Сабақ «1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі» тақырыбына дидактикалық материал (1-сабақ) Қосымша-1 Карточкаға ұсынылған жаңа ұғымдар



бет3/5
Дата14.12.2021
өлшемі116,47 Kb.
#126664
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дидактикалық материал 8 сынып 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 3-сабақ (2)

III- топ. «Сұлтандар»

Көтерілістің шешуші кезеңі

Меркульевтің отряды Геккенің отрядымен Бекетай ауылының маңында қосылып, Тастөбеге қарай бағыт алады. Тастөбеге 4 шақырымдай қалғанда 500-ге жуық көтерілісшілер тобымен кездеседі. Исатай батыр Меркульевтің отрядынан құтқарып алған елді қорғау үшін жан-жақтан жігіттерін жинауға тырысады. Бірақ Гекке бастаған 2000 жазалаушы солдат көтерілісшілердің бір-біріне қосылмауына күш салады. Жазалаушы отряд саны жағынан басымдылық танытса да көтерілісшілер бірінші болып шабуыл бастайды. Алдымен мергендер тобы мылтық атады, Геккенің отряды оларды зеңбіректен атқылайды. Зеңбіректен дұрыс нәтиже болмаған соң Геккенің солдаттары шабуылға көшеді. Оларға көтерілісшілер қарсы шығып, солдаттардың арасын біршама сиретіп тастайды. Мұны байқаған Гекке көтерілісшілерге жақындап келіп зеңбіректен қайта оқ атуды бұйырады, онысы нысанаға дәл тиіп, көтерілісшілерден көп адам шығынға ұшырайды. Сол уақытта солдаттар тағы да шабуылға шығады. Осы шайқаста Исатай оң қолынан жараланады да, баласы Жақия 50-60 адаммен бірге қаза табады. Тастөбе маңындағы шайқаста көтерілісшілер Геккенің отрядынан жеңіледі. Жеңілістен кейін Исатайдың жігіттері Ішкі Ордаға шағын топтармен тарай бастады. Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге әрекеттенеді. Ал бұл уақытта подполковник Геккенің басшылығында 700-дей казак-орыс әскері, 2 зеңбірек және 400 адамнан тұратын хан жасағы болды. Жазалаушы отряд енді Исатай батырдың өзін ұстауға тырысады. Осы мақсатпен полковник Меркульев 300 казак отрядына ханның 600 жасағын қосып алып бірталай жерді шолып қайтады. Перовский Исатай батырды ұстаған адамға 500 сом күміс ақшамен сыйлық тағайындайды. Есаул Трафимовқа 75 казак отряды және ханның 100 жасағымен қоса Тастөбенің төңірегін аңду тапсырылады. 1837 жылы 15 қараша күні таңсәріде Тастөбенің жанында көтерісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында кескілескен шайқас болады. Бірақ та жазалаушылар көтерісшілердің көп шоғырланған тұсына зеңбіректен оқ атып, көтерісшілерді шегінуге мәжбүрлеп біршама жерге дейін қуғындайды. Бірақ даланы қанша кезсе де Исатайды ұстай алмады. Исатайдың жанында сенімді серіктері Махамбет, Тінәлі, Иса, Сарт Қабыланбай, Төлеген, Есенгелді отбасыларымен, Тәни, Үбі, Мәстек Ахметұлы деген көтерісшілер қалып, олар басшыларын барынша қорғауға тырысады. Жазалаушы отряд желтоқсан айында Исатайды Самар даласынан іздейді, ал Исатай болса Жайықтың бойында отырып, қолайлы сәтті күтеді.

Губернатор Перовский болса Жайықтың арғы бетіндегі кіші жүздің батыс бөлімін билеуші сұлтан Баймағамбет Айшуақовқа Исатайдың Жайықтан өтіп кетпеуін алдын-ала тапсырады. Губернатордың бұйрығымен Жайықтың бойын бақылау күшейтіледі. Баймағанбет сұлтан өз қарауындағы елдің билері мен сұлтандарына Исатай келсе тез арада ұстап беруді тапсырады. 1837 жылы 13 желтоқсан күні таңсәріде Құраң Маябасовтың бастауымен Исатайдың тобы Жайықтан жасырын өтпек болғанда, жағалауды бақылап жүрген Хорунжий Жигиннің отряды байқап қояды. Бұл кезде Исатайдың жігіттерінің көпшілігі өткелден өтіп, тек бірнеше адам бері жақта қалады да, олар Жигиннің жендеттерімен қақтығысқа түседі. Казак-орыстар Сарайшықта жасақтарымен дайын тұрған Баймағамбет, Мұхамедқали Таукинге хабар береді. Бұл жасаққа жүзбасылар Попов мен Понамаревтің жазалаушы отряд қосылады. 14 желтоқсанда жазалаушылардың қолына Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, Еділ Сартұлының балалары Ерше мен Нұрша түседі. Ал Исатай біраз сенімді жігіттерімен жазалаушыларды адастырып кетеді.
Сұрақтар:

1.Көтерілістің үдеуі қандай өзгерістерге әкелгенін анықтаңыз;

2.Көтерілісті басуға жіберілген жазалау отрядтарының басшыларын анықтаңыз;

3.Көтерілістің негізгі ошақтарын, шайқас болған жерлерді картадан көрсетіңіз;

4.Көтерілісшілер мен хан жасақтары, жазалаушылар арасындағы болған шайқасты әңгімелеңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет