Сабақ №1. Зоогигена зертханасындағы қауіпсіздік ережелері



бет2/5
Дата14.05.2017
өлшемі1,05 Mb.
#16262
түріСабақ
1   2   3   4   5

Зертханалық сабақ №3. Ауаның ылғалдылығын анықтау.

Қаралатын сұрақтар:

1. Ауаның ылғалдылығы және оның түрлеріне сипаттама.

2. Ауа ылғалдылығының мал қорасындағы негізгі пайда болу көзі.

3. Ауа ылғалдылығының жоғарғы және төменгі температурада денеге тигізер әсері.

4. Ылғалдылықтың түрлерін анықтау тәсілдеріне талдау.

Ауаның құрамында әрқашанда су буы болады. Су буының газдар сияқты өзіндік серпімділігі және массасы болады. Ауадағы су буы мынандай ылғалдылықтың көрсеткіштерімен (гигрометрлік) сипатталады.

1. Абсолюттік ылғалдылық (е) - 1 куб.метр ауадағы белгілі бір температурадағы су буының салмағы (г) немесе серпімділігі (мм.с.б.). Ол ауа температурасына тура пропорционалды болады, яғни ауа температурасы жоғарылаған сайын ол да жоғарылап, төмендесе азаяды. Жалпы мал қорлардың ауасында абсолюттік ылғалдылықтың мөлшері 4 мг-нан 10 мг 1 куб.м. болғаны дұрыс.

2. Максималды ылғалдылық (Е) - 1 куб.м. ауадағы су буының ең жоғарғы (қанықтырылған) салмағы (г) немесе серпімділігі (мм.с.б.). Бұл да ауа температурасына тура пропорционалды болып келеді және ол мал қораларының ауасында рұқсат етілмейді.

3.Салыстырмалы ылғалдылық (R) - ауадағы су буының проценттік мөлшері. Оны абсолюттік ылғалдылық мөлшерін максималды ылғалдылыққа бөліп оны жүзге көбейту арқылы табады.

Салыстырмалы ылғалдылық пропорционалды болып келеді, яғни ауа температурасы жоғарыласа ол төмендеп, керісінше төмендесе жоғарылап отырады. Сондықтан мал қораларындағы ауаның гигиеналық бағалауы осы салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшерімен сипатталады. Яғни ол мал қоралардың ауасында 60-80 проценттің аралығында болғаны жөн.

4. Қанығу дефициті (кемтігі) (Д) - максималдық және абсолюттік ылғалдылық мөлшерінің айырмашылығы. Ол неғұрлым көп болса, солғұрлым ауа құрғақ болып, керісінше көрсеткіш неғұрлым айырмашылығы аз болса, соғұрлым ауа су буымен көп қаныққандығын көрсетеді.

5.Шық нүктесі (1 градус) - ауаның құрамындағы су буының қанығып сұйық (тамшыға) айналатын температурасы.

Су буы көбінесе қора бөлшектері суык, өткізгіш материалдардан жасалған болып (тас, бетон, жұқа т.б.), температурасы мен бөлшектер бетінің температурасының арасындағы айырмашылығы төмен болса (3-4 градус) суға айналып (конденсат) кетіп, бөлшекте бетінен тамшылап тұрады. Сондықтан ондай жағдайға жол берілмеуге тиіс. Ол үшін қора бөлшектерін жылу өткізу коэффициенттері өте төмен материалдардан жасаған дұрыс.

Осы жоғарыда көрсетілген ылғалдылықтың түрлерін әртүрлі арнайы құралдармен анықтайды. Оның ішінде көп тараған, ең қолайлы құрал болып аспирациялық (сорғыш) немесе Ассманның статистикалық (тұрмыстық) немесе Августық психрометрлер мен гигрометрлер болып табылады.

1.Статистикалық психрометр – бір-бірінен 4-5 см қашықтықта арнайы бөлігі (шкаласы) бар бетте орналастырылған бірдей спиртті немесе сынапты термометрлерден тұрады. Термометрдің біреуінің резервуары дәкемен оралып, ұшы дистильденген суы бар ыдысқа батырылып қояды. Бұл термометр «сулы» деп аталып, екінші термометр құрғақ болады.



Сурет 5 - Августық психрометр құралы

1 – құрғақ және сулы термометрлар
Сулы термометрдің бетінен су буланады да, ол суиды, оны жылыту үшін белгілі бір мөлшерде жылу жұмсалады, ол термометрдің көрсетуі «құрғақ» термометрдің көрсеткішіне қарағанда төмен болады. Сондықтан ылғалдылықты анықтауға осы екі термометрдің көрсеткіштерінің айырмашылығы негізге алынады.

Ауа ылғалдылығын анықтау кезінде құралды күн және басқа жылу көздері мен желдету жүйелерінен қышыққа орналастыру қажет.

2.Аспирациялық (сорғыш) психрометр (Ассман) - де екі біркелкі термометрден тұрады. Оның да біреуінің резервуарын орап-сулайды. Термометрдің екеуінің де сыртқы әсерден сақтау үшін арнайы қоршауы бар, олар бір құбырға қосылып сол арқылы жоғары жағында орнатылған жел-сорғыш - вентилятормен (қалақша) байланысады. Ол қалақша (вентилятор) электрмен немесе бұрандалы пружинамен қосылады.

Аспирациялық психрометр дәлірек және қолайлы құрал боп саналады. Себебі оның арнайы қалақшасының көмегімен термометрлердің резервуарларының үстнен біркелкі 4 м/сек жылдамдықпен ауа тартылып (сорылып), тұрады да, яғни сыртқы ортаның ауа қозғалысы оның көрсеткішіне әсерін тигізбейді де ол құралдың көрсетуі дәлірек болады.



Сурет 6 - Аспирациялық психрометр құралы

1 - вентилятор

2 – потрубок (жел жүретін)

3 - желдеткіш
3. Гигрометр - салыстырмалы ылғалдықтың мөлшерін анықтауға арналған құрал.

Оның жұмыс істеу принципі эфирде майы кетірілген адам шашының ауадан ылғалдылықтың жоғарылаған кезінде ұзарып, төмендегенде қысқарып өзгеру қасиетіне негізделген.

Осылай қылшашты ұзындығының өзгерісі құралдың көрсеткіш тілін қозғап бөлінген шкаладан салыстырмалы ылғалдықтың мөлшерін процентпен көрсетеді.

1 - құралдың тілі (стрелкасы)



2 - құралдың шкаласы

Сурет 7 - Гигрометр құралы


Бұл құралдың көрсету мәнін мезгіл-мезгіл психрометрмен салыстырып тексеріп дәлдеп отырады

4. Гигрограф - ауаның салыстырмалы ылғалдылығының белгілі бір мезгіл (тәулік, апта) ішінде өзгерісін жазып отыратын құрал. Оның да салыстырмалы ылғалдықтың өзгерісін қабылдап отыратын бірінші сезгіш бөлігінің жұмыс жасау принципі гигрометрдікі сияқты майынан ажыратылған шаштың ұзарып - қысқару қасиетіне негізделген, бірақ бұл құралда бір тал емес, бір топ шаш керілген. Ол шаш тобының, ауа ылғалдылығына байланысты ұзарып-қысқарып өзгеруін құралдың екінші жеткізгіш бөлігі рычаг жүйесі арқылы қаламсаппен арнайы қатпайтын сия құйылған қаламұшқа беріледі де, ал ол құралдың үшінші қабылдағыш бөлігі - өз білігінен арнайы кілтпен бұрап іске қосылып тәулігіне немесе аптасына толық бір рет айналыс беретін барабанға оралған қағаз таспаға жазуын (сызығын) қалдырып отырады.



Сурет 8 - Гигрограф құралы


1- керілген бір топ шаш

2-жеткізгіш және қаламсап-қаламұш

3 -таспа оралған кіндігінен айналатын барабан

4 - қалыптағыш винт

Таспа қағаздың беті әр тәулік екі сағаттан біркелкі аралықта бөлініп оған ылғалдықтың бөлік - шкаласы тігінен процентпен көрсетілген. Құралды пайдаланудан бұрын, барабанға керек (апталық, немесе тәуліктік) қағаз таспаны орап бекітіп қала ұштың қуысына қою арнайы сияны құйып, түзеткіш бұрандасы (винті) арқылы қаламұшты, қойылған күн, сағатын жазып, сол кездегі ылғалдықты көрсетіп, соған дәлдеп қояды да, құралды қақпағын жауып желдеткіш жүйелерінен, жылу көздерінен қашық жерге және құс, кеміргіштер зиян келтірмейтіндей орналастыру қажет. Белгіленген уақыт өткеннен кейін (тәулік, апта) құралдың қақпағын ашып, қағаз таспаны алып, (керек болса басқамен ауыстырып) ондағы ылғалдылық өзгерісін талдап оқыйды шешімін қабылдайды.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет