§44. Буылтық құрттардың көптүрлілігі.Шұбалшаң.Тіршілік ортасы.Сыртқы және ішкі құрылысы.
200 беттегі суретті салып ,сұрақтарға жауап жазып келеміз.
№ 47 М.В.Ломоносов атындағы қазақ орта мектебі
Ашық сабақ
«Буылтық құрттардың көптүрлілігі.
Шұбалшаң.Тіршілік ортасы.
Сыртқы және ішкі құрылысы.»
Сыныбы: 7 «Ә»
Пән мұғалімі: Жансариева.Ж
2015-2016 оқу жылы.
а) Анаграмма
ТИҰРМҚ ЗЕОЦУНР АИФКН ЕНШЕМ ЬЛИОЗТЕГМН ИКБРСНЯ ТІЕЖҰШПҚР ЗАПТИРА
Тесттік сұрақтар.
1. Шұбалшаң қандай мүшесі арқылы тыныс алады?
а) тері жабыны арқылы
ә) желбезек арқылы
б) демтүтікшелер арқылы
2. Шұбалшаңның зәр шығару мүшелері:
а)имек түтікшелер
ә)жасыл түсті без
б)жиырылғыш вакуоль
в)мальпигии түтікшелер
3. Шұбалшаңда «ми» деп қай жүйке түйінін айтады:
а) жұтқыншақасты түйіні
ә) жұтқыншақүсті түйіні
б) құрсақ жүйке тізбекшесі
4. Қандай бұлшықеттің жиырылғанды шұбалшаң денесі ұзарады:
а)сақиналы бұлшықет
ә)біріңғай салалы бұлшықет
«Есте сақтау»,
1. Ауыз -
2. Жүйке түйіні -
3. Жұтқыншақ -
4. Жүрекше -
5. Өңеш -
6. Жемсау-
7. Қарын –
8. Құрсақ қан тамыры –
9. Ішек-
10. Құрсақ жүйке тізбекшесі –
«Анықтау»
1. Ауыз -қоректену
2. Жүйке түйіні -тітіркенгіштерге жауап беру
3. Жұтқыншақ -қоректі ауыздан өңешке өткізу
4. Жүрекше -қанды айдау
5. Өңеш -қоректі жұтқыншақтан жемсауға өткізу
6. Жемсау- қоректі жұмсартады
7. Қарын -қоректі араластырады
8. Құрсақ қан тамыры -ішкі мүшелерге оттекті және қоректік заттарды тасымалдауқанайналым
9. Ішек- қоректі қорытып, сіңіреді
10. Құрсақ жүйке тізбекшесі -ішкі мүшелер жұмысын реттеу
Блиц-турнир «Ия» немесе «жоқ» деп жауап береді
«Ақ сұлама» тобына:
1. Басым бөлігі паразиттік тіршілік етеді - ия
2. Денесі үш қабатты-ия
3. Денесі екіжақты симметриялы-ия
4. Көпжасушалы жәндіктерге жатады-ия
5. 15 мыңнан аса түрі бар- ия
6. Денесінде қуыс болмайды-ия
7. Көпшілігінің пішіні жапыраққанемесе таспаға ұқсас-ия
8. Жүйке жүйесі дененің бас бөлігінде орналасқан-ия
9. Зәршығару жүйесі дамыған-ия
10. Жалпақ құрттар-қосжынысты жәндіктер-ия
«Зымырақ» тобына:
1. Денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы- ия
2. Денесі үш қабаттан тұрады- ия
3. Көпшілігі дара жынысты ия
4. Олар алғашқы қуыстылар типі деп аталды- ия
5. Қуысқа толы сұйықтық сыртқы ортамен байланыспайды- ия
6. Дүние жүзінде 2 мыңға жуық түрі кездеседі-жоқ
7. Ауыз қуысы денесінің артқы жағында, ал аналь тесігі алдыңғы жағында орналасқан-жоқ
8. Ішексорғылар -қосжынысты жәндіктер- жоқ
9. Сезім мүшелері жақсы жетілген- жоқ
10. Ішексорғының қантарату және тыныс алу мүшесі дамыған-жоқ
«Сүліктер» тобына:
1. Денесі шұбалаңқы- ия
2. Екіқабатты, біржасушалы жәндіктер-жоқ
3. Денесі буылтықтарға бөлінген, соңғы қуысы бар- ия
4. Бұлардың 90-мыңға жуық түрлері бар-жоқ
5. Тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болды -ия
6. Зәршығару жүйесі дамымаған-жоқ
7. Қантарату жүйесі жақсы дамыған- ия
8. Көпшілігінде қанның түсі-көк болып келеді-жоқ
9. Сүлік-паразит, жыртқыш жәндік- ия
10. Азқылтанақты құрттар өсімдік шірінділері мен қоректенеді-жоқ
1 нұсқа
1. Жалпақ құрттар типіне қандай белгілер тән?
А. Екі жақты симметриялы жануарлар
B. Радиальді симметриялы
C. Екі қабатты жануарлар;
D. Целомды жануарлар
Е. Күйдіргіш жасушалардың болуы.
2. Құрылым деңгейі бойынша жалпақ құрттар типі -…
А. Бір жасушалы жануарлар
В. Екі қабатты жануарлар
С. Үш қабатты жануарлар;
D. Целомды жануарлар
Е. Төрт қабатты жануарлар.
3. Ақ планария қоректену сипаты бойынша жануарлардың қай тобы жатады?
А. Жыртқыштар
В. Паразиттер
С. Өсімдікқоректі жануарлар
D. Ыдыраған өсімдік қалдықтарымен қоректенушілер;
Е. Ыдыраған жануар қалдықтарымен қоректенушілер.
4. Ересек бауыр құрт... паразитті тіршілік етеді.
А. Адам ішегінде
В. Сиыр, қой және басқа шөпқоректі жануарлардың бауыр өзегінде
С. Ит пен қасқыр ішегінде
D. Адамның аш ішегінде
Е. Адамның ток ішегінде.
5. Қандай жануарлар бауыр құрттың аралық иесі болып табылады?
А. Ірі қара мал
В. Кіші тоспа ұлуы
С. Адам
D. Ит
Е. Шошқа.
6. Бауыр құрттың бекіну мүшесінің ерекшелігі неде?
А. Ілгек тәрізді бекіну мүшелері
В. Сорғыштары болмайды
С. Ілгектерінің болуы;
D. Алдыңғы және артқы сорғыштарының болуы
Е. Ауыз және құрсақ сорғыштарының болуы.
7. Таспа құрттың бауыр құрттан айырмашылығы неде?
А. Денесі сегменттелген
В. Билатеральді симметриялы
С. Ауыз және құрсақ сорғыштары бар;
D. Денесі бас, мойын және буындалған денеден тұрады
Е. Алдыңғы және артқы сорғыштары бар.
8. Сиыр цепенінің жаңа буындары... түзіледі.
А. Денесінің ұшынан
В. Мойын бөлімінен
С. Буындарының арасынан
D. Бас бөлімінен.
9. Паразиттік құрттарды еркін тіршілік ететін құрттардан белгілері бойынша ажыратуға болады?
А. Денесінің пішіні жалпақ
В. Ас қорыту жүйесі сыртқа бір ғана тесік – қуысымен ашылады;
С. Бекіну мүшелері – сорғыштар мен ілмектері бар
D. Құрылымы біршама күрделі.
VII. Қорытындылау:Паразит құрттармен күрес жүргізуде қандай ережелерді сақтау қажет.
1. Жек бас гигиенасының ережесін сақтау
2. Тамақтану алдында міндетті түрде қол жуу
3. Көкөністерді жуып жеу
4. Асты дұрыс даярлау
5. Суды қайнатып ішу
6. Паразит құрттардың жұмыртқаларынан тексерілу
1.Жұмыр құрт денесінің сыртқы қабаты
А) гиподерма Б) сірқабық В) бұлшықет
2. Жұмыр құрттың қанша түрі бар
А) 20000 Б) 40000 В) 10000
3. Жұмыр құрт аналығы аталығынан
А) қысқа Б) ұзын В) барлығы дұрыс
4. Теріні ауруға ұшырататын жұмыр құрт
А) суыртқы Б) трихинелла В) үшкірқұрт
5. Ішексорғы денесін қаптайды
А) жабын Б) тері-бұлшықет В) сірқабық
6. Ішексорғының неше ерні бар
А) 2 Б) 3 В) 4
7.Ішексорғылар қандай жынысты жәндіктер
А) даражынысты Б) қосжынысты В) барлығы дұрыс
8. Ішексорғыда болмайтын жүйе
А) ауыз Б) тынысалу В) аналь тесігі
9. Суыртқының аналығының ұзындығы
А) 100см Б) 150см В) 200см
10Жұмыр құрттар қандай симметриялы
А) екі жақты Б) біржақты В) барлығы дұрыс
Достарыңызбен бөлісу: |