Сабақ 1 Пәні: қазақ тілі Қатысқандар: 12 Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы



бет130/139
Дата12.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#99903
түріСабақ
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   139
Байланысты:
docx1545312645

Құндылықтарға баулу

6.Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 

Пәнаралық  

байланыс

қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану

Алдыңғы  оқу:

Астана-мәдениет пен өнер ордасы

Жоспар:

Жоспарланған  

уақыт

Жоспарланған   жаттығу  түрлері:

Ресурстар

Сабақтың барысы.

5 мин.


Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындау.

Психологиялық ахуал.

Бір, екі ,үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.

- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.



Жылы сөздер

Сабақтың ортасы

30 мин.

Сергіту сәті.



ІІ.Қызығушылықты ояту

Қандай тарихи тұлғаларды білесіңдер? Олардың өз тарихындағы рөлі қандай? Олар туралы қандай кітап оқып, кино көрдіңдер?

Оқулықтағы 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, мәтіннің атауын талқылайды, астарлы ойды анықтайды, алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды.

Көшпелі қоғам-көшпелі өркениет дегеніміз-негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып,күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын,белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық,саяси қауымдастығы және өркениеті. 


Көшпелілер туралы түсінік,алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Көне қытайда «көшпелілер- жабайы,мәдениеттің –қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды «тағы жабайылардың тұқымы,өркениеттің жауы» деп есептеді. Ғалымдардың пікірінше, көшпелі жұрттар өз бетімен таптық қоғамның ең алғашқы сатысына жетеді, ал олардың әрі қарай дамуы отырықшы халықтардың ықпалымен ғана іске асады. Көшпелі қоғам - бұл даму болашағы шектеулі қоғам.

Оқулықтағы 2,3-тапсырма.

Тілдік бағдар.

Көнерген сөздер туралы түсінік. Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша: а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге– кежегесін кейін тарту); ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді. Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуыменбайланысты(болыс, сұлтан, барымта,  ақ берен, айбалта). Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер(жаушы, дағараергенек, саптыаяқ, түмен, асадал,  дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсыбір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ– жасақшы, төре– төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылыс.

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді көшіріп, көнерген сөздердің мағынасын анықтау.

ҚБ. «Көңілді смайликтер»



Оқулықпен жұмыс

Ой қозғау


Сабақтың соңы

Кері  байланыс.




Рефлексия:

-Мен бүгін ........ білдім.

-Мен бүгін ...... үйрендім.

-Маған ....... қиын болды.


Үй тапсырмасы. 7-тапсырма.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет