бактерияларға сыртқы ортаның әсерін зерттеу.
Зертханалық жұмыстың міндеті: бөліп алған бактерия культураларына ультра күлгін сәулелерінің әсерін зерттеу.
Ультра күлгін сәулелердің микроорганизмдерге әсері.
Электромагнитті толқындар түрінде кеңістікте таралатын энергия сәу лелік энергия деп аталады. Оның спекртлері микробтарға түрліше әсер етеді. Активті түрде әсер ететін сәуле микробтарға леталды немесе мутагенді әсер береді. Ол микробтың табиғатына және сәулелену дозасына байланысты болады.
Зертханалық жағдайда микроорга низмдерге УК сәулелердің әсері төмендегі жолмен зерттеледі. ЕПА ортасы бар Петри табақшасына бактерия суспензиясын тамызып, орта бетіне біркелкі етіп, Дригальский шпателімен жаяды, газонның ортасына стерилді трафарет қойып, Петри табақшасының бетін ашып, 20-30 мин кварцты шамның астына қояды. Трафаретті алып тастап, табақшаны жабады да, 28 0 С термостатқа қойып, инкубациялайды. Тәжірибенің нәтижесін 5 -7 тәуліктен соң алады. Микроорганизмдердің өсуі трафарет қойылған жерде ғана байқалып, қалған аймақтар таза болып келеді. Яғни ультра күлгін сәуле микробтарға кері әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет