Сабақ: 15
Тақырыбы: §16. Жапырақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін тану.
Сабақтың міндеттері: өсімдіктің вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақтың ерекшеліктерін өзіндік білімдеріне сүйене отырып айыра білу; өздерінің теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын танып білу.
Түрі: Түрлендірілген
Қолданылатын көрнекіліктер: жапырақтың суреттері, кеппешөптер
Сабақтың барысы
Үй тапсырмасы (Екі жақты күнделік)
Карточкалар арқылы оқушылар жұптарын табады. Бір карточкада ұғым, ал екіншісінде – анықтама.
Тамыр - өсімдіктің вегетативті, жер асты мүшесі
Тамыр жүйесінің түрлері: шашақты, кіндік
Бүршік – бастапқы өркен
Сабақ - өсімдіктің жалғастырушы мүшесі
Өркен – жапырағы мен сабағы бар жас сабақ
Сабақтың ішкі бөлімдері: қабық, камбий, сүрек
І. Қызығушылықты ояту (Тірек суреттер символдары)
Суреттер және анықтауыш сөздер арқылы өсімдіктің құрылысын құрау.
Сөздер: жер үсті, жер асты, жалғастырушы. Суреттер: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл
Сол арқылы жапырақ тақырыбына түсу
ІІ. Мағынаны тану (Кубизм)
Жапырақтың құрылысы, қызметі (анықтау)
Жапырақ тақтасының пішіні, өсуі, тіршілік ету ұзақтығы (зерттеу)
Жапырақтың жүйкеленуі (талдау)
Жапырақтың сабаққа орналасуы (дәлелдеу)
Жай және күрделі жапырақтар
Сабақ пен жапырақтың ұқсастық және айырмашылық белгілері (салыстыру)
Әрбір жұп өздерінің жұмыстарын қорғайды
ІІІ. Толғаныс (Бес жолды тұжырым)
Жапырақ
Мысал
Жапырақ
Жай, күрделі
Ауа тазартады, жүйкеленеді, көбеюге қатысады
Жапырақ – жер үсті мүше
Вегетативті мүше
Үй тапсырмасы: Параллель жүйкелену мен доғалы жүйкеленудің айырмашылығын салыстыру. Жапырақ құрылысын, жай және күрделі жапырақтар, жапырақтың орналасуының суреттерін салу.
Достарыңызбен бөлісу: |