Сабақ №2 Ақшаның пайда болу тарихы. Ақшаның қызметі мен ерекшеліктері. Ақшаның түрлері Сабақ мақсаты



Дата10.06.2017
өлшемі107,85 Kb.
#18771
түріСабақ
Бекітемін»_____________

Күні:14.10.16

Сыныбы: 6 «Ә», «А»

Сабақ № 2 Ақшаның пайда болу тарихы. Ақшаның қызметі мен ерекшеліктері.Ақшаның түрлері

Сабақ мақсаты

Ақшаның анықтамасын айту,ақшаның сипаттамаларымен танысу, оның қызметі мен ерекшеліктері туралы түсінік беру,ұлттық валюта туралы түсінігін кеңейту. 

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар







Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі 
а) Сәлемдесу,  ә) оқушыларды түгендеу, 
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару 
в) салған суреттерін қарастыру, талдау







Ортасы

Миға шабуыл: «Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» - деп, бүгінгі сабағымызды жұмбақпен бастамақшымын:

Әлемнің тынысы

Байлықтың белгісі

Ол не? -... (ақша, теңге)

Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ақша жүйесінің қызметі».

Дәйексөз


Мініп көрер күші жоқ,

Сауып ішер сүті жоқ

Ақша деген мал шықты.

( Шортанбай ақын).

Осы нақыл сөздері жолдары арқылы Шортанбай ақын тауар - ақша қатынасының экономикада үстемдік ететінін суреттеген. Біздің экономикамызда ақша үлкен роль атқарады. Ақша - барлық тауарлар мен қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар.

Материалды түсіндіру кезеңі

Кіріспе: Әңгіме

Ақша елі

Ақша елі өте ертеде пайда болған, онда ертедегі адамдар өмір сүрген. Осыдан он мыңдаған жылдар бұрын осы елдің жер өңдеушілері аңшылықпен айналысатын тайпаларды ығыстырып, өздерінің алғашқы қауымдастығын құрды. Олардың біреуі – ұсталықпен, енді біреулері - балық аулаумен, тағы біреулері – зергерлік бұйымдарымен айналысты. Ендігі жерде балықшылар үшін – ау, ұстаханадағыларға – түрлі құмыралар, жер өндеушілерге – ат тағалары қажет болды. Осы жерде бір – бірімен айырбас жасауға мүмкіндік туды. Айырбасқа түскен өнімдер тауар деп аталады. Тауар айырбасын жасап, ендігі жерде оларды салыстыра білу қажет болды. Сөйтіп «Ақша елінде» цифрлар мен сандар пайда болды.

«Ақша елінің» солтүстігінде «Балықшы» деген елді мекенде бір балықшы өмір сүрді. Бір күні балығын аулап, үйіне келсе, балықшының әйелі оған ұрса қоя берді. «Сен кешке дейін балық аулай бересің, ал үйде ескі екі құмған ғана қалды, терілер ескірді, аттардың тағалары жеңіліп кетті, олар ақсап жүр. Өстіп, біздің шаруашылығымыз құрыйтын болды». Оған ашуланған балықшы: «Маған ұрысқанша, содан шығатын жол ойлап тапсаңшы!» - деді. Балықшының әйелі ойланып - ойланып мынадай шешімге келді.

• Шынында да, еркектер керек заттар үшін әр жерге шапқылайды, онан да өзім әрқайсысына барып құмғандарды, ат тағаларын, терілерді «Балықшыға» әкеліп алайын, содан кейін керек заттары үшін бәрі осында келеді, - деген оймен балықшының әйелі «Темірші» деген елге келіп, таға сұрайды, бірақ олар тегін бергілері келмей, айырбастайтын құмған, тері әкел, - дейді.

• Тығырықтан шығу үшін балықшының әйелі «Теңге» еліндегі Тиынов деген ғалымға келеді. Ол ғалым арнаулы құралмен бақыр жасайтын. Оның үлкен бақыры – теңге деп, жүз кішкене бақыры - тиын деп аталды. Ол ғалым балықшының әйеліне мынадай кеңес берді. «Біздің еліміздегі қолөнершілер тауарларын теңге мен тиынға айырбастасын, сонда барлық жерде тауарға айырбастайтын ақша пайда болады». Сол күннен бастап, ақша елінің ақша айырбасы жүре бастады. Міне, осы кезден бастап балықшының әйелі сатушы болды. Жан - жақтан қолөнер шеберлері тауар әкеліп, тауар айырбастайтын орын, базар алаңы (нарық алаңы) деп аталды. Басқа елдерде өзгерістер өтіп жатты, енді ел арасында байланыс басталып, ол экономикалық қатынастар деп аталды.

Көптеген жылдар өтті. «Ақша елі» дамып, өсіп әдемі қалалары көп қабатты үйлері пайда болады. Бірінші қабатында дүкендер, шеберханалар орналасты. Бұл елде банкілермен биржалар пайда болды. «Ақша елі» сауданың орталығына айналды.

Ақша дегеніміз – қандай да бір затты сатып алу үшін қолданылатын, заттың құнын білдіретін металдан, қағаздан белгілер мен бірлік.

Ақша түрлері (презентация)



Аяқталуы

Үйге тапсырма: Теңге және көршілес республикалардың ақшалары туралы мәлімет жинау.

Бекітемін»_____________



Күні:21.10.16

Сыныбы: 6 «Ә», «А»

Сабақ № 3 Номинал және инфляция ҚР ұлттық валютасы

Сабақ мақсаты

Инфляция туралы түсінік беру.Ақшаның анықтамасын айту,ақшаның сипаттамаларымен танысу, оның қызметі мен ерекшеліктері туралы түсінік беру,ұлттық валюта туралы түсінігін кеңейту. 

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар







Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі 
а) Сәлемдесу,  ә) оқушыларды түгендеу, 
б) Топқа бөліну

1 топ -Теңге

2топ -рубль

3топ - йен

4 топ- сом







Ортасы

1993 жылы 15 қараша – Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта аламыз, себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі – теңгеміз айналымға енгізілді.

Дәптермен жұмыс. Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.



Топтық тапсырмаларын қорғау.

Қазақстан жеріне шекаралас жатқан бес мемлекеттің, бүгін біз соның төрт мемлекетіне саяхат жасайық. Олар Ресей, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан

1. топ. Қазақстан елінің ұлттық теңгесіне шолу

2 - топ. Ресей елінің ұлттық валютасына шолу

3. Қытай елінің ұлттық валютасына шолу.

4. Қырғыз елінің ұлттық валютасына шолу

Тапсырма

Сұрақ - бізден, жауап - сізден.

1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым. Нумизматика

2. Ақща жүйесін реттеп отыратын қай банк? Ұлттық банк

3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды? Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында

4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды? Германияда

5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім. 1993 жылы 15 қарашада

6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді? 500 сомға

7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім? 15. 11 - 20. 11. 1993ж

8. Ақша жүйесі бес түрлі қызмет атқарады? Атап айтыңыз? Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау, дүниежүзілік ақшалар

9. Юань қай елдің ақшасы? Қытай

10. Инфляция дегеніміз? Ақшаның құнсыздануы



Аяқталуы

Үйге тапсырма: "Ақша" тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру







Сабақтың тақырыбы


Сағат саны

Мерзімі

коррекция

6А,Ә

1

Экономика нені зерттейді.Еңбек, тауар, қызмет, алмасу. Бекіту сабағы.

1

7.10




2

Ақшаның пайда болу тарихы. Ақшаның қызметі мен ерекшеліктері.Ақшаның түрлері

1

14.10




3

Номинал және инфляция ҚР ұлттық валютасы

1

21.10




4

"Ақша" ойын сабағы

1

28.10




5

Еңбек өнімділігі.Мамандық.Біліктілік. Еңбек ақысы.

1

11.11




6

Банк түрлері және олардың пайда болу себептері

1

18.11




7

ҚР ұлттық банкі

1

25.11




8

Екінші дәрежелі банктер. Банк операциялары

1

2.12




9

«Банк басшысы» ойыны

1

9.12




10

Тауарлар мен қызметтердің мәні.Тауарлар мен қызметтердің рөлі

1

16.12




11

Өзара тиімді алмасудың қажеттілігі және еріктілігі

1

23.12




12

Сауда алмасудың формасы

1

13.01




13

"Алмасу" тақырыбына практикум сабағы

1

20.01




14

Тұтынушы және оның экономикалық мүдделері

1

27.01




15

Өндіруші және оның экономикалық мүдделері

1

3.02




16

Нарық және оның жұмыс істеу шарттары

1

10.02




17

Бәсекелестік

1

17.02




18

Сатушы нарығы және сатып алушы нарығы

1

24.02




19

"Нарық"ойын сабағы

1

3.03




20

Отбасы - нарықтағы тауарлар мен қызметтер тұтынушы ретінде.

1

10.03




21

Отбасы - тұрғын үй шаруашылық қызметтердің тұтынушысы

1

17.03




22

Отбасының ТҮШ қызметтерінің шығыны.Отбасылық бюджет

1

7.04




23

Үй шаруашылығының тиімді жүргізілуі

1

14.04




24

Тұтынушы. Тұтынушыдың құқықтары.

1

21.04




25

"Отбасы экономикасы"ойын-сабағы

1

28.04




26

Өзара тиімді алмасудың қажеттілігі және еріктілігі

1

5.05




27

Сауда алмасудың формасы

1

12.05




28

"Экономика туралы не білеміз" тест

1

19.05




29

"Жас экономист" ойын сабағы

1

15.05






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет