Сабақ №22 Мамандығы : «Фермер шаруашылы» Пән аты: «Электротехника» Тақырыбы



Дата26.03.2020
өлшемі341,5 Kb.
#60747
түріСабақ
Байланысты:
25 топ 21-22 сабақ тапсырма

Тобы: №25 Сабақ №22 Мамандығы: «Фермер шаруашылы»

Пән аты: «Электротехника»

Тақырыбы: «Қуат пен электр энергия энергиясын өлшеу».
Студенттердің білімін жан-жақты тексеру:

  1. Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын физикалық шама (Кернеу)

  2. Электрлік зарядталған бөлшектерге әсер ететін, шығу тегі электростатикалық басқа кез-келген күшті қалай атаймыз? (Бөгде)

  3. Тогы бар өткізгіштен бөлініп шығатын жылу мөлшері өткізгіштің кедергісіне, ток күшінің квадратына және оның өту уақытының көбейтіндісіне тең деп осы заңды қай ғалым тағайындаған? (Джоуль-Ленц)

  4. Кернеуді өлшеу үшін қандай прибор қолданамыз? (Вольтметр)

  5. Тізбектегі ток күшін реттеу үшін көптеген жағдайда арнаулы қандай прибор қолданамыз? (Реостат)

  6. Электр станцияларына электр тогын өндіру үшін нені қолданамыз? (Генератор)

  7. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бір секунд ішінде өтетін электр заряды тізбектегі нені анықтайды? (Ток күші)


Жаңа сабақ:

Электр тізбегінің берілген аймағындағы пайдаланатын тұрақты ток қуаты кернеу мен ток күшінің көбейтіндісімен анықталады:

Р=UI (9.16)

Қуатты анықтау үшін бұл келтірілген анықтама бойынша тізбекке амперметр мен вольтметрді жалғап, сол аспаптың көрсеткіштерін көбейтуіміз керек. Тұрақты ток пен айнымалы токтың қуатын электрдинамикалық жүйеге жататын ваттметрмен де өлшеуге болады. Ваттметрдің кедергісі аз, жылжымайтын орамасы тізбекке тізбектеп (амперметр сияқты) жалғанады, ал кедергісі үлкен жылжымалы орамасы жүкке параллель жалғанады (вольтметр сияқты). Айнымалы ток қуатын өлшегендегі электрдинамикалық ваттметрдің көрсеткіші кернеу, ток күші және қуат коэффицентінің көбейтіндісіне пропорционал болады:

Р=IUcosφ (9.17)

Айнымалы ток электр энергиясының шығынын өлшеу үшін индукциялық есептегіштер қолданылады. Есептегішті электр тізбегіне (9.11-сурет) сұлба бойынша жалғайды. Ваттметрді жалғағандағы сияқты, есептегіштің бір орамасы тізбекке тізбектеліп, ал екіншісі жүкке параллель қосылады.



Тізбек сымдармен қысқыштарға жалғанады, ал балқығыш сықтандырғыштар арқылы жүкке баратын сымдар және қысқыштарға жалғанады.

Есептегіш кестесінде оның қандай кернеуге, ток күшіне және жиілікке арналғаны, энергияны қай бірлікте өлшейтіні, дискінің қандай айналым санына 1кВт/сағ энергия шығыны сәйкес келетіні көрсетілген.

Белгілі бір уақыт аралығында кеткен энергияны есептеу үшін есептегіштің бастапқы және соңғы көрсетулерін білу қажет. Осы екі кернеудің айырымы пайдаланылған электр энергиясын анықтайды.

Егер, мысалы, есептегіштің бастапқы көрсетуі – 603кВт/сағ, ал соңғы көрсетуі – 790кВт/сағ болса, ондағы шығындалған энергия:

790-603=187кВт/сағ болады.


Сұрақ-жауап:



Бір кВт/сағ энергияның құны -6теңге, ал барлық жұмсалған энергияның құны – 187*6=1122теңге.


  1. Электр тізбегінің берілген аймағындағы пайдаланылатын тұрақты токты қалай анықтаймыз?

  2. Индукциялық есептегіштер қандай мақсатта қолданылады?

  3. Есептегіштер кестесінде қандай шамалар көрсетілген?

  4. Электрлік өткізгіштік ток?



Пән оқытушы: А.Тулепбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет