Оқушылар орындай алады: Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізеді. Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажыратады.Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Астана, бейбітшілік, мәдениет, Елорда, өркениет, ұлттық, бәйтерек, мұражай.
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: көрікті жерлер, арман қала, өркениетті ел, елорда саябағы, заманауи қала, т.б.Менің ойымша, себебі, олай болса, түсінемін, ойлаймын.Талқылауға арналған сұрақтар:- Астана қандай қала?- Астана қаласында қандай мәдени орындар бар?- Неліктен Астана «бейбітшілік қаласы» деп танылды?- «Астана келбеті – ұлт келбеті»- дегенді қалай түсінесіздер?- Қалада түрлі іс - шаралардың өту себебі неде деп ойлайсың?
|
Достарыңызбен бөлісу: |