Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет21/32
Дата06.12.2016
өлшемі4,75 Mb.
#3308
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Үйге тапсырма беру: Белгілі сәулет өнерінің ескерткішінің бірін бейнеле.

Сабақ: №28

Сабақтың тақырыбы:

Дизайн өнері.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен

таныстыра отырып, олардың қарапайым құралдармен

тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін

оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс

жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.


б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,

жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық

талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,

әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Бейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің түрі - дизайн. Бейнелеу өнерінің бұл түрі үнемі даму үстінде. Дизайн тек бейнелеу өнерімен шектелмейді, ол өнердің алуан түрінде өзіндік орын алады. 20 ғасырдың 80-жылдарынан бастап бейнелеу өнерінде жаңа термин, жаңа ұғым пайда болды. Бұл - «дизайн» өнері. Суретшілер қарапайым заттардың жаңа формасын іздестіруді ойластырды. Әрбір бұйымның өте қарапайым әрі әдемі болуын қарастырды. Жаңа тұрмысқа лайықты жаңалықтар енгізуге көңіл бөлді. Мысалы, конструктор-суретші үстел мен орындықтың небір түрін жасауды меңгерді. Мұның технологиялық тәсілі адам денесінің құрылысына ыңғайлы түрде істелді. Дизайнның ең алғашкы түрі 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Мұнда бірнеше дизайндық фирмалар құрылды. Сол кезден бастап дизайн жаңа қызметтің түріне айналды. ТМД елдерінде 1962 жылдан бастап дизайн өнері ене бастады. 1987 жылдан бастап Дизайн одағының шығармашылық ұйымы құрылды. Дизайн өнерін елімізде дамыту үшін арнаулы қаулы қабылданды. Дизайн өнерінің терминдік атауы жаңа болғанымен, ол өзі негізінде ертеректен-ақ қалыптаскан. Қазақ халқының қолөнері түрлерінен дизайнды анық көруге болады. Қазақтың қарапайым жіп иіретін ұршығынан бастап дизайн. Ұлттық қару-жарақ, ыдыс-аяқ, музыка аспаптары, сандық пен кебеже түрлері, т.б. бәрі де дизайндық үлгіде жасалғандықтың дәлелі бола алады. Ал бүгінгі 21 ғасырға қадам басқан жаңа тұрмыстық жағдайға байланысты дизайн өнеріне жаңа қырынан келу мәселесі қарастырылады. Әлемдік мәдениет қатарына қосылу үшін дизайнды жаңа тұрғыдан қарастыру көзделіп отыр. Дизайн өндірістік, графикалық, автомобильдік, интерьерлік, жиһаздық, компьютерлік, т. б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Республикамызда дизайн өнеріне айрықша мән беруде. Өйткені ол өндірістік тауарларымыздың дүниежүзілік нарықтық экономикадағы рөлін көтереді. Дизайн заман талабынан туындаған өнердің озық үлгісі болып табылады. Дизайнды оқып үйренудің өзіндік үйлестіру заңдылықтары бар. Атап айтқанда: статика, ритм, контраст, динамика, симметрия, метр, асимметрия, июанс, контраст, т. б.

Статикалық үйлесім тұрақты нәрсені көрсетеді.

Ритм - ырғақты үйлесімдік.

Контраст - қарама-қайшы түстердің бірден айқын болып көрінуі.

Динамика - қозғалыстық үйлесім, қимылдық іс-әрекетті көрсетеді.

Симметрия - тепе-теңдік үйлесім.

Асимметрия - екі нәрсенің бірін-бірі қайталамауындағы үйлесімділік.

Метр - ара қашықтығы бірдей орналасқан үйлесім заңдылығы.

Июанс - композициялық үйлесімдіктің сәтті шығуы.

Жалпы дизайн өнерінің өмірде араласпайтын жері жоқ, өндіріс болсын, күнделікті қолданылатын үй жиһаздарынан бастап жеке бұйымдарға дейін дизайндық үлгіде жасалады. Бүгінгі өмірде дизайнның алатын орны ерекше. Үйдің ішкі және сыртқы құрылысын еуропалық дизайнмен жасақтау дәстүрге айналып барады. Бұл да жетістік болып табылады. Дегенмен бүгін біз өз еліміздің, Орта Азия мен Қазақстанға тән ортақ дизайн үлгісінің әдіс-тәсілдерін іздеуге жаңа ықпал жасауымыз керек. Әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақтың сән- салтанатты тұрмысының құрылымдық ерекшелігі әдемі болуы тиіс. Дизайн дегеніміз - кез келген бүұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Осы орайда ұлттың өзіндік қолтаңбасы бар көркем бұйымдар жасаудың жаңа үлгісін табу өнеріміздің озық үлгісіне айналмақ. Еуропаға еліктеп, ұлтымызға тән өнеріміздің қадір-қасиетін жоғалтып алмауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет